хиджап - Сұхбат
Жексенбі, 20.Мамыр.2012, 23:22
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Имам Ғазали?? Уақыты: 12.Мамыр.2012, 03:27
Соңғы жазған: Salamat
3 Дін және Философия
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 26.Сәуір.2012, 06:03
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
16 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Келіңіздер танысалық Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:04
Соңғы жазған: Admin
12 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Дінислам сайты қайта жанданған секілді Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:01
Соңғы жазған: shamshat
9 ДІНИСЛАМДА болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 23.Ақпан.2012, 18:11
Соңғы жазған: kerbulak
4 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: MЕДИА ::... » Кітапхана » хиджап (хиджап)
хиджап
zhukaУақыты: Сәрсенбі, 06.Қаңтар.2010, 22:52 | Хабарлама # 1
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 3
[ ]
Ажыратылған
ХИЖАБҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫСЫМ КӨРСЕҢІЗ…
Мұсылман әйел-қыздарға жаднама
Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. (ҚР Конституциясы, 14—бап)
Қазіргі кезде оқу орындарында (мектептерде, жоғары оқу орындарында, колледждерде т.б.) орамал немесе хиджап киген мұсылман қыздардың дәрістер мен сабаққа қатысуына тыйым салу оқиғалары жиі қайталанып жатыр.Көп жағдайда бұл мекемелердің басшылары жоғарыдан келген нұсқауларға және оқу орнының ішкі ережелеріне (нормативтік құқықтық актілеріне) сілтеме жасайды.
Алайда адамның өзінің қай дінге жататынын көрсетуі ең жоғары заң күшіне ие болған Конституцияның өзінде рұқсат етілген. Сондықтан оқу орындарының немесе олардың жоғары тұрған шененеуніктерінің талаптары Конституция нормаларына қайшы келсе, онда ол талаптар заңсыз деп танылады. (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы; 4; 6 бап)
Егер оқу орнының қызметкерлері қыз баланың басындағы орамалды мәжбүрлеп шештірсе, оған тіл тигізіп, оның ар-намысын қорласа, дінін келемеждесе, онда ол немесе оның ата-аналары сотқа шағымдануларына және прокуратура органдарына арыздануларына болады. Бұл жағдайда ҚР Конституциясын бұзғандарға лауазымынан шеттетілу, айыппұл төлеу немесе бас бостандығынан айырылу қауіпі төнуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясынан көшірме
14—бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
19—бап
1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен көшірме
3-тарау. Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қарсы қылмыстар
141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасы, сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу – екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет – бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ҚР Еңбек көдексінен көшірме
7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.
2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
ҚР «Білім туралы» Заңынан көшірме
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары:
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңынан көшірме
4-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
6-бап. Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық
нормаларының қайшылықтары
1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 Заңы
8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
Хижап киюді Исламдағы ағым деп жүр. Осының анық-қанығы қандай?
Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы.
«Нұр» сүресінде:
وَقُل لِّلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ
«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын...» ("Нұр" сүресі, 31-аят),- делінеді.
Құранда қыз-келіншектердің киетін киімінің нақты пішімі айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін ерекше айқындамайтын кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді, әрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға сай киім киюге ислам дінінде қарсылық жоқ. Сауд Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі барша мұсылмандар ға парыз емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан, Құран өлшемдерінен шықпау шартымен әр мұсылман киім үлгісін өзінің менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай, әрі өздері өмір сүріп отырған жерлердегі ауа райы ерекшеліктеріне ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне де байланысты кимешек үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдерін ескере отырып, заман талабына сай әр түрлі ұлттық киім үлгілерін тігуге неге болмасын?! Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын киім кию - ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден арылар едік. (Қ.Жолдыбайұлы «Күдікпен күрес», Алматы, 2008ж. 151-бет.)
Сұхбат » ...:: MЕДИА ::... » Кітапхана » хиджап (хиджап)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно