Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны.... - Сұхбат
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 23:32
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Имам Ғазали?? Уақыты: 12.Мамыр.2012, 03:27
Соңғы жазған: Salamat
3 Дін және Философия
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 26.Сәуір.2012, 06:03
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
16 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Келіңіздер танысалық Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:04
Соңғы жазған: Admin
12 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Дінислам сайты қайта жанданған секілді Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:01
Соңғы жазған: shamshat
9 ДІНИСЛАМДА болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 23.Ақпан.2012, 18:11
Соңғы жазған: kerbulak
4 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ..:: Ислам және Өркениет ::.. » Дін және Мемлекет (саясат) » Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны.... (Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны....)
Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны....
shamshatУақыты: Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 03:39 | Хабарлама # 1
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны....
ҚР Білім және Ғылым минстрі Жансейіт Түймебаевтың блогынан бір оқырман ислам дінін қабылдған оқушы қыз балаға хиджап киіп, сабаққа келуіне тосқауыл болмайтындай қандай құжат бар екенін сұрайды. Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев мектеп формасын негізге ала отырып, жауап берді.

Администрация химико-биологической школы-лицей №15 им. Д.И. Менделеева г.Шымкент Здравствуйте, уважаемые коллеги. Большая просьба а Вам помочь в решении данной проблемы. Ученица 8 класса поменяла веру с православной на мусульманскую и посещает школу в хиджабе (длинное платье, широкие дамбалы и платок) Существует ли нормативный документ позволяющий учащимся посещать школу в хиджабе. Если существует, то укажите какой. Прошу с ответом ускорить. С уважением администрация школы.

бұған жауп:
Уважаемый Ерболат! В соответствии со статьей 3 Закона «Об образовании» Республики Казахстан основным принципом государственной политики в области образования является светский, гуманистический и развивающий характер образования. В организациях образования запрещена деятельность религиозных организаций. В демократическом и светском государстве одежда хиджаб подчеркивает принадлежность определенной вере, что несовместимо с задачей общеобразовательной школы. В этой связи, в школах республики запрещено ношение одежды подчеркивающей принадлежность определеной вере, а рекомендована единая школьная форма, которая дисциплинирует, подчеркивает статус школьника. Введение делового стиля (школьной формы) для учащихся общеобразовательных школ республики предусмотрено Уставом и Правилами внутреннего распорядка организаций образования. Согласно статьи 43 Закона «Об образовании» Республики Казахстан вопрос введения школьной формы для обучающихся относится к компетенции образовательного учреждения.

яғни қазақшаға аударар болсақ:

“Білім туралы” заңға сәйкес білім мекемелерінде діни ұйымдардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. Демократиялық және зайырлы елде хиджап адамның діни ұстанымын айқындап тұрады. Бұл жалпы білім беретін мектептің алдына қойып отырған міндеттерімен сәйкес келмейді. Сол себептен еліміздегі мектептерде діни ұстанымын көрсететін киім киюге тиым салынып, бәріне бірдей мектеп формасын кию ұсынылған. http://neweurasia.net/kazakhstan/?p=568

Хатты жөндеген shamshat - Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 03:41
shamshatУақыты: Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 03:42 | Хабарлама # 2
Майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 61
[ ]
Ажыратылған
Өткен апталарда Әділет Министрінің блогына келіп түскен сауал [орыс.т] қыз балалардың шариғат шәлісін жамылуына қатысты болатын. Бір оқырман сауал қойып, қанағаттанарлық жауап алған. Діни ұстанымы үшін әлдебір адамның кемсітушілікке ұшырауы заңға қайшы екендігін айтқан еді.
HayrullaУақыты: Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 10:19 | Хабарлама # 3
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Иә, екі министр екі түрлі жауап берді.
Болып жатқан оқиғалар да солай. Мұғалімдер орамалға қарсы болса, прокуратура органдары хиджаб киюшілердің құқығын қорғап әлек...

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
janbolatУақыты: Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 11:05 | Хабарлама # 4
нөл
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
конституцияның ең бірінші бетінде жазылып тұрған жоқ па демократиялық елміз деп,
ұмытқан адамдарға естеріне салып жіберу керек сияқты:
http://www.constcouncil.kz/kaz/norpb/constrk/

KZ
HayrullaУақыты: Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 11:18 | Хабарлама # 5
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Біздегі білім беру саласының іргетасы Кеңес үкіметі тұсында қаланған еді. Болашақ "коммунизм құрлысшыларын" Жауынгерлік атеизм рухында тәрбиелеп келді. Ауру қалса да әдет қалмайды деген осы да... Қатып-семіп қалған тағути жүйе конституциямызға да бой берер емес.
Кейбір мектеп директорларының әлі күнге дейін "антирелигиозный" бағытта оқытып келе жатқанын көріп жүрміз.

Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
adminchikУақыты: Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 11:23 | Хабарлама # 6
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 44
[ ]
Ажыратылған
Кейбіріміздің заң туралы сауатсыздығымызды осы атазаң мен мектеп жарғысына деген көзқарас арқылы білуге болады. Мектеп жарғысы қанша еркін немесе қатал болсын, бірақ еліміздің атазаңына қайшы келіп, азаматтардың құқын шектемеуі тиіс.

Егер бұл мәселе шешілмесе, онда Конституциялық кеңестің қазылығына жүгінуге тура келеді. Олар әдетте атазаңға қайшы деп табылған кез-келген заңның күшін жоя алады.

Хатты жөндеген adminchik - Бейсенбі, 08.Қазан.2009, 11:23
Dinislam_KzУақыты: Дүйсенбі, 19.Қазан.2009, 22:35 | Хабарлама # 7
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Бүгін бізде "Айғақ" телеарнасынан осы мәселені көтергендіктерін көрсетті. Телеарна тілшілері мектептерді аралапты. Директорлардан сұхбат алған екен. Барлығы жаппай Білім министрінің сөзін алға тартуда; (яғни, мектеп формасын кию керек деген). Ата заңымыздағы діни бостандығымыз қайда қалды екен. Мектептің формасын шынымен жөндегілер келсе, неге қысқа юбкалар мен қыздар киген шалбарларды жөндемейді екен. Орамал тағып хижаб киген қыздар ер жігіттерге әсер етеді дейді. хижабты қайдам ана шалбар мен қысқа юбка анық кері әсер етеді....



1314520Уақыты: Сәрсенбі, 21.Қазан.2009, 11:15 | Хабарлама # 8
Сержант
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 38
[ ]
Ажыратылған
Жуықтан бері бұл мәселе жиі көтеріліп жүр ғой. Хиджап жайлы бірдеңе ести қалса болды, айналамдағылар шулай жөнеледі: хиджапқа тиым салыпты, естідің бе? Енді не істейсің? деп. Шынымен де көп жандардың ислам туралы түсінігі аз, білмейді де, білгісі келмейді де. Енді өздері дін ұстамағасын басқа дінде жүрген жандарда несі бар? Бұл адам құқығын шектеу ғой?! %) Аллах өзі жар болсын!

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегенім.
Белден ассаң, алдыңнан бел көрінсе,
Қызыққан соң келмей ме жүре бергің.
Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 21.Қазан.2009, 11:34 | Хабарлама # 9
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Хижаб, ұзын юбка бойжеткеннің бір белгісі іспеттес қой. Нағашы ағам бар, діннен біршама хабары бар, бір күні қарындасы шалбар киіп келген екен, сондағы айтқан сөзі: "сен шалбар ки, мен юбка киіп алайын". Әр адам өзіне лайықты киімін кию керек қой дегенді айтты.

