Пітір садақасы кімге беріледі? - Страница 2 - Сұхбат
Жексенбі, 20.Мамыр.2012, 22:44
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Имам Ғазали?? Уақыты: 12.Мамыр.2012, 03:27
Соңғы жазған: Salamat
3 Дін және Философия
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 26.Сәуір.2012, 06:03
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
16 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Келіңіздер танысалық Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:04
Соңғы жазған: Admin
12 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Дінислам сайты қайта жанданған секілді Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:01
Соңғы жазған: shamshat
9 ДІНИСЛАМДА болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 23.Ақпан.2012, 18:11
Соңғы жазған: kerbulak
4 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 2 из 2«12
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ЗЕКЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ (Зекет - дүние тазалығы) » Пітір садақасы кімге беріледі? (Пітір садақасы, жәй садақа және зекет жайлы мағлұматтар)
Пітір садақасы кімге беріледі?
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 23.Тамыз.2008, 02:28 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Өткен жылы мешітімізге бір кісі келіп мен зекет берейін деген еді маған, мен сосын зекет болса мешітіміздің ақсақалдары келсін, сосын комиссия болып жазып аламыз дегенімде, ол кісі маған қарап: немене 500 теңгеге қандай комиссия керек десе болар ма?
мен не дерімді білмей қалдым. сөйтсем ол кісі пітір садақасы жайлы айтып отырған екен.
Енді осы пітір садақасы жайлы сұхбаттасақ деп едім. негізі бұл садақалар кімге берілу тиіс. оның берілер жері тек қана мешітемес қой.




Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 02.Қазан.2008, 18:00 | Хабарлама # 16
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Quote (Гулназ)
Пітір садақаны оли адамдарга да деп берип жатады,сол дурыс па?

Пітір садақасы тек рамазан айында, айт намазы оқылғанға дейін беріледі.
Егер айттан соң берілсе ол пітір садақа емес жәй ғана садақа болып қалады.




ГулназУақыты: Жұма, 03.Қазан.2008, 11:02 | Хабарлама # 17
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 5
[ ]
Ажыратылған
Сәлеметсиздер!Мен сурайын дегеним Қайтыс болган адамдарга да рамазан айында пітір садаұа бериледи ма?
janbolatУақыты: Жұма, 03.Қазан.2008, 12:59 | Хабарлама # 18
нөл
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (Гулназ)
Қайтыс болган адамдарга да рамазан айында пітір садаұа бериледи ма?

Қайтыс болған адамның атынан дейсіз ба?
Адам, ғибадаттардың сауабын өлілерге бағыштай алады.


KZ
ali_bekenУақыты: Сенбі, 04.Қазан.2008, 00:19 | Хабарлама # 19
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Quote (Гулназ)
Қайтыс болган адамдарга да рамазан айында пітір садаұа бериледи ма?

Пітір садақа тек тірілер үшін беріледі, қайтыс болған адам үшін жәй садақа берсең болады.

"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
IslamNuryУақыты: Сейсенбі, 18.Тамыз.2009, 00:06 | Хабарлама # 20
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
БИЫЛ ПІТІР САДАҚА 100 ТЕҢГЕ
Рамазан айында барша мұсылман пітір садақа беруі тиіс. Пiтiр садақасы – дененiң зекетi немесе нисап мөлшерiндегi байлыққа ие (85 грамм алтын) мұсылманның беруi тиiс садақасы. Садақаны ораза басталысымен беруге болады.
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы тарапынан биыл бекiтiлген бiр пiтiр садақаның көлемi Алматы қаласында 100 теңге (2 келі бидай құны). Ескеретiн жайт, қазiргi нарық талабына сәйкес, пiтiр садақаның мөлшерi де республиканың әр жерiнде әрқалай болады. Аяғы ауыр әйелдер, жазылмайтын дертке ұшырағандар мен денсаулығы жарамайтын адамдар ауыз бекiтпей-ақ, ораза ұстауға мiндеттi әрбiр күнi үшiн пiтiр-садақа беруге болады. Аллаһ Тағала бұл туралы: «Ораза ұстауға шамасы келмейтiндер бiр жарлының тамағын төлесiн» дейдi (Бақара сүресi, 2/184).
IslamNuryУақыты: Сейсенбі, 18.Тамыз.2009, 00:07 | Хабарлама # 21
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 70 теңге болып белгіленді.
Қасиетті Рамазан айындағы пітір садақа Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 70 теңге болып белгіленді.
Пітір садақасының мөлшері:
Пітір сөзі (араб тілінде)- «жаратылыс» деген мағынаны білдіреді.
Кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында биыл пітір садақа 70 теңге болып белгіленді. Дініміз бойынша мына төрт нәрсемен пітір беріледі. Немесе оның құны төленуі керек.
1.Бидай немесе бидай ұнының уәжіб болған мөлшері: 1 кг. 459 грамм Яки осы мөлшердегі ақшасы.
2.Арпа немесе арпа ұнының уәжіб болаған мөлшері: 2 кг 918 грамм немесе осы мөлшердегі ақшасы.
3.Құрғатылған (мейіз) жүзімнің уәжіб болған мөлшері: 2 кг 918 грамм немесе осының мөлшердегі теңгесі төленеді.
4.Құрғатылған құрманың уәжіб болған мөлшері: 2кг. 918 грамм немесе осы мөлшердегі теңгесі төленеді.
Аллаһ тағала Рамазан айындағы барлық игі істерімізді сауапқа жазып, ел аман жұртымыз тыныш болсын, Әмин!
Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдіктің баспасөз хатшысы.
IslamNuryУақыты: Сейсенбі, 18.Тамыз.2009, 00:07 | Хабарлама # 22
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
Ақтөбе облысы бойынша пітір садақасы - 100 теңге
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Ғабит Маткәрімовтің айтуынша, биыл пітір-садақа мөлшері - жан басына 100 теңге.
- Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылман Рамазан айында Айт намазына дейін пітір беруі - уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек, - деді ол.
Пітір ретінде 1750 грамм бидай немесе бидай ұны, 3,5 келі арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге де болады. "Ақтөбе" газеті.
Жан-кзУақыты: Сейсенбі, 18.Тамыз.2009, 20:59 | Хабарлама # 23
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 7
[ ]
Ажыратылған
Қарағанды облысы бойынша пітір садақасы 100 теңге болып бекітілді.
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ЗЕКЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ (Зекет - дүние тазалығы) » Пітір садақасы кімге беріледі? (Пітір садақасы, жәй садақа және зекет жайлы мағлұматтар)
Страница 2 из 2«12
Поиск:


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно