Пітір садақасы кімге беріледі? - Сұхбат
Жұма, 18.Сәуір.2014, 08:12
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 20.Наурыз.2014, 18:14
Соңғы жазған: Sabbit
10 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» Уақыты: 25.Ақпан.2014, 14:11
Соңғы жазған: Человек
76 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 26.Наурыз.2013, 13:34
Соңғы жазған: Aiwa
37 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Нұр-Мүбарак университетіне түсемін деушілерге дайындық курст Уақыты: 26.Наурыз.2013, 13:11
Соңғы жазған: Aiwa
1 Үйлену оңай, үй болу қиын.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 212»
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ЗЕКЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ (Зекет - дүние тазалығы) » Пітір садақасы кімге беріледі? (Пітір садақасы, жәй садақа және зекет жайлы мағлұматтар)
Пітір садақасы кімге беріледі?
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 23.Тамыз.2008, 02:28 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Өткен жылы мешітімізге бір кісі келіп мен зекет берейін деген еді маған, мен сосын зекет болса мешітіміздің ақсақалдары келсін, сосын комиссия болып жазып аламыз дегенімде, ол кісі маған қарап: немене 500 теңгеге қандай комиссия керек десе болар ма?
мен не дерімді білмей қалдым. сөйтсем ол кісі пітір садақасы жайлы айтып отырған екен.
Енді осы пітір садақасы жайлы сұхбаттасақ деп едім. негізі бұл садақалар кімге берілу тиіс. оның берілер жері тек қана мешітемес қой.




AdminУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 01:45 | Хабарлама # 2
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
sadakani koshede aksha surap jurgenderge beruge boladi ma?
ali_bekenУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 01:52 | Хабарлама # 3
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Ассаламу алейкум!
Садаканы кімге беріп жатырганынызды біліп барып бергенініз жон болар. Мысалы: Егін егетін болсаныз тастакты жерге екпейсіз гой кунарлы жер іздейсіз онімді кобірак алайын деп, сол сиякты сауаптын да коп болганы жаксы шыгар.


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 01:54 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
садақаны мұсылман адамға берсеңіз жөн болады,

негізі садақа жетім-жесір, жолда қалғандар, талабалар (студенттер), мүсәпірлер, кедей-кембағалдарға беріледі.

Егер садақа берген адамыңыз араққа, темекі немесе басқа да харам нәрселерге жұмсаса онда сауаптан құр қаласыз.

тек ақшаңыз далаға кеткендей болуы мүмкін.




janbolatУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 01:56 | Хабарлама # 5
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
imam, imam,
Quote (zhanar)
a surap jurgen

... садақасын егер харамға жұмсайтын болса беру дұрыс емес.
мұсылман еместерге беру дұрыс емес.

Ұлықбек аға, сіздің сөзіңізді бөліп жібергеніме кешіріңіз...


KZ
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 01:59 | Хабарлама # 6
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Quote (janbolat)
Ұлықбек аға, сіздің сөзіңізді бөліп жібергеніме кешіріңіз...

Ассаламу алайкум,
Жәке қалайсың. көрінбей кеттің ғой.

о недегенің інім. Бұл жерде сұрақ жалпыға, демек жалпы мұсылман жауап бере алады емес пе?




AdminУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 02:03 | Хабарлама # 7
Лейтенант
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 79
[ ]
Ажыратылған
janimizda student kizdar bar
oraza ustaganmen birazi namaz okmaitin siakti.
solarga bersek bolatin shigar?

biltir jumistagi ariptestermen sondai kizdarga jinap aparip bergen edim.

ali_bekenУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 02:17 | Хабарлама # 8
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
. КМДБ нын патуасы. Бурынгы уакытта мешітке укімет тарапынан байтул малдан каражат болінетін, бірак казіргі кезде укіметтін мешітке каржы болмейтіндігін, мешіттердін тек кана халыктын комегімен жумыс аткарып жаткандыгын есепке ала отырып, мешітке садака берсеніздер улкен сауап болатындыгын айта кеткіміз келеді. Алла Тагала Куран Карімде былай деген:
«Алланын бірлігіне жане киямет куніне сеніп Алланын мешітін гулдендіруге улес коскандарга шексіз сауап болады».
Курметті мусылман бауырлар!
Алла ризалыгы ушін жасаган амалдарыныз, берген садакаларыныз, жасаган дугаларыныз кабыл болсын жане де Сіздердін барлык игі істерінізге бір Алла жар болсын. Амин!
Озиніз осыдан кейін бір натиже шыгарарсыз


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 02:19 | Хабарлама # 9
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Quote (zhanar)
janimizda student kizdar bar oraza ustaganmen birazi namaz okmaitin siakti. solarga bersek bolatin shigar? biltir jumistagi ariptestermen sondai kizdarga jinap aparip bergen edim.

Негізі оразаны иманы бар адам ғана ұстайды ғой. себебі оның ораза екендігі тек Аллаһқа ғана аян емес пе?
Осы себепті Аллаһ тағала оразашының сауабын жеке өзім беремін деген.

Инша Аллаһ сондай иманға бет бұрған, ораза ұстаған талабаларға берсеңіз дұрыс болады.




naib_imamУақыты: Сейсенбі, 26.Тамыз.2008, 03:47 | Хабарлама # 10
Тобы: Удаленные
[ ]
Ассаламу алайкум
Маша Аллаһ мұнда форум қызу басталып кетіпті ғой.
мұнда кірмегелі де біраз боп қалыпты.
Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айымен барлығыңызды құттықтаймын.
Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 26.Тамыз.2008, 16:20 | Хабарлама # 11
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Пітір садақасы туралы
Құрметті мұсылман бауырлар!
Барша айлардың ұлығы,сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында шамасы келетін адамдарға һижреттің екінші жылында рамазан оразасы парыз етілген кезден пітір садақасын беру уәжіп саналады.
Бұл туралы Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Пітір садақа-сәһу сәждесі сияқты, яғни сәһу сәжде намаздың жаңылысқан жеріне каффарат болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерінің өтеуі» -деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты-«Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас»,-деді
Хазірет Осман (р.а). өз заманында ұмытып кетіп пітір садақасын бермеген-ді. Біраз уақыт өткен соң есіне түсіп, пітір садақасының каффараты үшін деп бір құлды азат етті. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «-Ей, Осман, сен жүз құлды азат етсең де пітір садақасының сауабын таба алмайсың»,-деді.
Пітір садақасы өз уақытында, яғни, Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Айт намазы оқылғаннан кейін берілген пітір жәй садақа болып есептеледі. Дінімізде пітір, зекет сияқты садақалар Алланың ризалығы үшінжасалатын ғибадаттың бір түрі саналады. Пітір садақасының сауабы туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Кім пітір садақасын берсе,ол пендеге Алла тағала он жақсылық береді».
Бұған тоқталар болсақ, олар-
1. Тозақ отынан азат болар.
2. Барлық күнәларынан тазарар.
3. Тұтқан оразасы қабыл болар.
4. Ол кісіге жәннатқа кіруге уәжіп болар.
5. Алла тағала ол кісінің осы жылғы істеген істерін қабыл етер.
6. Қиямет күні Пайғамбар (с.ғ.с) шапағат етер.
7. Сират көпірден найзағайдай жарқ етіп өтер.
8. Тұтқан оразасы қор болмас.
9. Мизан таразысында сауап жағы басым болар. 10. Ол кісінің аты сауап кітабына жазылар.
Шын ниетімен пітір садақасын берген адамға Алла тағала осындай сауабы мол жақсылықтар береді. Олай болса,құрметті мұсылман бауырлар, Алла тағаланың сыйлаған дәулетін надандықпен кызғанып, сараңдыққа салынбай ахирет сауабы үшін пітір, зекет садақаларын уақытында беріп, дұға етіп, тілек тілеңіздер. Алла тағаланың рахметінен,Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шапағатынан мақұрым қалмаңыздар. Әмин!

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 2000 жылдан бастап шыққан ПӘТУАЛАР жиынтығынан алынды.

Пітір садақа туралы үкім
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
Барлық мақтау Аллаһқа тән және Пайғамбарымыз (с.ғ.с), оның отбасына, сахабаларына Аллаһ Тағаланың рахымы болсын.
Аллаһ Тағала қасиетті Құран кәрімде «Әлде кім тазарса, ол кұтылды. Ол Раббыңның атын еске алып, намаз оқыды» (Бұл айт намазы). (Ағла сүресі, 14-15 аяттар). Кейбір тәфсірші ғалымдардың айтуы бойынша «Тазарса» деген сөз пітір садақаны берген адамды білдіреді. «Ол Раббының атын еске алып» деген айт намазында тәкбір айтуды білдіреді. Ибн Хузимат Касир Абдулладан риуаят етеді, ол өз әкесінен естігенін айтады, ал ол өзінің атасы айтқан хадисті келтіреді:
«Расулулладан (с.ғ.с.) әлде кім тазарса,ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз оқыды» - деген аяттың мағынасын сұрады. Бұған Расулулладан (с.ғ.с) бұл екі аятты Аллаһ Тағала пітір садақа туралы түсіргенін айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт мерекесінің алдында бір күн бұрын елге қүтпа оқып, пітір садақа берулеріне әмір еткен.
Абдураззақ Абд бин Сағлабаттан мына хадисті риуаят етеді: ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқа дейін бір немесе екі күн бұрын елге кұтпа оқитындығын айтады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бидайдан 1 сағ (өлшем) беріңдер, құрмадан немесе арпадан сағ беріңдер. Әр адам үшін, қожайын немесе құл болып, кішкентай бала немесе үлкен адам болса да беріңдер».
Сондай-ақ Бухари мен Муслим Ибн Омардан риуаят етеді:
«Расулуллааһ(с.ғ.с.) бір сағ құрма немесе арпадан пітір садақа беруді бәріне міндеттеген. Ол барлығына: қожайын мен құлға, кіші мен үлкенге, ер мен әйелге пітір беруді міндет- теді».
Ораза тұңғыш рет мұсылмандарға парыз болған жылы Расулуллаһ (с.ғ.с.) пітір садақаны үмметіне уәжіп етіп, оны беруді бұйырды. Жоғарыда айтылған сөздерге назар аударсақ, пітір садақаның мұсылмандар үшін уәжіп екендігін аңғарамыз. Сондықтан Әбу Ханифа (р.а.) мазхабында пітір садақаны беру уәжіп болып саналады. Кімде-кім бұған қарсы келсе ол күнәһар болады. Аллаһ Тағала пітір садақаны бізге, жоғарғы мақсаттарға жетуіміз үшін міндеттеген. Пітір садақа кедейге қажетін өтеу үшін беріледі. Сонымен қатар пітір садақа адамның ораза кезіндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктерін толтыру үшін беріледі. Абу Дауд ибн Мажа және хаким ибн Аббастан (р.а.) риуаят етеді:
«Расулуллааһ (с.ғ.с) пітір садақаны: адамның оразасы сөзіндегі қателіктерінен тазаруы және міскіндерге тағам ретінде көмек болуы үшін міндеттеген». Кімде-кім пітір садақаны айт намазынан кейін берсе, онда ол жай садақа болып қалады.
Пітір садақаны тағамның төрт түрінен ғана беру - уәжіп. Олар - бидай, құрма, арпа және мейіз. Егер пітір бидаймен берілсе, онда жарты сағ беріледі. Егер құрма, арпа немесе бидай ұны берілсе онда толық бір сағ беріледі, мейізбен берілсе, онда сағтың жартысы беріледі. Әбу Ханифа мазхабы бойынша сағ Зкг 592 грамға тең, ал сағтың жартысы 1 кг 796 грамға тең. Пітір садақаға жай бидай бергеннен оның ұнын беру абзалырақ. Егер де ақшамен берілсе ол да одан да абзал болады, өйткені кедейдің қажеті ақшамен тез өтеледі.
Пітір садақа уәжіп (міндетті) болу үшін үш шарт болуы керек:
Мұсылман болуы керек.
Азат (бостандықта) болуы керек.
Өзінің қажетінен артык мүлкі болуы керек.
Пітір садақасы әрбір мұсылман ер және әйел үшін – уәжіп. Бұл жерде оның ақыл есі болуы немесе кәмелетке толуы шарт емес. Баласы немесе мәжнүн (акыл-есі кем) үшін, (камқоршысы) немесе әкесі беру керек. Егер уәли бермесе, онда ол күнәһар болады. Өзінің кішкентай баласы, құлы немесе кәмелетке толған (ересек) баласы үшін, егер ол ақылы ауысқан болса, егер ересек баласының ақыл есі дұрыс болып, ол кедей болса әкесіне ол үшін беру уәжіп емес. Бірақ ол садақа ретінде берсе, онда болады. Әйелі үшін ері беруі уәжіп емес. Егер сауап үшін бергісі келсе, әйелі рұқсат бермесе де беруге болады. Әбу Дауд және Тирмизи Әли ибн Әбу Талибтан (р.а.) риуаят етеді:
«Аббас (р.а.) Пайғамбардан (с.ғ.с) пітір садақаны тез, яғни айдың басында беруге рұқсат сұраған, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оғаи рұқсат еткен». Егер де бір кісі пітір садақасын Рамазан айы өткеннен кейін берсе, ол оның мойнынан өмірінің соңына дейін түспейді. Пі-тір садақаны уақтылы бермегені үшін ол оның мойнында өмірінің соңына дейін қарыз болып қалады. Себепсіз айт намазына дейін пітірді бермесе күнә болады, өйткені ол егер ол уақытта беріп үлгермесе, онда мүмкіндік туған кезде берген жөн мұқтаж болғандардың кажетін өтемеген болады.
Пітір садақаны рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты - айттың бірінші күні. Бірақ бұл уақыттан бұрын немесе кейін беруге рұқсат етіледі.
Пітірді айт күні айт намазына дейін беру -мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис-шари-фінде: «Оларды (яғнн кедейлерді) айт күні қайыр сұрамас үшін байытыңдар».
Пітір садақаны бір міскінге беру уәжіп, екі немесе одан артық адамға бөліп беруге болмайды. Жамағатқа өз пітір садақасын бір кісіге беруге рұксат. Пітір садақаны өз қалаңнан басқа қалаға апарып беруге болмайды, бірақ егер өз қалаңда міскіндер тойған болса, онда басқа қалаға барып пітір беруге рұксат етіледі. Басқа жерде кедей туысқаның болса да беруге болады. Аллаһ Тағала Құранда айтады:
«Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Аллаһ тарапынан бір парыз. Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге. Оны жинауға белгіленгендерге, көңілдері алынатын (жаңа мұсылмандарға), құлды азат етуге, борыштыларға, Аллаһ жолына және жолда қалғандарға беріледі. Аллаһ әр нәрсені білуші, хикмет иесі». (Тәубе сүресі, 60-аят)
Пітір садақаны жоғарыдағы аятта айтылған адамдарға беру керек. Өзіңді асырап отырған әке-шешеңе пітір беруге болмайды.
Ескерту: Пітір садақаны бидаймен беретін болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ беру керек. Жарты сағ - 1 кг. 796 грамға тең. Ақшамен есептегенде (шамамен әр облыстағы бидайдың сатылу бағасына карай) 1 кг 796 грамның құнын беру керек. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша пітір садақа адам басына 70 теңге.
Садақаны кімге беру керектігі жоғарыда айтылды. Бұрынғы уақытта мешітке үкімет тарапынан бәйтул малдан қаражат бөлінетін, бірақ қазіргі кезде үкіметтің мешітке қаржы бөлмейтіндігін, мешіттердің тек қана халыктың көмегімен жұмыс атқарып жатқандығын есепке ала отырып, мешітке садақа берсеніздер үлкен сауап болатындығын айта кеткіміз келеді. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген:
«Аллаһтың бірлігіне және қиямет күніне сеніп Аллаһтың мешітін гүлдендіруге үлес қосқандарға шексіз сауап болады».
Құрметті мұсылман бауырлар!
Аллаһ ризалығы үшін жасаған амалдарыңыз, берген садақаларыңыз, жасаған дұғаларыңыз қабыл болсын және де Сіздердің барлық игі істеріңізге бір Аллаһ жар болсын. Әмин!

«ӘЛІ БЕКЕН» мешітінің найб имамы Әбдімүтәліп Сәттібайұлы.




Dinislam_KzУақыты: Дүйсенбі, 01.Қыркүйек.2008, 20:45 | Хабарлама # 12
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған

«Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Қалижан қажы Байырбекұлы

-Ораза алғаш рет мұсылманға парыз болған жылы Расулуллаһ (с.ғ.с) пітір садақаны үмметіне уәжіп етіп, оны беруді бұйырды. Пітір садақасы һижраттың екінші жылында Аллаһ Тағаланың: «Әлдекім тазарса және Раббының атын еске алып, намаз оқыса, ол арманына жетеді» («Ағла» сүресі, 14–15 аяттар), деген аяттары арқылы мұсылмандарға әмір етілді. Рамазан айының оразасынан шығу белгісі және осы айда біліп–білмей істеген қате–кемшіліктеріне кәффәрәт болу ретінде берілетін садақаны шариғат «пітір» деп атады.
Ибн Аббас (р.а.): «Айтқан бос сөз және жасаған жағымсыз іс–әрекеттерден тазару, сондай–ақ кедей–кепшіктерді тамақтандыру мақсатында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рамазан айында ораза ұстаған адамдарды пітір садақа беруге бұйырды»,–деп риуаят етеді.
Пітір садақа төрт нәрседен беріледі. Олар: 2 килә бидай (ұн, талқан) немесе мейіз, сондай–ақ 4 килә құрма немесе арпа. Қажетіне ыңғайлы болғандықтан аталмыш тағамдардың ақшасын берген де абзал. Әрине, бұлардың бағасы жергілікті базардағы нарық бағасымен есептеледі.
Биылғы 2008 жылдағы жан басына берілетін пітір садақасы Астана қаласында төмендегідей белгіленді:
1. Бидай бойынша – 90 теңге. Бидай әдетте Астана қаласының орталық базарында сатылмайды. Дегенмен, оның көтерме бағасы 45 тг/килә деп анықталды. (Негізінде бөлшек сауда бағасымен есептеліну керек. Алайда, бұндай жағдайда ұнмен өлшесе де болады.) Ұн бойынша – 220-300 теңге. Оның бағасы 110-150 тг/килә деп алынды;
2. Мейіз бойынша – 1200-1600 теңге. Мейіздің орташа бағасы 600-800 тг/килә.
3. Құрма бойынша – 800 теңге. Құрманың (Иран) бағасы шамамен 200 тг/килә.
4. Арпа. Арпа сауда дүкендеріне шығарылмағандықтан, онымен өлшемедік.
Ендеше, әр мұсылман өз қалауымен осы төрт астықтың бірін, немесе олардың ақшалай құнын пітір садақаға беруі тиіс.
Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық байлығы нисапқа жететін бостандықтағы немесе бас бостандығынан айырылған ер мен әйелге, сәби мен қарт мұсылмандардың бәріне де бірдей міндет. Дегенмен, дін ғұламалары мал–дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген азаматтар да пітір садақа берулері тиіс деп айтады. Нисап мөлшері 85 грамм алтын немесе оның құны бойынша саналады.
Пітір садақа міскін мен пақырларға беріледі. Міскін – қажеттілігінен артық бірде–бір дүниесі болмаған, әл–ауқаты төмен адам. Пақыр – табысы, немесе мал–мүлкі өз қажетінен артылған, бірақ нисап мөлшеріне жетпеген әлеуметтік жағдайы орташа адам. Ал байға, исламға қарсы шыққандарға, пасық (ғибадатқа ынтасыз), дені–басы сау бола тұрып, жалқаулық етіп, істемей жүрген жұмыссызға, өзінің ата–анасы мен әйел, бала–шағасына пітір берілмейді.
Ислам ғұламалары: «Пітір садақа халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, ислам дінін тарату жолына беріледі», деген. Егер мешіт өзінің есебіне түскен пітір садақаның ақшасы мен мал–мүлкін діни үгіт–насихат, тағлым, қайырымдылық және басқа да игіліктерге жұмсайтын болса, шариғат ондай орындарға беруді құптайды.
Жоғарыдағы пітір садақасына қатысты мәліметтерді хабарлай келе, биыл Астана қаласындағы пітір садақа мөлшерін 2 килә бидай құнымен есептегенде, жан басына 90 теңге екенін естеріңізге саламыз. Пітір садақасын айт намазына дейін беруіміз тиіс.




ali_bekenУақыты: Сейсенбі, 02.Қыркүйек.2008, 02:44 | Хабарлама # 13
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Пітір садақасы өз уақытында, яғни, Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Айт намазы оқылғаннан кейін берілген пітір жәй садақа болып есептеледі. Дінімізде пітір, зекет сияқты садақалар Алланың ризалығы үшін жасалатын ғибадаттың бір түрі саналады.
Сондықтан құрметті мұсылман бауырлар пітір садақаны өз уақытында берейік Алла ризалығы үшін.


