| Жүректің тірілуі |
| Salamat | Уақыты: Жексенбі, 11.Қазан.2009, 20:23 | Хабарлама # 1 |
|
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
| Алланың Расулы с.ғ.с : "Ғалымдардың мәжілістеріне қатысып, даналардың сөздеріне құлақ қойыңдар. Алла Тағаланың жауын арқылы құнарсыз топыраққа жан бітіргеніндей хикметтер арқылы өлі жүректер тіріледі". - деген. Аталмыш хадисте Пайғамбарымыз с.ғ.с жүректі өлі жүрек және тірі жүрек деп екі топқа бөліп қарастырады, шын мәнінде бұл жүректің өлуі деген сөзді қалай ұғынамыз? Міне бұл туралы Пайғамбарымыздың өзі бізге түсіндіріп Ғалымдардың мәжілісі мен даналардың сөздеріне құлақ қойыңдар деп соқырға таяқ ұстатқандай анық әрі нақтылы түрде жауап береді. Ғұлама Ибраһим ибн Әдһамнан "Менен дұға тілеңдер, (тілектеріңе) жауап беремін" (40.60): деген аят төңірегінде сұрап келген адамдар: "Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды" деп сұрағандарға Ибраһим ибн Әдһам былай депті: "Өйткені сендердің жүректерің он түрлі істеріңмен өліп қалған: 1 Алланы танып - біліп, Оның хақтарын өтемедіңдер. 2 Алланың Құранын оқып, оған амал етпедіңдер. 3 Ібілісті жау тұттық деп онымен сыбайлас болдыңдар. 4 Расулалланы (с.ғ.с) жақсы көреміз деп оның сүннетін тастап қойдыңдар. 5 Жұмаққа құлшынамыз дедіңдер, бірақ ол үшін амал етпедіңдер. 6 Тозақтан қорқамыз дедіңдер, күнәлардан тыйылмадыңдар. 7 Өлімнің ақиқат екенін білдіңдер, оған дайындық жасамадыңдар. 8 Басқалардың кемшілігін айтып, өз кемшіліктеріңе көз жұма қарадыңдар. 9 Алланың ризық - несібесінен дәм татып, оған шүкіршілік жасамадыңдар. 10 Өлгендеріңді көміп, одан ешбір ғибырат алмадыңдар" деді. Өлген жүректі тірілту үшін Ибраһим ибн Әдһамның бұл айтқан сөздерін басшылыққа ала отырып, оған сай риясыз амал жасау керек ол мынадай: 1 Алланы танып біліп, Оның хақын өтеу 2 Алланың Құранын оқып, оған амал ету 3 Ібіліске жау болып, онымен сыбайлас болмау 4 Расулаланы (с.а.с) жақсы көріп сүннетін тәрк етпеу. 5 Жұмақпен сүйіншіленген адамдар секілді амал қылу 6 Тозаққа жетелеуші күнәлардан тыйылу 7 Өлімнің хақтығына иланып ізгі амалдармен барзах әлеміне дайындалу 8 Біреудің көзіндегі шиді байқағанша өзіміздің көзіміздегі бөренеге мән беру. 9 Алланың берген ризық - несібесіне шүкірлік ету 10 Өмірдің өткінші екендігінен ғибырат алу.
Хатты жөндеген Salamat - Дүйсенбі, 12.Қазан.2009, 09:54 |
| |
| |
|
| Salamat | Уақыты: Дүйсенбі, 12.Қазан.2009, 10:15 | Хабарлама # 2 |
|
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
| Ибрахим ибн Адхамның (Алла оған разы болсын) жүрек өлуінің он себебі туралы айтқанда хазіретті Осман (р.а) Кәһф сүресінің 82 аятына берген тәпсіріне жүгінгенге ұқсайды анығы Аллаға аян. Осман (р.а) Кәһф сүресіндегі: "(Қабырғаның) астында ол екеуіне (тастап кеткен) қазына бар еді. Әке - шешелері ізгі адамдар болған" деген аят (Кәһф,82) туралы былай деген екен: "Мұндағы қазына бір алтын тақта еді. Онда төмендегідей жеті қатар нақыл сөз жазылыпты. 1 "Өлімнің сөзсіз болатынын біліп тұрып қаперсіз, шат - шадыман жүргенге таңданамын. 2 Дүниенің пәни - өткінші екендігін біліп тұрып оған қатты құмартқанға таңданамын. 3 Ризық несібенің тағдыр тақтасында жазылып қойғанын біліп тұрып одан айрылып қалам деп қам жегенге қарап таңданамын. 4 Есеп Күнін хақ екендігін біліп тұрып хисапсыз мал жинаудан талмағанға қарап таңданамын. 5 Тозақтың хақ екенін біліп тұрып, күнә жасаудан тыйылмағанға қарап таңданамын. 6 Жәннаттың хақ екендігін біліп тұрып, дүниеде қаперсіз жүргенге қарап таңданамын. 7 Шайтанның нақ дұшпан екенін біліп тұрып оған бой ұсынғанға қарап таңданамын"
|
| |
| |
|
| Rahim_Nur | Уақыты: Дүйсенбі, 12.Қазан.2009, 10:40 | Хабарлама # 3 |
|
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
| машаАллах, керемет!!!
"Береген қол алаған қолдан артық" Хадис Шәриф
|
| |
| |
|
| azamat_86 | Уақыты: Сейсенбі, 13.Қазан.2009, 00:44 | Хабарлама # 4 |
|
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 3
[ ]
Ажыратылған
| МашаАллаh!!!
|
| |
| |
|
| salemkaz | Уақыты: Сейсенбі, 13.Қазан.2009, 16:30 | Хабарлама # 5 |
|
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 32
[ ]
Ажыратылған
|
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): "Аллаһқа және ақырет күніне иман еткен адам тек қана жақсы нәрсе айтсын немесе үнсіз қалсын." (Имам Тирмизи)
|
| |
| |
|
| Salamat | Уақыты: Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 09:43 | Хабарлама # 6 |
|
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
| Хасан әл Басриден (Алла оны Рахымына бөлесін): "Бірде мен Басра қаласының көшелерімен бір тақуа жігітпен бірге келе жатыр едім алдымыздан дәрі сатып отырған кісі көрінді. Оның жан - жағында ерлер мен әйелдер жиналып қалыпты. Әрқайсысының қолында бір - бір құты, өздеріне керекті дәрілерді сұрап, құтыларға құйып алып жатыр екен. Қасымдағы жігіт сол дәрігерге жақындап барып: "Ей, дәрігер! Сенде күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?", - деп сұрады. Сонда әлгі дәрігер: "Бері кел! Менен он түрлі нәрсе ал. 1) Кедейлік ағашының суы мен кішіпейілдік ағашының суын ал. 2) Оларды тәубенің ем суымен араластыр. 3) Раббыңның разылығының диірменіне сал. 4) Қанағаттың сүргісімен жон. 5) Тақуалық қазанында қайнат. 6) Оған ұяттың суынан қос. 7) Мұны Аллаға деген махаббат отымен қайнат. 8) Сосын оны шүкірлік құтысына құй. 9) Үміт желімен салқындат. 10) Зікірдің қасығымен іш. Егер сен осы айтқанымды істесең осы дүниенің де, ақыреттің де барлық дерттерінен аман боласың" депті.
Хатты жөндеген Salamat - Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 09:45 |
| |
| |
|
| salemkaz | Уақыты: Сәрсенбі, 14.Қазан.2009, 10:40 | Хабарлама # 7 |
|
Лейтенант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 32
[ ]
Ажыратылған
|
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): "Аллаһқа және ақырет күніне иман еткен адам тек қана жақсы нәрсе айтсын немесе үнсіз қалсын." (Имам Тирмизи)
|
| |
| |
|
| Salamat | Уақыты: Бейсенбі, 15.Қазан.2009, 15:37 | Хабарлама # 8 |
|
Подполковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 137
[ ]
Ажыратылған
| Пайғамбарымыз с.ғ.с.: “Абай болыңдар! Адамдардың денесінде жұдырықтың көлемиіндей бір кесек ет бар. Егер ол жақсарса, бүкіл дене жақсарады, егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Сақ болыңдар! Ол – жүрек.” - деген екен. (Бұхари, Иман, 39; Муслим, Мусақат, 107) Аталмыш хадис турасында асыл дініміздің білгір ғұламалары "Бұзылған жүрек", "өлі жүрек", "кірлеген жүрек" - деген сөздерді - "Имансыз жүрек" деп шешсе. Ал "таза жүрек", "тірі жүрек" деген ұғымды - "Иманды жүрек" деп қарастырған. Тақуаларды екі дүниенің бақытына жетелейтін Алланың "Зікірінде" : " ... Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңе зейнеттеді" - деп айтқан (Хұжырат сүресі 7 аяты) Осы аятты тәфсірлеуші Пайғамбарымыз с.ғ.с. : "Иман келтіру дегеніміз құр иманды болсам екен деген арманмен, әшекей затпен сәндену емес. Бәлки, иман келтіру дегеніміз жүрекке зейнеттелген (бекіген, орныққан) нық сенім мен иманды екенін растайтын амал." - деп түсіндіреді. (Хадисті Әнас ибн Маликтен Ибн Ән - Нәжжәр риуаят еткен)
Хатты жөндеген Salamat - Бейсенбі, 15.Қазан.2009, 17:46 |
| |
| |