Жарайды шалбарды қойдық дедік, дегенмен бір мысал келтірсем деймін. Болған бір оқиғадан...
Шымкентте Республика даңғылында кештен азанға дейін түңгі көбелектер үймелейтін бір жер бар. Сонда кешке, енді ғана қараңғы болған уақыт болса керек, бір жігіт қарындасымен сол даңғылмен жүріп бара жатқанда, бірнеше әйел келіп: інім квартира керек пе деп сұрайды. жігіт: керек емес дейді. әйелдер де қоймай бірнеше рет сұрайды. сондағасы жаныңдағымен демалып аларсың дегенге келтіріп сұраса керек. жігіт ашуланып әйелдерді бас салып ұрады. ақыр соңы оқиға орнына полиция келіп, мән жайды анықтай келе, жігіттің қарындасын жаман қыздарға теңегенінен ашуланғандығын біледі. сондағы әлгі әйелдердің жауабы: қарындасыңды теріс жолдағы қыздарға ұқсаттым деген екен.
кім кінәлі???? жігіт пе? ана кв керек пе деген әйелдер ме? әлде үстіндегі киімі суық жүрістегі қыздардың киімінен айырмашылығы болмаған жігіттің қарындасы ма?

қазіргі қыздардың киімі өзгерді ғой, албар кисе қуанатын болып қалдық :( себебі кіндік көрсетіп шығу модаға айналып, әдет болған сыңайлы. ол қала берді бір шалбарлар киеді, кешіріңіздер еңкейсе ұятты жерлері көрініп жатады......

әрине өздеріңіз ойланып жауап бере жатарсыздар... менің білетінімі хижаб көп нәрсеге қалқан болады. соның бірі сырт көзге қалқан, күнәдан сақтаушы....




Dinislam_KzУақыты: Сәрсенбі, 21.Қазан.2009, 11:42 | Хабарлама # 10
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Quote (1314520)
Шынымен де көп жандардың ислам туралы түсінігі аз, білмейді де, білгісі келмейді де. Енді өздері дін ұстамағасын басқа дінде жүрген жандарда несі бар?

Соқыр сенім деген шынында да соқыр сенім ғой... білме, білгеннің тілін алма деген осы болса керек...
білмесең білетіндерден сұрасайшы.... Құранды бәрі қасиетті дейді. қатесі жоқ дейді, кей жандар басқа діннен үстембіз дейді. бірақ сол Құранда былай жазылған, хижаб ки деген деп айтсаң дереу кәманданып шыға келеді. ол кезде, мұсылман емес, біз қазақпыз деп шыға келетін ай.... дәстүріміз бар, қыз деген........... деп шыға келеді.... менің білетінім ата бабамыз қыздарының шаштарын бөтен жұртқа көрсетпеген. ауыл, ел, өз жұрты, руы болып өмір сүрген қазақ қой. яғни бүкіл ауыл бір атаның баласы деген сөз. ал ауылда қыздар жалаңбас жүре берген, тек бөтен ауылдың жігіттері келсе бастарын жауып, әрине әр жасқа лайықты орамалдарымен, шаштарын жасырып шығатын болған. бұған қазқатың қаншама романдары дәлел бола алады.




SalamatУақыты: Сәрсенбі, 21.Қазан.2009, 12:11 | Хабарлама # 11
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
Бірншіден хиджап кию Алла Тағаланың әміріне мойын сұну, екіншіден ол әйел адамның абыройы, үшіншіден хиджапты қалай кию керектігі пайғамбарымыз с.ғ.с. сүннетімен бекіген. төртіншіден хиджап көз арсыздығын қайтарушы. Бесіншіден хиджап еркек адамның өз әйелін шектен тыс қызғануға бөгет болатын тосқауыл. алтыншыдан хиджап Алла тағаланың разылығына себепші.
Сұхбат » ..:: Ислам және Өркениет ::.. » Дін және Мемлекет (саясат) » Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны.... (Білім Министрінің хижаб туралы айтқаны....)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно