Тагут - Сұхбат
Жексенбі, 20.Мамыр.2012, 22:33
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Имам Ғазали?? Уақыты: 12.Мамыр.2012, 03:27
Соңғы жазған: Salamat
3 Дін және Философия
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 26.Сәуір.2012, 06:03
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
16 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Келіңіздер танысалық Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:04
Соңғы жазған: Admin
12 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Дінислам сайты қайта жанданған секілді Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:01
Соңғы жазған: shamshat
9 ДІНИСЛАМДА болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 23.Ақпан.2012, 18:11
Соңғы жазған: kerbulak
4 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ..:: Ислам және Өркениет ::.. » Дін және Мемлекет (саясат) » Тагут
Тагут
rbchУақыты: Жексенбі, 14.Қыркүйек.2008, 18:41 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
ТАҒУТТАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Ұлы Аллаһ Та'ала Құран Кәрімнің "Нахл" сүресінде бүкіл пайғамбарлардың елшілік міндеттерін екі негізге тірейді. Адамзат баласын тағуттан және тағутқа құлшылықтан тыйып Аллаһ Та'алаға құлшылық етуге шақырады. Дінімізді біліп өзімізді мұсылман деп санағаннан бері тағуттың не екенін және одан сақтану жолдарын іздестіріп көрдіңіз бе?

Тағут — адамдарды Аллаһтан және Оған деген құлшылықтан ұзақтату, өзіне құлшылық етуге шақырған кез-келген нәрсе. Заман және мекенге байланысты құбылмалы келеді. Адамзат алдына кейде бір пұт, кейде бір перғауын, кейде бір әулие, кейде бір тариқат, кейде бір партия, кейде бір идеология болып шығады.

Біздің қоғамда бұндай нәрсе кездесе ме? Әрине жан жағымызға ой жүгіртпей, Аллаһ Та'аладан жәрдем тілемей қарайтын болсақ, біздің қоғам тағуттан пәк болып көрінер. Қалаған адам мешітке барып намазын оқи алады. Қалаған адам ораза ұстай алады. Жастарымыз Құдайга шүкір дінге бет бұрып, жұма күндері мешіт түгілі ауласына сыймай қалған күндерді өткердік деріміз анық.

Әрине бұны өтірікке шығара алмаймыз. Бірақ тереңірек ойланып көрелік. Тағут адамдардың Аллаһқа деген құлшылығында екі тәсілмен кедергі болады екен. Біріншісі, күш қолдану, зорлық-зомбылық арқылы Аллаһ Та'аладан ұзақтату. Адамдарға күш қолдану арқылы "Аллаһ Та'алаға құлшылық етпейсің!" дейді. Бұны тарих беттерінен көре аламыз. Мәселен, Асхабы-Ухдуд, иманнан қайтпаған мүминдерді отты шұңқырларға тастаған. Бұл тағуттың бірінші жолы.

Екінші тәсілде бірінші тәсілдегідей күш қолданбайды, бірақ нәтижесі біріншісінен өте қауіпті болады. Бұл тәсілде күш қолданып "Аллаһ Та'алаға құлшылық етпейсің"демейді. Адамдарға намаз, ораза, хаж сияқты ғибадаттарда кедергі болмайды. Адамдардан бірақ нәрсені күтеді. Ол — Аллаһ Та'алаға да, әрі өзіне де құлшылық еткізу!

Тағуттардың ақылшысы болған шайтан Аллаһ Та'аламен бірге басқа бір нәрсеге құлшылық ету — тек Аллаһ Та'алаға ғана құлшылық еместігін біледі. Ислам дінінде таухид ең үлкен негіз болып келеді. Әлемдердің Раббысы Аллаһ Та'ала Өзімен бірге басқа біреуге құлшылық еткенге ешқашан разы болмайды, бұндай құлшылықты қабыл етпейді.

Бізге шари'ат неліктен "Ләә иләәһә иллаллаһ" деп айтуды міндеттейді. Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейһи уә сәллам 13 жыл бойы неге намазға, оразаға емес, тек бір сөз "Ләә иләәһа иллаллаһты" айтуға шақырғандығын ойлап көрдіңіз бе?

Сіз балаңызга: "Ұлым, мен сенің әкеңмін, менен басқа сенің әкең жоқ!" деп осы күнге дейін айтып көрдіңіз бе? Жоқ, әрине. Бұл сөзді сіз тек қана балаңызға басқа біреулер& "Мен сенің әкеңмін" деген жағдайда ғана айтасыз, солай емес пе?

Әрдайым кәлима таухидті жүректе ұстаудың хикметі, сыры сонда! Аллаһ Та'аладан басқа иләһ жоқ, бірақ бұ дүниеде біздерге иләһ екендігін көрсеткен көптеген нәрсе бар. Аллаһ Та'ала біздердің "Ләә иләәһа" деуіміз арқылы соларға төтеп беруімізді қалайды.

Бірде Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейһи уә сәллам «Тәубе» сүресінің 31-ші аятын оқиды: "Олар ғалымдары мен дін адамдарын және Мариям ұлы Исаны Аллаһтан өзге тәңір қылып алды". Әлі христиан, мұсылмандықты қабыл етуге келген Ади бин Хатим бұны естігенде былай дейді: "Иә, Аллаһтың Елшісі, христиандар оларға табынбайды ғой". Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейһи уә сәллам былай жауап береді: "Иә, табынбайды. Бірақ олар адал нәрсені арам, арам нәрсені адал қылады. Олар да мұны қабыл етіп, мойынсұнады. Міне олардың дін адамдарына құлшылығы осы". (Термизи. Сунан 5/278).

Қүнделікті өмірімізде әр басқан қадамымызды қадағалауды, Аллаһ Та'аладан басқа нәрселерге табынбай, шынайы иманмен "Ләә иләәһа иллаллаһ" дей білуімізді Аллаһ Та'ала нәсіп етсін. Ақыретте жүзіміз жарық болсын. Әмин.

"МҰСЫЛМАН" журналы, №7-8 (шілде-тамыз) 2006ж.

Авторы: Бақытжан ОСПАНОВ, дінтанушы
2006-09-04


تعلم العلم من المهد الى اللحد
Сұхбат » ..:: Ислам және Өркениет ::.. » Дін және Мемлекет (саясат) » Тагут
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно