|
нөл
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
| Қазақша материалмен алмасайық... Добавлено (26-Тамыз-2008, 14.57) --------------------------------------------- ӘБУ ХАНИФА МӘЗҺАБЫ – БІЗДІҢ ЖОЛ Өйткені, дінге бетімізді бұрған кезде алдымызда мұсылманшылықты неше түрлі жолмен түсіндіретін ағымдардың шыққаны рас. Әсіресе, шеттен келген түрлі миссионерлер қазақ қоғамына өз көзқарастарын тықпалап, әрі-сәрі етіп жүр. Тіпті мешіттердің арасында да бір дін әр бағытта түсіндіріліп, алауыздық тудырған күндер болған. Сонымен қатар өзге мұсылман елдеріндегі қантөгістер, саяси, діни тартыстар салдары исламға деген ел көзқарасына салқындық, секемшілдік те тудырды. Осындай кезде қазақ қауымында біз қандай мұсылманбыз? Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың мұсылман болғаны рас болса, ол қандай дәрежедегі мұсылмандық? Біз Аллаһтың құлы, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмметі болғанымен алдымыздағы сан түрлі жолдың қайсысына түсеміз?– деген сауалдар шықты. Осы сауалға ұстазымыз Әбсаттар қажының мақаласы толық жауап берді ғой деп ойлаймыз. Ғылым дамығанда ислам діні де дамиды. Бүгінгі ақпараттық заманда діни-ағартушылық жұмыстың мәні зор. Ата Заңымызда көрсетілгендей, зайырлы мемлекет болсақ та, қоғамдағы діннің орнына, діни тұжырымдар мен ұстанымдарға мемлекеттік тұрғыдан баға беріп отыру қажет-ақ. Өйткені дін де саясаттың бір бөлшегі. Діні әлсіз, діні тұрақсыз мемлекеттің ішінде жегі құрттай өз жаулары өсіп жетілуге дайын тұрады. Сондықтан қазақ дәстүрлі дінінің тынысын жалпы қауымға түсіндіру күн тәртібінде тұрған маңызды іс. Қайсыбір мұсылмандық мектептің өкілдері қазақы дәстүрлерімізге қарап, мұсылмандығымызға шек келтіріп, сіздердікі бұрыс, біздікі дұрыс деп жүр. Ал біз біздікі абзал, сіздікі дұрыс демекпіз. Мәселен, хадистерде: “Мазарларға, әулие-әнбилерге атап құрбандық шалу исламда жоқ”,- деп көрсетілсе де, біз, қазақтар, байырғы салт-дәстүрімізбен әулиелерді, аруақтарды құрметтейміз. Көне түркі заманынан келе жатқан қазақ отбасының киесі от пен әруақ. “Әруақ риза болмай, тірі байымайды”,- дейді қазақ. Әбсаттар қажының сөзімен айтсақ, “Әулиелерді, ел қорғаған батырларды, абыздарды біз сыйлаймыз, қастерлейміз. Олар да тірілердің дұғасына мұқтаж”. Басына күн туғанда ата-бабаның әруағына, әулиеге сыйынып, жалынып, жалбарыну, содан таяныш іздеу – ежелгі наным. Бір Аллаһқа барар жолдағы әрекет, түркі халқының ең көне жыры “Алпамыс батыр” жырында әулиеден әулие қоймай қыдырып, басына түнеп, Құдайдан бала сұрайтын Байбөрі мен Аналықты бәріміз білеміз. Міне, қазақ үшін әулиенің орны бөлек. Бірақ та соңғы кезде көрінген моланы әулие деп танып, елді дүрліктіріп, жаппай мола басына түнеуді әдет етіп, елден қаржы жинап, өз бас пайдасын жасап жүрген топтар да бар. Бұл жақсы емес. Кез келген нәрсе мөлшерден асқанда зиянға айналатынын жадымызда ұстайық. Ал, Бекет ата сияқты әулиелердің әр уақытта қазақ үшін қадірі зор. От та біз үшін қасиетті. Келін түссе отқа май құямыз. Бесікті отпен аластаймыз. Жұма күні әруақтарға Құран оқып, жеті шелпек пісіреміз. Шелпек пісіріп үлгере алмай қалсақ, отқа май құйып иіс шығарамыз. “Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке”,- деп айға сәлем береміз. Қайтыс болған адамның рухы үшін жетісін, қырқын, жылын береміз, дауыс салып жоқтау айтамыз. Мұның бәрі де ислам қағидаларына сәйкесе бермейтін жәйттер болса да, көне түркілік дәуірлерден, тайпалық кезеңнен келе жатқан, қанымызға сіңген ұлттық таным-түсінігіміз. Нақтырақ айтсақ – мұсылмандығымыз. Әбу Ханифа мазһабы – біздің өмір салтымызбен біте қайнасып, үндесіп жатыр. Бұл діни мектептің тамыры тереңде, ұлттық мәдениетімізбен сабақтас. Осы мазһаб – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі. Қазақ жастары үшін бұл мазһаб бағдаршам сияқты болуы керек. Дегенмен, әзір біздің қоғамда түсініксіз діни ағымдарға кіріп, кәсібін, оқуын тастап, дүииеден баз кешіп, елден бөлініп бір әлем болып жүрген жастар да бар. Мәселен, бірде дін жолына түсіп, бет-аузын бүркеп жүрген қаракөз студент қыз сабаққа мүлде келмей қойды. Белгілі ғалым. профессор С.Шарабасов ағамыз студентке іздеу салып, елші жіберіп, ақымақ болмасын, оқуын жалғастырып, емтихан тапсырсын деп сәлем айтыпты. Сонда діндар қызымыз: “С.Шарабасовқа сәлем айтыңдар. О дүниеде менен ешкім емтихан тапсырдың ба деп сұрамайды”,- деген екен. Мұны естіген ағамыз еш шарасыз қалыпты. Білім алу үшін әрекеттену түркілер үшін қашанда құрметті іс болған. Ислам діні де білімді әрдайым жоғары қояды. Хадистерде ілім үйрену әрбір мұсылман үшін парыз екендігі айтылады. Ислам тек дін ғана емес, терең ғылым. Сондықтан да мұсылмандардың жетекшісі, ғалымдардың басшысы, білім мен тақуалықта теңдесі жоқ данышпан, айбынды имам Ағзам Әбу Ханифа бізге ұлық ұстаз. Оның өнегелі өмірі бәрімізге үлгі. Ұлы Абай да білімді жоғары қойып. “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық”,- деген еді. Кез келген адамнан: “Саған демократия керек пе, әлде қауіпсіздік керек пе?” - деп сүрасаң: “Әрине, қауіпсіздік”,- деп жауап береді. Қауіпсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік біздің еліміздің үлкен жетістігі. Дей тұрғанмен, мемлекет ішінде де, сыртында да шап ете түсер қауіп-қатерлер баршылық. Соның бірі исламды ту еткен “Хизб-ут-тахрир”, “Уаһһаби” және тағы басқа зиянды ағымдар бар. Бір ұлттың бірнеше дін, әртүрлі ағым ұстанып, әр басқа мазһабқа бағынуы ұлттың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, мемлекеттің іргесінің сөгілуіне әкеп соғады. Қазақстан көп ұлтты, бірнеше дін етек жайған көп конфессиялы ел. Сондықтан бізге ұлттар арасындағы, діндер арасындағы достық, түсіністік қатынас қымбат. Елбасы Н.Назарбаевтың кемел саясатының арқасында бұған бүгінде қол жеткіздік. Осыны одан әрі ұстап тұру, дамыту, өркендету – кейінгі жас ұрпақтың міндеті. Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінде былай айтылған: “Кім де кім өзімен өзі болып, бейбіт өмір сүріп жатқан ғайыр дінді (исламнан басқа діндегі) біреуді өлтірсе, ол жәннаттың исін де иіскей алмайды. Ал жәннаттың иісі қырық жылдық қашықтықтан да сезіліп тұрады”. Дін мен біз ұстанған мазһабтың үйлесім тапқан бірлігі анық көрінеді. Яғни Әбу Ханифа мазһабы басқа мазһабтарды құрметтейді, оларды дұрыс деп танып, егеске емес, бірлікке, түсіністікке шақырады. Басқа дін ұстағандарға құрметпен қарайды. Әбу Ханифа мазһабы біздің қоғамымыздың зәкірі. Зәкіріміз берік болса дауылды теңіз үстінде кемеміз шайқалмақ емес. Адамның үш асыл қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек кеудесіне иман ұялаған адамда ғана болады. Аллаһ тағала адамзатты махаббатпен жаратып, ұнату мен таңдау, тану мен зерделеу сияқты зор мүмкіндіктер берген. Ата-бабамыз таңдаған әділетті хақ жолынан айнымайық. Дін түзелсе, мін түзелер. Сабыр МҰРАТ, “Ислам және өркениет”. Добавлено (26-Тамыз-2008, 14.59) --------------------------------------------- МАЗҺАБ ҰСТАУ – МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ БІРЛІГІН НЫҒАЙТАДЫ Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университеті 2001 жылы маусым айында Қазақстан мен Египет мемлекеттерінің арасындағы келісімге сай ашылды. Исламтану және араб тілі факультеттері бар. Елімізде бізден басқа осындай мамандандырылған оқу орны жоқ. Жергілікті мамандармен қатар, Египеттен келген білікті ұстаздар да жастарымызға сабақ береді. Кім-кімге де белгілі елімізде исламтану ғылымын жетік меңгерген, ғылыми дәрежесі бар ғалымдар шоғыры әлі қалыптаса қойған жоқ. Болашақта осы олқылықтың орнын Нұр-Мүбарак университетін бітірген жастарымыз толтырады деген сенімдеміз. Екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Хүсни Мүбарактың ресми кездесуінде заман талабына сай жаңа оқу-әкімшілік ғимараты мен жатақханасын салуға уағдаласты. Ата-бабамыз неше ғасырдан бері имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанып келеді. Мазһабқа құрмет барлық мемлекеттерде бар. Исламның діңгегі саналатын Сауд Арабиясының өзінде мазһабы бар, олар ханбалиді ұстанады. Бүкіл ислам әлемі пір тұтқан үлкен имамдардың өзі мойындаған. Имам Әбу Ханифа Нұғманның жеке басына келетін болсақ, ол кісі сахабалардың көзін көрген табиғиндерге жатады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үзеңгілестері болған серіктерінен тікелей деректер алған. Ханафи мазһабының ерекшелігі сол – шариғатқа қайшы келмейтін халқымыздың дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының барлығына кеңдікпен қарайды. Сонымен қатар, әлемге ең көп таралған. Күллі мұсылмандардың үштен бірі осы мазһабты ұстанады. Орта Азия, Қазақстан, Түркия, Ресей, Мысыр, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Иордания, Ливия, Судан т.б. мемлекеттердегі мұсылман бауырларымыз Әбу-Ханифа мазһабындағылар. Енді осы жолды терістейтін біздің бауырларымыз бір-екі хадис пен аятты жаттап алып, шариғатқа терең бойламай, пәтуә айтып жатады. Бұл әбестік. Пәтуә айту тек Исламды ден қойып зерттеген ғұламаларымызға ғана тән. Мазһабты мойындамаушылық неге алып келеді? Әрине тәртіпсіздік пен пітнаға. Ал, ислам дегеніміз ең алдымен – тәртіп, мойынсұну. Біздің намаз оқуымыздан бастап, барлық ғибадаттарымыз осы белгілі жүйе, тәртіп аясында жүзеге асады. Өзіңіз қараңызшы, жамағатпен намаз оқып тұрғанда имамға бағынбай басқаша амалдар жасап тұру, жергілікті жерде қабылданған мазһабқа құрметсіздік, көпшілікті сыйламау, бірлікті бұзу емес пе? Шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрге шектеу жоқ Шариғатта айтылғандардың барлығын орындау керек. Мысалы, қазақ халқы қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, немесе асын беріп жатады. Дініміз бұған шектеу қоймайды. Әбу Ханифа мазһабы шариғатқа қайшы келмейтін кез келген дәстүрлерімізді ұстануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл осымен де құнды. Қазақ халқының көптеген дәстүрлері исламға дейін де болған, исламнан кейін де осы хақ діннің аясында жоғалмай сақталып келеді. Мынаны айтып кетпесем болмас. Қазіргі уақытта мұсылман жастарының екі кемшілігі бар. Біріншісі, дінді әсірелеп жіберу – “мынау болмайды”, “мынау харам” деп шариғатта жоқ нәрселерді айтып, исламды қиындата түсушілер. Екіншісі, тым еркін кету. Мысалы, “зікіршілер”: “Зікір етсең болды, намаз оқудың қажеті жоқ”,- дейді. Міне, бұл шариғатты өрескел бұзушылық. Тақуалықта болсын, дінде болсын ауытқымай қақ ортасын ұстансақ, адаспаймыз. Асыл дінімізді қара түнек етіп көрсететіндер баршылық. Бұл әсте дұрыс емес. Қуануға, күліп ойнауға исламның еш қарсылығы жоқ. Керісінше, бұл дүниеде адамдармен сыйластықта, жақсы қарым-қатынаста болуды насихаттайды. Ал, би мен ән жағына келетін болсақ, шариғатта ән айтпа, би билеме деген жоқ. Тек ер кісілер мен әйелдердің қосылып билеуіне қарсылық бар. Қазақтар өзіне салмаған үйді ата-бабасының басына салады Жалпы ислам діні аруақты сыйлап, оған Құран бағыштап, еске алуға тыйым салмайды. Ал, кейбір бауырларымыз Аллаһтан емес, ата-бабасының аруақ-тарына табынып, солардан көмек сұрап жатады. Міне, бұл бір Аллаһқа серік қосу (шірік) болып табылады. Ата-бабамыздың басына белгі қойсақ, еш айыбы жоқ. Бұл қаза болғандарды бір-бірінен ажырату үшін де керек. Алайда, олардың жатқан жеріне алыстан мен мұндалап көрініп тұратын зәулім күмбездер тұрғызу дұрыс емес. Қазақтардың көне ескі тарихын зерделеп, қарап отырсам, сәулеткерлік ескерткіштердің көбісі молалар. Маңғыстауда болған бір француз ғалымы: “Қазақтар өзіне салмаған үйді ата-бабасының басына салады”,- деген екен. Сол қазақтар бүгін де көп өзгере қойған жоқ. Бір-бірінен асып түссем дейді. Соның арқасында отбасының материалдық жағдайы қиындайды. Осылай шектен шығып, ысырапгершілік жасауға шариғат мүлдем қарсы. Негізі асыл дініміз Ислам қандайда болсын ысырапгершілікті құптамайды. Мысалы, өлімді тойға айналдырып жібереді. Қайғы жамылып отырған отбасы енді материалдық жағынан да қиын жағдайға душар болады. Шектен шығып, өлімге жұмсалатын шығындарды шамадан тыс көбейтеді. Мысалы, жетісін, қырқын өткізу деген сияқты. Адамды о дүниелік болғанда емес, тірісінде құрметтеуіміз керек қой. Ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, ата-баба жолынан ажырамағанымыз дұрыс. Алайда, надандыққа, дарақы-лыққа салынуға әсте болмайды. Отанды сүю – иманнан Ислам дамыған араб мемлекеттерінің өзінде Отан күні, Тәуелсіздік күні деген ұлық мерекелері бар. Олар да сан ғасырлар бойы батыс елдерінің қол астында болғандықтан, азаттықтың қадірін өте жақсы біледі. Қатты бағалайды. Алматыда орналасқан ислам мемле-кеттерінің елшіліктері тәуелсіздік күнін аса жоғары деңгейде атап өтетініне куә болып жүрміз. “Отанды сүю – иманнан” деген хадистің тәлімі мол. Наурызға келетін болсақ, мұсылмандар арасында жыл маусымының ауысуына байланысты жоралғылар, мерекелер әлі де аталып өтіледі. Мысалы, ежелден егіншілікпен шұғылданған мысырлықтардың “шамсун-насим” атты көктем мерекесі бар. Өзіміздің наурызымызға қатты ұқсас. Адамдардың басын қосатын, бір-біріне қуаныш сыйлайтын шараларды шариғат құптамаса еш теріс көрмейді. Ислам жолын қатты ұстанған Иран атамзаманнан үзілмей келе жатқан Наурызды әлі халықтық мейрам ретінде ерекше салтанатпен атап өтеді. Сондықтан да Тәуелсіздік күніне, Наурыз мерекесіне немқұрайлы қарау деген дұрыс емес. Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ Добавлено (26-Тамыз-2008, 15.00) --------------------------------------------- df Добавлено (26-Тамыз-2008, 15.01) --------------------------------------------- ХАНАФИ – МАЗҺАБТАРДЫҢ ҰЛЫҒЫ Ханафи мазһабын берік ұстанған адамдар, оның ішінде біздің ата-бабаларымыз да “Ислам қылышы” атанып, ең мықты мұ¬сылмандар болғаны тарихтан бел¬гілі. Ислам дінінің кеңінен қанат жайып, ғылымда, өнерде және мәдениетте әлемдік өркениеттің жоғары са¬тысына жетуіне баға жет¬пес үлес қосқандар осы мазһабтың өкілдері десек, қателеспейміз. Осы жолда болған қазақ сахарасында ХІІ ғасыр бойы мұсыл¬ман¬дар арасында діни қай¬шылықтар болған емес. Өмір мен тіршілік үне¬мі өзгеріп, өркендеп, да¬мып келеді. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге болған көп¬теген сахабалар мен төрт ұлық халифасының дінге деген кейбір ерекше көзқарастарының әсерімен дінімізде түрлі-түрлі мазһабтар (діни мектеп, жол) пайда болды. Осы мәселелер соңғы жылдары жастар арасында түсінбеушілік туғызып, жамағат арасында көкейкесті мәселеге айналып кетті. Оның үстіне Ислам¬ды жою мақсатында іштей іріткі тудыратын әртүрлі ағымдар дү¬ниеге келді. Ислам құндылықта¬рын білмейтін ондайлардың бас¬шылары барынша атаққұмар, қыңыр, діни сауаты барынша төмен. Солардың кейбірі қазақ даласында бұрын болмаған діни дәстүрлерді өздері оқыған, я болған жерлерінен алып келіп, Имам Ағзам мазһабына күмән келтіріп, тіпті теріске шығарып: “мазһаб жоқ, кімде-кім оның жолымен жүрсе сүннет жолынан адасады” деп тіл тигізіп те жатыр. Осындай ағымдардың әсерімен адасып, діннен терең білім алмаған кейбір ағайындарымыз да ата-бабамыз ұстанған жолға күдік келтіріп, “Имам Ағзам деген кім өзі?” деп тас лақтыруда. Тіпті, мазһабпен жүру, бір мазһабқа шақыру – бөлінушілік деп соғатындар бар. Осындай жағдайда Бас мүф¬тиі¬міздің жоғарыда аталған мақа¬ласы бауырларымыз¬дың көп нәрсеге көзін ашып, түсінік берді ғой деп ойлаймын. Жер жүзінде Пай¬ғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен оның сахабаларының айтқандарына негізделген Әһли суннат уәл жамағат деген жолды ұстан¬ған төрт мазһабтың бары бар¬шаға мәлім. Оның ішінде Ханифа мазһабының негізін қалаған имам Ағзам (р.а.), Малики мазһабының негізін қалаған имам Малик ибн Аннас (р.а.), Шафиғи мазһабының негізін қалаған имам Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафиғи (р.а.), Хан¬бали мазһабының негізін қалаған имам Ахмад ибн Ханбал (р.а.). Сон¬дықтан мазһабты жоққа шығарушыларды дінді терең білмейтін¬дер немесе оның жолдарын қаса¬қана бұзушылар деп түсінген дұ¬рыс. Ал төрт мазһаб ғасырлар бойы исламды қорғап, оны бүгінгі күнге дейін аман әрі толық жеткізді. Отанды сүю отбасынан, әркімнің өз санасы мен рухани танымынан басталады. Ата-бабаларымыз ғасыр¬лар бойы ұстанып, ол туралы жазыл¬ған мыңдаған әдебиеттерден оқып-үйреніп келе жатқан имам Ағзам мазһабын кирилицамен жазыл¬ған кітапшалардан оқып алған әлдекімнің дүмбілез ілімсымағына алданып, ежелгі дәстүрді бұзбаңыздар, адастырар жолға түспеңіздер дегенді жамағатқа жиі айтамын. Осындай жолда жүргендердің тағы бір айтатыны сүннетті міндетті түрде үйде оқу. Рас, Пайғамба¬рымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): “Сүннет – парыз намаздан кейінгі оқылатын, үйде оқылатын намаз” деген сөзі бар. Бірақ үйіңіз мешіттен алыс болса, онда парыздан кейін тасбиһ тартып, бір қадам алға немесе артқа жылжып, сүннет намазды оқи беруге болады. Пайғамбарымыздың өзі Меккеде солай еткенін Абдулла ибн Омар хазреті Әбу Дауыт айт¬қан. Біздің ғұламаларымыз осыны негізге алып, мешітте сүннет немесе нәпіл намаздарын да оқуға бо¬лады деп шешкен. Сонымен бір¬ге, дін жолын бұзып жүргендердің арасында сүннет намазын оқымай¬тындары да бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): “Менің сүнне¬тім¬ді істемеген менің үмметім емес”,- дегенін ондайлар білмейтін болса керек. Қиямет күні ең бірінші сұрақ намаздан болатынын, парыз намаздары түгел болмағанда сүннет намаздары есепке алынатынын, ал ол толық болмаса нәпіл намаздары қосылатынын білмей тұрып, жұртқа дәріс айтуға қалай батылы баратындарына таңқаласың. Қазіргі кезде бізде намазда рукуғқа барғанда және одан қайт¬қан кезде қолды көтеруге байла¬ныс¬ты көптеген дау-дамай туып жүр. Қолды көтеру жөнінде хадис¬тер барын біз білеміз. Бірақ олай істемеу жөнінде Әбу Дауыттан, Ахмадтан, Әли қаридан сахих ха¬дистер барын да білеміз. Бұл кісі¬лер қол көтеру жөніндегі хадистерді мансұқ деп біледі. Өйткені, Пайғам¬барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ислам діні дамуының алғашқы кезеңінде қол көтерген, кейін қол көтермеген екен. Бұл туралы тіпті имам Ағзам мен имам әл-Аузоидің арасында пікірталас та болған. Әл-Аузои хазреті имам Ағзамға рукуғқа барғанда және қайтқан кезде қолдарыңызды неге көтермейсіздер дегенде ол имам Мүслім Жабир ибн Самураның (разияллаһу анһу) риуаят еткен хадисінен: “Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздің алдымызға шығып: “Мен сіздердің асау аттың құйрығы маса ұрғандай қолда¬рыңызды неге көтеретіндеріңізді ұнатпаймын, намазда тұрғанда тыныш тұрыңыздар”,- дегенін және Пайғамбарымыз Мұхам-медтің (с.ғ.с.) өзі: “Менен кейін үмметім Абдулла ибн Масғудтың жолымен жүрсін”, деп тапсырып кеткен Абдулла ибн Масғуд: “Пай¬ғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тек бірінші тәкбірде ғана қол көтеретін еді, ал басқа тәкбірлерде қол көтермейтін”,- дегенін айтып, өз маз¬һабының қол көтермейтін себебінің дұрыс екенін дәлелдеп берген. Бірақ осыдан пітна жасап: “Сендердің оқыған намаздарың дұрыс емес”,- деп халықтың ішіне іріткі салуға болмайды. Қайда болсақ та ислам сөзінің мағынасы бейбітшілік, аман-саулық екенін ұмытпайық. Ислам дінін Аллаһ Та¬ғала жерде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін жіберген. Исламның дұшпандары ғана іріткі салу мақсатымен тырнақ астынан кір іздеп, ағымдардың арасындағы ұсақ айырмашылықтан үлкен қайшылық тудыруға әрекет жасап жүр. Тіпті, бір отбасының ішінде әке мен баланы бір-біріне қарсы қоюға дейін барған. Шын мәнінде мазһабтардың арасындағы айырмашылықтар “абзал” және “дұрыс” деген сөз¬дер¬де ғана болуы керек. Біз өз мазһабымызды абзал санаймыз да, қалған үш мазһабты дұрыс деп білеміз. Біздікі ғана дұрыс, қалғандарынікі бұрыс деу қате. Бірақ мазһабтардың ішіндегі ең жұмсағы, халқымыздың жүрегі мен бол¬мысына, әдет-ғұрпына ең жақыны Әбу Ханифа имам Ағзам мазһабы екенін ұмытпауымыз керек. Ғасырлар бойы Қазақстан мен Орта Азия, Ресей мұсыл¬мандарының арасында ешқандай діни дау-жанжалдың болмағаны да осы мазһабтың артықшылығы болса керек. Әлі де халқымыз осы мазһабты берік ұстансақ, ынты¬мағымыз бен бірлігіміздің мызғы¬масы анық. Осыны әрбір мешіттің имамы, діни қызметкерлері жақсы біліп, жамағатқа айтып отырулары керек. Өкінішке қарай, біздің көптеген имамдарымыз оған көңіл бөле бермейді, ал осыны басқа мазһабтағы шала сауатты жастар айтып жүреді. Демек, имамдар өздерінің уағыздарында имам Ағзам мазһабының артықшы¬лығын үнемі халыққа білдіріп отырғаннан жалықпаулары керек. Бұл – бүгінгі уақыт талабы. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүф¬ти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет те аталмыш мақаласында: “Әбу Ханифа мазһабын ұстанба¬сақ, діни-рухани бірлік, тұтастық¬тан айрылып, арамызға діни алауыз¬дық араласып, жік түседі... Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету үшін де, халқымыздың діни бірлігі мен рухани ынтымағын сақтап, күшейту үшін де Әбу Ханифа мазһабы қажет”,- деген еді. Міне, бұл нағыз абзал пікір. Аллаһ Тағала дінімізді көркейтіп, халқымызға амандық, жерімізге тыныштық және ісімізге береке бергей. Әумин! Жақия қажы ИСМАИЛТЕГІ, “Ислам және өркениет”. Добавлено (26-Тамыз-2008, 15.02) --------------------------------------------- Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа Сәлімгерей кәсіпкерлікпен айналысып фирма ашты. Бірте-бірте ісі алға басып, біраз қор жинапты. Имандылықты ту етті. Адал жүріп, адал тірлік еткеннің пайдалы екенін түсінген ол өзі ғана емес, ұлдарын да ата дініне бет бұрғызды. Әсіресе үлкен баласымен апта сайын жұма намазынан қалмайды. Сөйтіп жүріп қасиетті Мекке мен Мадинаға перзентін ертіп қажылыққа баруды жоспарлады. Ол ойы да орындалып, дініміздің отанына барудың сәті түсті. Меккедегі бас мешітте бір мезгілде бір миллион адам намазға тұрады екен. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мұсылмандар бір атаның балаларындай бір сапқа тұрып, сәждеге жығылуда. Ғибадат соңында Арман әкесінен: – Әке, намаз кезінде діни амалдарды әркім әртүрлі орындап жатқанын байқадым. Біреуі қолын кіндіктен төмен байласа, енді бірі кеудесіне қояды. Аяқтарын да талтитып тұрады. Біздің елде діни амалдар бұлай әртүрлі атқарылмайды, бірдей ғой, неге олай деді. – Балам, жаһанның күллі мұсылмандарының 84% сүнниттер. Бұл Исламдағы басты бағыт. Ал енді сүнниттердің өзі 4 мазһабқа бөлінеді. Біз ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабындамыз. Сол себепті де діни амалдарымызда алшақтық жоқ,-деді әкесі. – Әке, мазһаб деген не,-деді Арман бұрын ести бермеген сөзге түсінбей. Сәлімгерей әңгімесін әріден бастап түсіндіруге кірісті. Әбу Ханифа мазһабы, мәні мен маңызы Ислам он төрт ғасырдан бері бүкіл адамзатты сенімі мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай бейбітшілік пен ынтымаққа, сабырлылық пен тазалыққа шақырып келе жатқан Алла тағаланың бірегей діні. Тарих сахнасына көтерілгеннен бері, өмірдің өзі көрсеткендей, Ислам дінінің ғылым–білім мен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем мойындауда. Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзінен Әбу Насыр әл-Фараби (870–950), Әбу Әли Ибн Сина (980–1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973–1050), Ұлықбек (1394–1449), Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр (1483–1530) мен Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) секілді кемеңгер ғұламалар мен көрнекті мемлекет қайраткерлерін берді. Олар ғылымның көптеген саласына жол ашты. Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне он екі ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы, фиқһтың (мұсылман заңы) білгірі Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699–767) негізін қалаған Ханафи мазһабын (діни құқықтық мектеп) ұстанып келеді. Осы орайда, әуелі фиқһ пен мазһабтың ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Мәз¬һаб – жол, ба¬ғыт, көз¬қа¬рас де¬ген ма¬ғы¬на¬ны біл¬ді¬ре¬ді. Ша¬ри¬ғат¬та – ар¬найы тә¬сіл¬дер, ере¬же¬лер ар¬қы¬лы Құ¬ран мен сүн¬нет¬тен шы¬ға¬рыл¬ған үкім¬дер мен көз¬қа¬рас¬тар жиын¬ты¬ғына «мәзһаб» делінеді. Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып табылатын Құран және хадистің әрбір сөзінің бірнеше астарлы, терең мағыналары, түсу себептері, тіпті кейбір себептерге байланысты хадистердің бір-біріне қарама-қайшы келетін, яки бір қарағанда қарама-қайшы сияқты көрінетін жерлері де бар. Және хадистердің «сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған» «мутауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб» сияқты қуаттылық жағынан үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, араб тілін жетік білетін мамандардың өзі ара жігін ажыратып, пәтуа шығаруы мүмкін емес. Белгілі мәселеде пәтуа шығаратын адам алдымен мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұхият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі әз сахабалардың айтқан сөздері мен берген пәтуаларын әрі кейінгі келген мүжтаһид ғұламалар мен замандас ғалымдардың көзқарастарын білуі және жергілікті халықтың менталитеті мен жағдайын жақсы білуі қажет. Бұларды кез-келген қарапайым адам тереңнен талдап, аражігін ажыратып, шариғи үкім шығара алмайтындықтан Әбу Ханифа сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық-қисын, фиқһ негіздерін, т.б. ислами ілімдерді жетік білген мүш¬тә¬һи¬дтің шығарған үкімдерімен жүруге мұқтаж. Өз бе¬тін¬ше әре¬кет ету¬ші жол¬дан ада¬суы әб¬ден мүм¬кін. Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар тумады. Өйткені, хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын ала білді. Бұл туралы Алла тағала мұсылман үмметін: «Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара бір нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алладан, пайғамбардан сұраңдар. Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін кайырлы, әрі тиімді» («Ниса» сүресі, 59-аят),-деп ескертеді. Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен хадисте қамтылған. Сондықтан хазреті Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ислам қауымына: «Ей, мұсылмандар! Мен сендерге екі нәрсені қалдырып барамын. Егер оларды бекем ұстап, амал етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар. Олар – Алланың кітабы (Құран Кәрім) және Алла Елшісінің сүннеті»,- деген. Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті, жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отырады. Бұндай жағдайда, сахабалар өз білімдеріне сүйеніп, шариғат шеңберінде ол мәселелерді шешіп отырды. Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) өзінің халифалық кезінде бір мәселеге байланысты шешім шығарар алдында Құран аяттарына сүйенген, ол мәселенің жауабын аяттардан таба алмай қалған жағдайда, хадистерден іздеген. Ол жерден де таба алмаса, білімді де, беделді сахабалардың басын қосып, олармен сол мәселелер туралы кеңесіп, ойларын тыңдап, содан кейін ғана шешім қабылдайтын. Кейінірек Ислам діні өзге халықтар, ұлыстар арасына таралды. Олар араб тілін де, дінін де білмейтін. Діни үгіт–насихат пен тағлым істерін оларға жеткізу сахабалар үшін оңай емес–тін. Бұл ретте сахабалар ислам дінін бүге–шігесіне дейін үйренемін дегендерге ұстаздық етті. Сол ұстаздар қатарына хазреті Мұхаммед (с.ғ.с ) пайғамбарымыздың ұлық төрт халифасы, сондай–ақ Абдулла ибн Масъуд (590–653), Абдулла ибн Омар (612–643), Абдулла ибн Аббас (619–686), Абдулла ибн Әмр ибн Аас (571–664), Зәйд ибн Сәбит (615–665) және Айша (613–678) (р.а.) анамызды жатқызуға болады. Олар өз заманының дара адамдары еді. Абдулла ибн Аббастың (р.а.) үйі «білім ордасы» атанған. Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оларға: «Сахабаларым аспандағы жолшы жұлдыздар іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер, хақ жолын табасыңдар»,–деп сипат берген. Имам Мәліктің (713–795) «Муатта» атты кітабын оқып шыққан халифа Жағфар Мансур (754–775) оның біліміне ризашылық білдіріп: «Өте құнды еңбек жазыпсыз. Келіңіз, мұсылмандарға ислам дінін тек осы кітап бойынша амал еткізейік»,-дегеніне, имам: «Жоқ, олай етуге болмайды. Расулулланың сахабалары жан-жаққа тарады, олардың барлығы да өздерімен жақсылықты ала барды»,- деген екен. Сахабалардың кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Соның салдарынан исламды әртүрлі талдайтын, түрлі-түрлі мазһабтар (діни құқықтық мектеп, жол) көбейді. Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші Әбу Ханифа (699–767), имам Малик (717–795), имам Шафиғи (767–820), Ахмад ибн Ханбал (780–855) секілді ислам ғұламаларының мазһабтары дүниеге келді. Бұлар ислам әлемінде ресми мазһаб саналып, 1300 жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде. Ол мазһаб иелерінің әрқайсысы мүжтаһид (білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы, осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың жолы кесіліп, алды алынып келеді. Сондықтан бұл төрт мазһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені, олар Құран кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан, «әһлус-сүннә уәл-жамаға», яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен бөлінбей, бірлік–ынтымақты жақтаушы қауым мазһабтары атанды. Мазһабтардағы айырмашылықтар тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, біз өз мазһабымызды абзал санаймыз да, ал қалған үш мазһабты дұрыс деп білеміз. Тек біздің мазһаб дұрыс, қалған үшеуі бұрыс деу адасушылық болып есептеледі. Соның ішінде біздің Ханафи мазһабымыз тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай. Бұл күндері әлем халқының төрттен бірі мұсылман болса, солардың 48% осы мазһабта. Қалған 52% үш мазһаб пен өзге де ағымдарға тиесілі. Имам Малик мазһабын Африканың бірқатар елі, Имам Шафидің мазһабын Мысыр, Сирия, Малайзия, Индонезия, ал Ахмад ибн Ханбал мазһабын Парсы шығанағы аймағындағы халықтар ұстанады. Әбу Ханифа мазһабы негізінен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан жұртына кеңінен тараған. Осы төрт мазһаб ішіндегі жұмсағы, әрі халқымыздың жүрегі мен табиғатына, әдет–ғұрпына жақыны, бабаларымыз ежелден таңдаған Әбу Ханифа – Имам Ағзам мазһабы. Исламдағы бір мазһабта болудың артықшылығы - халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс–керіс, дау–жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден–бір сыры осында. Өйткені, құлшылық амалдарының бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді. Әбу Ханифа мазһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен, әрі демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мазһабты қабылдауының тағы бір себебі – өз дүние танымы, болмысы мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында. Ал өзге мазһабтар мен ағымдар кейде өз ізбасарларын шариғат амалдарын түрлі деңгей мен дәрежеде орындауына қарай мұсылман, кәпір деп көзге шұқып, қатаң шаралар қолдануға дейін барады. Соның ішіндегі Ахмад ибн Ханбал мазһабы Исламның алғашқы кезеңіндегі тәртіптері мен талаптарын жамағаттан мүлтіксіз орындауын талап етеді. Яғни, қазір де сол әу бастағы күйдің өзгеріссіз болуын міндеттейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы бүкіл мешіттер Әбу Ханифа мазһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз. Ханафи мазһабының негізін қалап, оны нығайту жолындағы фиқһ ғұламаларының жасаған қызметін дін ғұламалары былай баяндайды: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.) екті, Имам Әлқама өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты, Имам Әбу Йусуф ұннан қамыр жасады, Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық осы күнге дейін Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді». Негізінде «фиқһ» сөзі «терең, жан-жақты түсіну» деген мағынаны білдіреді. Фиқһ пәні ғибадат, қоғамдағы өзара қарым-қатынас, әдет-ғұрыптардың шариғатқа сәйкес тәртіп–қағидалары мен оның қайнар көзін үйретеді. Бұл саланың маманын фақиһ (мұсылман заңгері) деп атайды. Әли ибн Әбу Талиб (600–661) пен Абдулла ибн Масъуд (р.а.) (590–653) Куфа қаласында шариғат жөнінде білім беретін орталық құрып, Құран кәрім мен сүннет бойынша тәлім-тәрбие істерін жүргізген алғашқы сахабалар еді. Кейінірек бұл білім ордасын шариғат ілімінің ғалымы, ұлық сахаба Абдулла ибн Масъуд (р.а.) басқарып қалады. Ол туралы хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Ибн Масъудтың айтқандарын бұлжытпай орындаңдар»,-деген. Бұл кісі Куфада Құран кәрім мен хадис шәріптен сабақ беріп, шариғат ғылымының мамандарын дайындады. Олардың бірі – Әлқама ибн Кайс (р.а.). Ол – Омар, Әли, Әбу Дәрда (?-652), Айша, Саъд, Хузайфа, Халид, ибн Масъуд және басқа да сахабалардан (р.а.) дәріс тыңдаған, әрі хадис риуаят еткен сахаба. Абдулла ибн Масъуд (р.а.) : «Менің білімім Әлқама білімінен артық емес»,–деген екен.. Абдулла ибн Масъуд (р.а.) дүние салғаннан кейін, Әлқама ұстаз болып қалды. Бұдан кейін білім ордасын «Фақиһ әл-Ирақи», яғни «Ирақтың шариғат ілімінің маманы» деген атаққа ие болған Ибраһим ән-Наһаъи басқарды. Ол кісіден кейін Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) Куфаның үлкен ұстазы саналды. Одан соң бұл орынды имамдар сарбазы Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.) иеленді. Имам Ағзамнан (р.а.) кейін бұл жолды оның шәкірттері – ұстаз Әбу Йусуф пен имам Мұхаммед ұстанды. Олар ұстазының шығарған пәтуаларын хатқа түсіріп, халыққа насихаттаған. Осы кісілер арқылы Ханафи мазһабы жер жүзіне тарады, әрі фиқһ саласы кемеліне жете дамыды. Әбу Ханифа. Ғибратты өмір өрнектері Имам Ағзамның ата-бабалары Әмудария өзені жағалауындағы Тирмиз бен Хорасанда ертеректе болған Наса қалаларында өмір сүрген. Олар парсы әулетінен еді. Әйтсе де, кейбір деректерде оның түркі текті еді екені жайлы да айтылады. Ұлық төрт халифа кезінде Ислам діні парсы елдеріне тарай бастады. Исламға қарсы шығып, тұтқынға алынған дінсіздер ішінде Әбу Ханифаның бабасы да болған деседі. Кейінірек ол Исламның шынайы дін екенін түсініп, мұсылман болады. Сол себепті ол тұтқыннан босатылып, үйіне жіберіледі. Отбасына аман-есен оралған бабасы Исламды тереңінен түсініп, балаларын да Исламға сәйкес тәрбиелейді, болашақтағы ұрпағының барлығы Исламның ақ жолында дүниеге келулерін тілейді. Хазреті Әли ибн Әбу Талибтің (р.а) халифалық кезінде олар Хорасаннан Куфа қаласына қоныс аударады. Бабасы ұлы Сәбитті хазреті Әлидің (р.а) қасына ертіп барып, бата сұрайды. Хазреті Әли (р.а): «Алла тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін»,–деп дұға етеді. Атасының тілегі мен халифаның дұғасы қабыл болып, ұрпағынан иманды да, тақуалы ғалым Әбу Ханифа дүниеге келеді. Әбу Ханифаның әкесі Сәбит те өте тақуа адам болған. Ел арасында ол туралы ғибратты, әрі жұртқа таныс төмендегі оқиға жиі айтылады: «Әбу Ханифаның әкесі Сәбиттің жас жігіт кезі еді. Бірде дәрет алып, сүлгімен бет–аузын сүртіп тұрғанда, арықта ағып келе жатқан алмаға көзі түседі. Алманың әдемі түсі көз тартатын. Сәбит шыдамай, алманы алып бір тістейді. Сонан соң ол: «Не істеп қойдым? Алманың иесі бар шығар? Оны тауып, дереу, ризашылығын сұрайын»,–деп өзен бойымен жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады. Содан ол үлкен баудың ішіне кіреді. «Жеген алмам осы баудан шығар»,–деп Сәбит бау иесіне барып, оған: «Ас–сәләму әлейкум! Ойламай бақшаңыздың бір алмасын жеп қойдым. Мүмкін болса, кешірім етсеңіз»,–дейді. Жігіттің ақылдылығы мен имандылығын байқаған бағбан әдейі: «Разы емеспін»,–деп дөрекілеу жауап қайырады. Бұл сөз Сәбитке ауыр тиеді. Ол бағбанның аяғына жығылып, оған: «Кешіріңіз! Жеген алманың ақысын төлейін немесе қызметіңізді істейін»,–деп жалбарынады. Сонда бағбан: «Онда былай. Үш жыл қызметімді істейсің. Сонан кейін арғысын көре жатамыз»,–деп жігітке шарт қояды. Амал жоқ, Сәбит шартқа көнеді. Өйткені, ақырет есебі мен кісі ақысынан қорқатын. Ол үш жыл бойы бағбанның үйінде адал қызмет етеді. Мерзімі біткеннен соң, кетуге рұқсат сұрайды. Бағбан оған: «Мен саған үш жыл өтсе, арғысын тағы көрерміз деп едім. Сондықтан, менің тағы бір кішкене шартым қалды. Соны орындасаң, сөзім сөз, сенен разы болып, рұқсатымды беремін»,–дейді. Сәбит көнеді. Бағбан оған: «Менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді, қол–аяғы сал және мылқау. Соған үйленесің. Соңғы шартым осы»,–дейді. Жігіт бұған да көнеді. Қыз бен жігіттің некелері қиылып, тойы өтеді. Жігіт шымылдыққа кірген соң, көзі де көретін, құлағы да еститін, қол–аяғы да сап–сау қызды көреді. Қыздың әкесіне барып, оның сырын сұрайды. Әкесі айтқан сөздерінің себебін былай түсіндіреді: «Қызым ұят нәрселерге қарамайды, сол үшін ол көр; ұят әрі балағат сөздерді естімейді, сол үшін ол керең; тыйым салынған нәрсеге қол созбайды және бұзық жерлерге бармайды, сол үшін оның қол–аяғы сал; жаман сөз сөйлемейді, сол үшін ол мылқау. Қызымды сен сияқты құдайшыл, иман жүзді жігітке берсем, ол Алладан қорқатын, біреудің ақысын жемейтін таза адам болып, туған немерелірім де Ислам тағлымдарына сәйкес өмір сүрсе деген арманым бар еді. Алла маған сені жеткізді. Бір көргенде–ақ сенің алал екеніңді байқадым. Сонда да сынап бақсам артықтық етпес деп ойладым. Сен мен ойлағандай боп
KZ
|