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
Dinislam_KzУақыты: Сейсенбі, 02.Қыркүйек.2008, 05:14 | Хабарлама # 14
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚА БЕРУ – ШЕКСІЗ САУАП
Салман Бүйікөз

Зекет Пайғамбарымыз (с.а.у.) һижретінің екінші жылында оразадан бұрын парыз болған. Зекет мөлшері сауда-саттықтан немесе жиналған ақшадан яки мал-мүліктен беріледі. Бұлар дер кезінде берілуі тиіс. Өйткені Шайтан әр заман адам баласын пақыр болып қалуға қорқытып азғырып бағады. Сондықтан оның азғыруының қармағына ілініп қалмау үшін зекет дер кезінде, уақтылы берілгені жөн. Зекет Рамазан айында берілсе, сауабы молынан болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда қолындағы бар мал-мүлкін көк тиынына дейін қалдырмай кедей-кепшікке тарқатып беретін. Құран Кәрімнің Рамазан айында түсуі және Қадір түнінің де осы айда орын алуы, бұл айдың мерейі үстем екендігін одан әрмен арттыруда.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Аллаһтан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» - деген. Мінекей зекет беру арқылы әрі құлшылық жасаған боласыз, әрі мал-жаныңыз аман болмақ. Садақаның да материалды һәм рухани жағынан ем екендігі тағы бар. Зекеттің адам баласына көптеген пайдалары бар. Бұл пайдалардың бірнешеуіне тоқталып кететін болсақ:

- адамның мейірімі мен адамгер-шілік сезімдерін оятады;
- қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартып бақытты, құзырлы өмірсүруіне көптеген септігін тигізеді;
- Аллаһ Тағаланың берген нығ-меттерін еске алуға себепкер болады;
- бай мен кедей арасындағы суыққандылық пен алабөтендікті жояды;
- артық ақша жинаудың алдыналып, оны жұмсай білуге шақырады;
- әлеуметтік тепе теңдікті сақ-тайды;
- қоғамдағы бөлінушілікті жоя-ды;
- мал-мүліктің сақтандыру полю-сі болады;
- құлдардың құлдық мезгіліндегі Аллаһтың әміріне мойынсұнып құлақ салуына әкеп соғады. Сол үшін зекет кейде садақа деп те айтылады.

Осымен қатар садақа сөзі, зекетке қарағанда әлдеқайда кең мағынаны қамтиды. Өйткені садақа уәжіп амалдарды да, нәпіл ғибадаттарды да білдіреді. Зекет негізінде ашық түрде берілгені абзал. Өйткені ашық түрде берілсе, өзгелерге үлгі болып, оларды да бұл жақсы іс-амалға жұмылдырады. Өзі жайлы айтылып жататын, пәленше зекет бермеді деген тәрізді өсек-аяң жаман пиғылдардан аулақ болады.

Зекет парыз болғаны үшін бұлай ашықтан-ашық берілуінде бір ағаттық жоқ. Ал нәпіл садақаларда болса жағдай басқаша. Нәпілдердің жасырын берілуі керек. Олай болмағанда адамдардың мақтауына лепіріп, тәкаппарланып, аяғы жерге тимей дандайсып кетуі әбден мүмкін. Садақаны жасырын беру бұл қауіптің алдын алады. Зекет пен садақа Рамазан айында берілгені абзал. Атап айтқанда пітір садақасының Рамазан айында берілуі уәжіп амалға жатады. Рамазан айында берілетін пітір садақасы зекеттен де бұрын парыз етіп бекітілген. Пітір садақасы ораза айттың алғашқы күні, таң рай берген уақытта уәжіп болса да, одан бұрын да яғни Рамазан айында берілсе болады. Өйткені бұрынырақ берілсе, кедей-кепшіктер айтқа айттықтарын сайлап алар еді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Зекет беріп, мал-мүліктеріңізді қорған ішіне алыңыздар» - деген. Мал жанын қорғағысы келген кісінің ең үлкен сақтандыру полюсі зекет болмақ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларымен өзара әңгіме дүкен құрып отырса, жолдан өтіп бара жатқан бір христиан-араб Пайғамбарымыздың әлгі сөзін құлағы шалып қалса керек. «Мен қазір барамын да мал-мүлкімді есептеп зекетімді берсем, сенің айтқаның орындала ма, жоқ па көрейін» деген екен. Пайғамбарымыз езу тартып, күлімсірегенді. Әлгі кісі үйіне барып айтқандарын бұлжытпай орындайды. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін, бір күні Шамға сауда-саттықпен керуенмен жолға аттануы керек болатын. Бірақ, бұл кісі кейбір себептерге байланысты сапарға аттана алмайтындығын айтып, жолдастарынан, өзінің бір түйелік тауарын өздерімен бірге алып кетулерін сұранады. Бір аптадан кейін қала көшелерінде саудаға кеткен керуеннің қарақшылар тарапынан тоналғаны хабарлнады. Жолдастарынан «Керуенді қарақшылар тонады, тек тынығу үшін соңғы аялдаған жерімізде сенің түйеңнің аяғы ақсап, жүруге жарамаған соң, амал жоқ сол жерге тастап кетуге мәжбүр болдық. Біздің басымызға мынадай жайсыз жайттар келді. Бірақ сенің түйең мен тауарларың аман қалды» деген хабарды естіген христиан-араб қатты қуанып, қуанышы қойнына сыймай Пайғамбарымызға келіп «Мен Ислам дініне кіргім келеді, маған Исламды үйрет» - деген екен. Зекеттің адамдар үшін мал-жан сақтығы екенін осы оқиғадан анық байқауға болады.

