Аса қамқор, ерекше мейірімді аллаһтың атымен! Аллаһ тағала айтты: "олар аллаһтан басқа, (аллаһ) ол туралы ешқандай дәлел түсірмеген нәрсеге құлшылық етеді" (хадж, 71).
тағы да Аллаһ: "біз мұсаны біздің аяттарымызбен және анық билікпен жібердік", - деді (ғафир, 23).
шейх ибн әл-қайим былай деді: "аллаһ тағала айғақ пен дәлелді "билік", деп атады, себебі оның иесі билік пен күшке ие болады, әрі дәлел билігі арқылы ол надан адамдарды жеңе алады. білім билігі, қол билігіне қарағанда күштірек әрі ұлырақ. өйткені, дәлел арқылы күшпен жете алмайтын нәрсеге жетуге болады. және қол билігі денелермен басқаратын болса, онда дәлел билігі жүректерді басқарады" ("мифтәх дәрис-са`адә" 1/244).
ислам діні дәлелдер мен білімге негізделген, әрі ол көңіл-қалауларға, ой-пікірлерге және ақылға негізделмеген. `али ибн әбу толиб айтқан: "егер де дін ақылға негізделгенде, онда масихты мәсінің астына емес, үстіне сүрткен дұрысырақ болар еді. алайда, мен аллаһ елшісінің (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәсінің үстінен масих еткенін көрдім" (әбу дәуд 1/126. ибн хазм, ибн хаджәр, шейх әл-әлбәни сахих деген).
дәлелдер мен сілтемелерді талап ету дінімзде үлкен орын алады. өйткені, бұл - дінімізді түрлі жаңалықтар мен өзгертпелерден қорғайды. имам ибн әл-мубәрак айтқан: "иснад (хадис жеткізушілердің тізбегі) діннен. егер де иснәд болмағанда, онда қалаған адам қалаған нәрсесін сөйлейтін еді" (муслим, 1/15).
имам суфьян әс-сәури былай деген: "иснәд - мұсылманның қаруы. егер оның бұл қаруы болмаса, онда ол не арқылы күреседі?!" ("фәйдул-қадир" 1/433).
кімде-кім дәлел талап етпей тек сөздерге сүйенетін болса, ол ғалымдардың сөздері болса да, онда олар туралы имам әш-шәфи`и былай деген: "білімді дәлелсіз ізденетін адам, түн ішінде отын жинап, отынмен бірге ол адамды шағып алатын жыланды да қосып алған адам ұқсайды" (байхақи "әл-мадхал" 1/211).
кейбір мұсылмандар, олардан белгілі бір істеріне дәлел сұрайтын адамдарды бүлік шығаратындқтарында айыптау арқылы адасып жүр. біз сондай адамдардан сұраймыз: қашаннан бері дәлел талап теу бүлік болып саналады? сонда аллаһ тағала бізге дәлел талап етуді бұйырғанда бүлік туғызуға шақырғаны ма?
аллаһ тағала: "оларға айт: "егер айтқандарын рас болса, дәлелдеріңді келтіріңдер", - деп айтты ғой (бақара, 111).
шейх `абдур-рахман әс-са`ади бұл аяттың түсіндірмесінде былай деген: "кез-келген адам өз сөздерін растау үшін дәлел келтірі міндетті. егер ол бұны істей алмаса, онда оның негізсіз сөздері мен оған қарама-қарсы басқа негізсіз сөздердің еш айырмашылығы жоқ. міне сол дәлелдер арқылы біз түрлі сөздер мен мәлімдемеулердің қабыл болатынын немесе теріске шығарылатынын біле анықтай аламыз" ("тәйсирул-кәримир-рахмән" 42).
дәлелдерді талап ету - бұл әрбір мұсылманның құқығы, себебі олар арқылы адам түрлі күдіктер мен күмәндардан арылады.
`абдур-рахмән әл-әсәм айтқан: "бір күні әнәс ибн мәлик (деген сахабадан) намаздағы тәкбирлер туралы сұрағанда, ол былай дауап қатты: "тәкбирді тұрғанда, иілгенде, сәждеге барғанда, сәждеден бас көтергенде және келесі рәкәтқа тұрғанда айту керек". сонда адамдар одан:"сен бұны кімнен естідің?!", - деп сұрады. әнәс: "аллаһ елшісінен (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), әбу бәкрден, `умардан естідім", - деді де, үндемей қалды. сонда одан: "`усманнан ше?", - деп сұрағанда, ол: "`усмәннән да естідім", - деп жауап берді" (ахмад 3/257. иснәды сахих).
егер пайғамбарымыздың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының өздерінен дәлел талап етілген болса, онда басқа адамдар жайлы не айтса болды?! алайда, кейбір мұсылмандар қарапайым білім ізденушіден де дәлел сұрауға ұялады.
Ақпарат көзі: http://forum.al-hanifiya.kz/showthread.php?p=330