Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Мұсылман адам алдыменен сәлем беру керек емес пе?! Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): "Кім-де кім сөзін сәлемнен бұрын бастаса,оған жауап бермеңдер"-деген. ат-Табарани. Және де келесі хадисте: "Адамдардың ең сараңы сәлем беруде сараңдық тантқаны"-деген. әл-Бухари "Адаб-уль Муфрад". Және де келесі хадисте: "Бір-бірлеріңді жақсы көрулерің үшін не істеу керектігін айтайын ба?-деп,кейін:"Өз араларыңда сәлемді жайып тарқатыңдар"-деген". Муслим. Тағы бір хадисте: "Мұсылман адамның басқа мұсылманда алты хақысы бар"-деді.Сонда сахабалар: "ол қандай"-деп сұрақ қойғанда,сонда ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын);Егер оны кездестірсең,оған сәлем бер..................."-деген. Муслим. Бауырлар сәлем беріп үйренейік иншаалла! Quote (rbch1) неге НАМАЗды - діннің тірегі дейміз?? Бауырым өйткені оны Аллаһ айтты жане Аллаһтын салаллаху алейхи уа салам елшісі айтты.Ал Аллаһтың бізге бұйырған нарселеріне "неге" деп сұрақ тыйым салынған.Оны Аллаһтын даналығына сай Аллаһ өзі біледі,ал біздерге тек қана бойұсынып,орындау болып табылады.Сондыктан бауырым Аллаһ бизге бұйырды ма оны орында деп,біз "неге" демей орындауымыз керек,ал бұл жайында Аллаһ былай дейді: "Міне осы Кітапта кудік жоқ,тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Сондай олар ғайбқа иман келтіреді,намазды толық орындайды.....олар(Мұхаммед) саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ахиретке анық нанады".(әл-Бақара,1-4.) Бауырым міне бұл сүреде мүміндердің сипаттарын көрсетеді,олар неге деген сұрақ қоймады,осынысымен муміндер кәпірлерден айырмашылығы болу керек.Сондықтан Аллаһ және Оның елшісі(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге бұйырса,бізге сол жеткілкті.
Абдулла
|