Зекетті кімдер береді?
Төмендегі шарттарға сәйкес мына кісілер зекет беруге міндетті болып есептеледі:
1) Мұсылман болу;
2) Ақыл-есі дұрыс болу;
3) Балиғатқа жеткен болу;
4) Азат (бас бостандығы) болу;
5) Діни тұрғыдан алғанда әл-ауқатты (яғни негізгі өзіне қажеттіліктері мен қарыздарынан басқа «нисаб» мөлшеріндегі дүние-мүлкі немесе ақшасы) болу;
6) Зекет берілуі керек дүние-мүлік пен ақша болу, бұған:

а) Нисаб мөлшерінде (яғни 80,18 г. алтынның құнындай) болу;
ә) Бұл байлық бір қамари жыл бойынша (яғни 354 күн) иесінің қолында болу;
б) Қолдағы мал заттай немесе бағалай өсу күйінде болуы қажет.

Зекет кімдерге беріледі?
Зекет мына адамдарға беріледі:
1) Мұқтаждарға: діни мөлшер бойынша бай болып саналмайтын, нисаб мөлше-рінде дүние-мүлкі жоқ адамдар;
2) Кедейлерге: ештеңесі жоқ адамдар;
3) Қарызы болғандарға: қарызынан тыс дүние-мүлкі нисаб мөл-шеріне жетпейтін адамдар;
4) Жолаушыларға: өз елінде дүние-мүлкі болса да жолда ақшасыз қалған, қолында ештеңесі жоқ адамдар (бұл адамдарға үйлеріне жете алатындай зекет беруге болады);
5) Аллаһ жолындағыларға: бұлар – Аллаһ жолында жиһад етушілер немесе қа-жылық үшін жолға шығып, ақшасыз қалғандар мен бар күшін ілімге жұмсап, соның жолына берілген адамдар;
6) Зекет жинаушы қызметкер-лерге;
7) Муәллифәл-қулуб: көңілдері Исламға тән кісілер;
8) Құлдарға: құлдықтан азат болатындарға беріледі. Бірақ құлдық қазіргі күні-мізде жойылған.

Зекет кімдерге берілмейді?
1) Перзент өз ата-анасы мен ата-әжесіне;
2) Ата-ана өз ұлына, немересіне, қызына, қызының балаларына және шөберелеріне;
3) Бай адамдарға;
4) Мұсылман еместерге;
5) Ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне.

«Күш-қуатың бойыңда, денсаулығың орнында, сараңдығың ұстап, кедей болудан алыс болып, одан мықты бай болуды қалаған уақытыңда садақа берудің сауабы өте көп».




ГулназУақыты: Бейсенбі, 02.Қазан.2008, 17:37 | Хабарлама # 15
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 5
[ ]
Ажыратылған
Ассаламу алейкум!Пітір садақаны оли адамдарга да деп берип жатады,сол дурыс па?
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ЗЕКЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ (Зекет - дүние тазалығы) » Пітір садақасы кімге беріледі? (Пітір садақасы, жәй садақа және зекет жайлы мағлұматтар)
Страница 1 из 212»
Поиск:


© 2008-2014 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно