| Қожанасыр 1284 жылы 22 маусым күні дүниеден өткен. Қожанасырдың кесенесі Ақшехирде. Қазақстанда "Қожанасыр" деген атпен танымал болған бұл кісі жай ғана ойдан шығарылған кейіпкер емес. Қожа Насреддин - адамдарға тура жолды көрсетумен өмірін өткізген, нақыл мен даналыққа толы насихаттар жүргізген адам. Өзі әулие, ғалым болған адам. Оның сөздері ауыздан-ауызға өтіп, қазірге дейін сақталған. Оған тағылған қазір айтылып жүрген дінге, адамгершілікке және этикаға жат әзіл әңгімелер оның сөздері емес. Оның сөздері даналыққа толы, сабақ аларлық. Оның қызықты әңгімелері мен хикаяларынң таралғаны соншалық, шығыс Түркістаннан Балкандарға дейінгі халықтар ауыз әдебиетінен орын алған. Қожа Түркиядағы Сиврихисардың Хорту ауылында туылып, Акшехирде қайтыс болған. (Бір аңыздарда Бұқарада туылғаны туралы айтылады). Добавлено (02-Қыркүйек-2008, 17.40) --------------------------------------------- Әңгіме сәлдеде болса... Сауаты жоқ бір шаруа адам бір хатты алып, Қожаға келеді: - Мына хатты оқып бересің бе? Қожа хатты қарап шығады. Қараса еш мағынасы жоқ, қалай болса солай жазылған бірнәрсе. Хатты қайтарып: - Мен мынаны оқи алмадым, - дейді. Әлгі жерде шаруа адамы ашуланып: - Мен сенің сәлдеңе қарап, ғалым деп ойласам... Шаруаның қорлық сөзіне шыдай алмаған Қожа басындағы сәлдесін әлгінің басына кигізіп: - Әңгіме сәлдеде болса, ал сен оқы, көрейін, - деген екен. Добавлено (02-Қыркүйек-2008, 17.51) --------------------------------------------- ҮЛКЕН ҮЙ Қожанасырдың жұмыссыз жүргенін көріп, падишаһ шақырып алып: - Бүгіннен бастап менің аспаздарымның бастығы бол – дейді. - Құп болады, тақсыр! – дейді Қожанасыр. Бірнеше апта өткен соң, падишаһ Қожанасырды шақырып алса, Қожанасыр табақтай болып семірген. Падишаһ аң-таң болады. - Үйіңіздің есігі сізге көп ұзамай тар бола ма деп қорқамын – дейді падишаһ. - Тақсыр, есік уайым бола қоймас, оны кеңейтуге болады ғой – депті Қожанасыр – тек мен сізден үлкен үй сұраймын ба деп жүрмін... Добавлено (02-Қыркүйек-2008, 17.52) --------------------------------------------- БЕТПЕ - БЕТ КЕЛГЕН ӨЗІНЕН КӨРСІН Қожанасыр көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожанасыр қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады. Иттің иесі жанжалдасып Қожанасырды сотқа алып барады: - Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? - дейді сот. - Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде мен де оны балтаның сабымен ұрар едім. Бетпе - бет келген өзінен көрсін - депті Қожанасыр.
"Береген қол алаған қолдан артық" Хадис Шәриф
|