Ассаламуалейкум бауырлар! Баракаллаху фикум Саламат бауыр! Мен кішкене толықтырып кетсем деп едім, иманның негізі ол тек қанаQuote (Salamat) таухид - Рубубия емес,Аллаға иман келтіру тіректерінің негізгі тағыекі түрі бар,ол таухид-аль-Улюхия және таухид аль-асмам уа-сСыфат.Сіздің Quote (Salamat) Рубубия тек сөз жүзінде ғана емес ол амал жүзінде (құлшылық түрінде) расталуы керек. деген сөздеріңіз осы таухидтың аль-Улюхия екінші түрі болып саналады.Және үшінші түрі ол таухид асмаи уа-сСыфат.Мен сізді айыптап жатқан жоқпын,мумкін сіз көңіл бөлмей қалғаншығарсыз.?!Ғұламалар неге ТАУХИД-ті 3турге бөлді?Өйткені бұл сұрақта адамдарға түсінікті болу үшін осылай жіктеген. Адамдар "ТАУХИД" дегенде, тек осы "Рубубия" ғана түрін түсініп,ал қалғанын түсінбей Аллаға ШИРК қосып жүре береді.Ғұламалар сол себепті адамдарға түсінікті болу үшін "Құран және Сүннет" шеңберінде осылай бөліп жіктеген.Оны жақын адамдарымыздан сұрап тексеруге болады.Адамдар таухид рубубияны біліп,қалған екі түрінде Аллаға серік қосып жатқандарын көреміз,ал біздер білеміз Алла ШИРКТЕН басқасын кешірем деп ҚҰРАНДА айтқан,және Ширк күнәсін кешірмеймін деп айтқан. "Аллаһ өзіне ортақ қосуды кешірмейді,ал одан өзгесін қалаған кісісін кешіреді,сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса,расында жала қойып,зор күнәлі болды" -дейді. (ан-Ниса,48). Пайғамбарымыздан (Аллаһтың оған сәлемімен игілігі болсын) "Ең ауыр күнә не?"-деп сұрағанда ол:"Аллаһ Тағалаға серік(ширк) қосуың,Ол сені жаатты ғой"-деп жауап берді.(Бухари және Муслим). Және келесі бір хадисте:"Кім Аллаһ Тағаладан басқа нәрсеге сиынып жүріп өлген болса,ол тозаққа кіреді" деп айтылған.(Бухари)Негізінде адамдар бұл атуларды жаттап алу шарт емес,бірақ осы шартпен өмір сүру шарт. Өткен аят-хадистерден ақида ғылымының адам баласы үшін қаншалықты маңызды екені көрінеді.Ол адам баласын мушрик яғни құлшылығында Аллаһ Тағалаға серік қосушы болудан сақтандырып,күпірліктен қайтарады,Хақ Иесін танытып,Оған жақын болу жолдарын үйретеді.Quote (Salamat) Бірде Суфйан ибн Ғұйайнаға: "Адамдар иманның сөз екенін айтып жүр ғой", - дегенде, ол: "Бұл дін үкімдері түсірілмей тұрып болған еді. Ол кезде адамдар "Лә иләһә илләллаһ" (Алладан басқа ғибадат қылуға лайық ешбір тәңір жоқ) деп айтауға бұйырылған. Соны айтқан жағдайда жандары мен мал - дүниелерін сақтап қалатын. Алла Таъала адамдарды ықыласпен (иман келтірген) соң, оларға намаз оқуды бұйырды. Сөйті олар намаз оқыды. Егер намаз оқымаса, оларға мойындаулары пайда бермес еді", - деген. Ибн Ғұйайна осылай исламның барлық тіректерін атап шыққаннан кейін: "Ақыр соңында Алла Таъала олар өздеріне жүктелген мінденттерді қабыл алған соң : "Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай - ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым", - деді Мәида, 3 - аят. Міні осы сөзіңіз Таухид альУлюхия болып есептеледі. Тахидтің 3 түрінің бірі,ар-Рубубия.Таухидтің бұл түріне сеніп,қалған түрін қабылдамаса,бұл таухидтің (ар-Рубубия) түрі адамды оттан құтқармайды. Бұл жайында сахабалар мен муфасирлердің сөздерінен аңғаруға болады. Ибн Аббас әкесінен(Аллаһ оларға разы болсын) былай деген:"Олардың имандары мына нәрселерден құралған,оларға:"Көкті кім жаратқан?Жерді кім жаратқан?Тауларды кім жаратқан"-десең,олар "Аллаһ" дейді.Бірақ сонымен бірге олар Аллаға серік қосады". Икрима(Аллаһ разы болсын):"Сен олардан:"Сені кім жаратты?жер мен көкті кім жаратты?"-деп сұрасаң,олар "Аллаһ" деп жауп береді.Бірақ олар құлшылықтарында Аллаға ортақ қосады" деген. Муджахид(Аллаһ разы болсын) былай деген:"Олардың имандары: "Аллаһ-біздің Жаратушымыз.Ол бізді ризықтандырады және жанымызды алады" сөздерімен шектеледі.Олардың бұл сөздерінде көпқұдайшылық(ширк) бар,өйткені олар Аллаһқа құлшылық қылмайды" деп жеткізеді. Осы сөздерден байқасақ,жалпы мушриктер Аллаһтың Жаратушы(ар-Рубубия) екенін мойындаған. Мушриктер Алланың бар екнін мойындап,Оның-Жаратушы,Ризықтандырушы,Басқарушы екенін біліп, өздерінің табынатын тас,мүсін-пұттарының Аллаһтың қалайуынсыз ештеңке істейалмайтындарын,Аллаһтың қалауынсыз Ризық береалмайтындарын,Зиян келтіре алмайтындарын,пайда береалмайтындарын да білген.Сөйтіп олар Аллаға серік қосқан.Олар ол мүсін-пұттарына табынған себептері олар,сол пұттар,мүсіндер арқылы Аллаға жақындаймыз,және олар бізге шапағат етеді деген ниетпен оларға табынған.Сол кездегі мушриктер мен қазіргі кездегі адамдарды салыстыратын болсақ,мушриктер өз пұттарына тек шапағат үшін табынған. Ал қазіргі кездегі сұмдыққа қарайтын болсақ,адамдар "аруахтардан,әулие-әнбиелерден" сұрайды.Мысалы:Олардың сұрайтындары "О пәленше аруах маған бала бере гөр" , "Атамның аруағы маған намаз оқысын деп жатыр" тағы көптеген күпірлік сөздер бар уалияғзубилля.Сонда ол адам Аллаһтан қорықпай,сол атасының аруағынан қорыққаны ма?Ал Аллаһ "тек қана менен қорқыңдар" -деген еді ғой. Міне қазіргі кездегі адамдар тікелей аруахтардан т.б. сұрайды.Мушриктердің істеген амалдары,қазіргі адамдардың істеп жүрген адамдардың амалдарынан әлде жеңілілдеу болған.Сондықтан Аллаһтың алдындағы ең ауыр күнә ол-ШИРК. Баракаллаху фикум!
Абдулла
|