«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» (5) - Үйлену оңай, үй болу қиын. - ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. - Сұхбат
Сенбі, 11.Ақпан.2012, 21:19
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 30.Желтоқсан.2011, 21:27
Соңғы жазған: bolat007
3 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 27.Қараша.2011, 16:05
Соңғы жазған: Tilekkabyl92
10 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Бид`атшылардың (дінге жаңалық еңгізушілердің) белгілері Уақыты: 25.Қараша.2011, 12:57
Соңғы жазған: Salamat
6 Ағымдар (секталар) жайлы не білеміз?
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 20.Қазан.2011, 17:35
Соңғы жазған: aijan92
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Мазхабты ұстанбайтындарға көзқарасыңыз??? Уақыты: 15.Қазан.2011, 23:52
Соңғы жазған: Salamat
127 Біздің мазхабымыз - Абу Ханифа мазхабы
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 5 из 5«12345
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»
nasihatУақыты: Сейсенбі, 17.Ақпан.2009, 21:35 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде)
«Жатын бөлме кітапшасы»

Атам қазақ «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» десе де, қазақы ерлі-зайыптыларымыз төсек қатынасының қыр-сырын ұғып, айла-тәсілдерін үйренуде ұяңдық танытып жатады. Нәтижеде жатын бөлме қызығы сүреңсіз қалып алып, санаулы ғана минуттардың еншісінде тұншығып жататыны да жасырын емес. Тіпті, махаббат ойынында қозу дәрежесімен ғана шектеліп, төсек ләззатының шырқау шегі болып табылатын тоят алу дегеннің не екенін білмейтін әйелдер кездеседі. Олар мұны білместіктен еркекке тиесілі нәрсе деп түсінеді яки ұзақ уақыт нәтижесіз төсек қатынасының салдарынан көнбістікке салынып өз сезімдерін құрбан етеді. Төсек ләззаты жұбайлық өмірдің ең маңызды тұтқаларының бірі, оған жеңіл-желпі, салқын қарауға болмайды. Бір-бірінен тоят таппаған ерлі-зайыптылардың шаңырағында шаттықтың ауылы алыс болса керек. Күндізгі күйбең тірліктің кикілжіңдері түнгі сұхбатта келісімін тауып жатпай ма?!
Жатын бөлме құпиясы әрбір ерлі-зайыпты білуге тиіс зор маңызға ие мәселе. Осы маңызды мәселеге негіз ретінде Ислам бекіткен нұсқаулар мен шектеулерден асар ештеңе таба алмаймыз. Бұл мәселеде Ислам бейтарап қалмады; сахабалар төсек қатынасына қатысты сұрақтарын ашық қоя білді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (с.а.с.) ақиқатты айтудан ұялмады, фиқһ білгірлері болса, бұл мәселеге терең талдау жасап, оны жіті түсіндіру үшін күш жұмсады. Нәтижеде ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасына қатысты теңдесі жоқ қордалы ілім пайда болды. Отбасылық дұрыс қарым-қатынас қалыптастырғысы келген мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл ілімді айналып өте алмайды. Сондықтан да бұл кітапшада ислами фиқһ негізінде екеудің құпиясы болып табылатын мәселелерге талдау жасап, оқырманға осы тақырыпта жан-жақты мәлімет бергіміз келді және оны жеткізудің ең тамаша тәсілдерінің бірі – сұрақ-жауап түрінде құрастырдық. Қандастарымыз өздерінің ерлі-зайыптық құпия қатынастарын осы негізде қалыптастыра алса, бұл күнімізде белең алып отырған отбасылық салқындық пен кикілжіңдер және жас жұбайлардың ажырасуы азаяр деген үміттеміз.
Ізгі Тілекпен Қ.Қыдыралыұлы.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.26)
---------------------------------------------
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шариғат бойынша қандай іс-амалға жатады?
Жауап: Ислам шариғаты мұсылман үшін сауап есіктерін айқара ашты. Мұның бір дәлелі ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап жазылатын іс-амал болып табылады. Имам Мүслім, Аллаһ рахмет еткір, Әбу Заррдан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:
— Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа — деген.
Олар:
— О, Аллаһтың елшісі! Біздердің біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма? — деп сұрады.
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
— Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар.

Қосымша (17-Ақпан-2009, 21.35)
---------------------------------------------
Сұрақ: Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?
Жауап: Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

nasihatУақыты: Бейсенбі, 28.Қазан.2010, 16:14 | Хабарлама # 61
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Ерлі-зайыптыларға оңашада сезімдерін қытықтап, шақуаттарын қоздыру үшін эротикалық фильмдерді көруге бола ма?
Жауап: Жоқ, болмайды. Бәлкім ол харам нәрселердің қатарына жатады. Өйткені, шариғат бөгде біреудің әуреті болып табылатын ұятты жерлеріне қараудан және ұятты іс-әрекеттерінен тамашалаудан қайтарған.
nasihatУақыты: Бейсенбі, 28.Қазан.2010, 16:15 | Хабарлама # 62
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Күйеуім өте қызғаншақ, ал бұл маған ұнамайды. Ерлі-зайыптылардың арасында бір-біріне сенімділік болу керек емес пе?
Жауап: Рас, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сенуі, негізсіз күдіктенбеуі қажет. Бірақ, қызғаншақтық сенімсіздіктен пайда болмайды. Еркектің қызғануы дегеніміз, оның әйелін әйелдік ар-намысына, абыройына, қадір-қасиетіне дақ түсіріп, нұқсан келтіретін жағдайлардан сақтауы. Әйелінің жұқа, қысқа киімдер киіп жұрт алдында ашық-шашық жүруіне, бөгде еркектермен қалжыңдасып қылмыңдауына т.с.с. нәрселерге жол бермеу нағыз мақтауға тұрарлық қызғаныш. Мұсылманда бұл сезім, сөзсіз, болу керек. Имам Бұхари, Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мүмін (адам) қызғанады», деген.
Сондай-ақ, бірде белгілі сахаба Саъд ибн Убада (р.а.):
— Мен әйеліммен бірге бір (бөгде) еркекті көрсем, ол (еркекті) қылышпен шабар едім — дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға:
— Сендер Саъдтың қызғаншақтығына таңырқап отырсыңдар ма? Мен одан да қызғаншақпын — деген болатын.
Және де, Ибн Умар (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді:
«Үш (адам) жәннәтқа кірмейді: ата-анасына қарсы келген (бала), (әйелін) қызғанбайтын (еркек) және еркекшора (әйел)». (Сноска: Хадисті риуаят еткендер имам Насаи және Хаким)
Бірақ, қызғанбайтын еркек жәннәтқа кірмейді екен деп еркектердің әйелдерін себепсізден-себепсіз, жөні келсе де, келмесе де әрбір басқан ізін аңдып, болмашыдан күдіктеніп, болмашыға шұқыланып негізсіз қызғана берулері дұрыс емес. Мұндай қызғаныш ерлі-зайыптылардың арақатынасының бұзылуына алып келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ ұнататын қызғаныш бар және Аллаһ ұнатпайтын қызғаныш бар; Аллаһ ұнататын қызғаныш, ол – күдік болғанда қызғану, ал Аллаһ ұнатпайтын қызғаныш – ешқандай күдіксіз қызғану», деген. (Сноска: Хадисті Жабир ибн Анбарадан Әбу Дәуід және Насаи риуаят еткен)
«Ей, иман келтіргендер! Көп күдікке берілуден сақтаныңдар. Расында, кейбір күдіктер күнә (болып табылады)». (Хужурат, 12)
Сондай-ақ, Әли (р.а.) әйелді қызғана беру жақсылыққа апармайтынын айтқан.
nasihatУақыты: Жұма, 29.Қазан.2010, 15:54 | Хабарлама # 63
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Еркек әйелімен кемінде неше уақытта бір қосылып тұруы тиіс?
Жауап: Себепті болса, яғни, сапарда яки жұмыс бабымен өзге елде жүрсе, т.с.с. жағдайлар, әйеліне 4-6 айда бір соғуы тиіс, ал жайшылықта төрт күнде бір, деген ғұламалардың пікірі бар.
nasihatУақыты: Жұма, 29.Қазан.2010, 15:54 | Хабарлама # 64
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Тырнақ, қолтық жүні т.б.с.с. нәрселерді алуға белгіленген уақыт аралығы бар ма?
Жауап: Жоқ, көрсетілген уақыт жоқ. Бірақ, бұл нәрселерді мұсылманның әр жұмада бір ретке келтіруі – мустахаб (ұнамды), ал оларды қырық күннен астам уақыт алмау мәкруһ (жағымсыз) амал болып табылады. Имам Мүслім Анастың (р.а.) былай дегенін риуаят етеді:
«Бізге мұртты қысқартуда, тырнақ алуда, қолтық жүнін жұлуда және кіндік асты жүндерін қыруда уақыт белгіленді. Оларды қырық күннен астам уақыт реттеусіз қалдырамыз ба?!»
nasihatУақыты: Бейсенбі, 04.Қараша.2010, 01:12 | Хабарлама # 65
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Кіндік асты және қолтық жүндерін алуда химиялық жолмен алынған қоспаларды қолданса бола ма?
Жауап: Негізінде, сүннетте қолтық жүні жұлынады, ал кіндік асты жүндері қырылады деп көрсетілген. Бірақ, қиындық тудырса, қолтық жүнін қырудың яки әлгіндей қоспалардың кез-келгенімен бұл түктерден тазаланудың ешқандай сөкеттігі жоқ.
nasihatУақыты: Бейсенбі, 04.Қараша.2010, 01:12 | Хабарлама # 66
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 60
[ ]
Ажыратылған
Сұрақ: Мәжбүр болған жағдайда әуретті бөгде адамның көруіне жол беруге бола ма?
Жауап: Бұл жерде әңгіме мәжбүр болудың дәрежесіне барып тіреледі. Мысалы, гинекологқа көрінгісі келген әйелдің барған емханасында еркек дәрігер қызмет жасайтын болса яки ауысымдық кезекшілікте тұрса, ол сол еркек дәрігерге әуретін көрсетуге мәжбүр емес. Оның басқа емханаға баруына немесе әйел дәрігердің кезекшілігінде келуіне әбден болады. Ал енді, мәжбүр болатын жағдайлардың бірі ретінде перзентханада сәби күтіп жатқан әйелдің толғағы түн ішінде еркек дәрігердің ауысымдық кезекшілігіне тура келіп қалған жағдайды айтуымызға болатын шығар.
Әйтсе де, мәжбүр болған күнде де барлық ибалық шараларын қарастырып тек көрсетуге мәжбүр болған, ауырып тұрған орынды ғана көрсету лазым.
Сұхбат » ..:: ДінИслам мұсылман ұл қыздардың танысу бұрышы ::.. » Үйлену оңай, үй болу қиын. » «Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» («Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы»)
Страница 5 из 5«12345
Поиск:


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно