Тарауих намазы және қасиеттері - Сұхбат
Жұма, 01.Тамыз.2014, 22:54
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Шілде.2014, 21:53
Соңғы жазған: akonty_93
38 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 20.Наурыз.2014, 18:14
Соңғы жазған: Sabbit
10 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» Уақыты: 25.Ақпан.2014, 14:11
Соңғы жазған: Человек
76 Үйлену оңай, үй болу қиын.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Тарауих намазы және қасиеттері
Тарауих намазы және қасиеттері
janbolatУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 02:55 | Хабарлама # 1
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Рамазан айында құптан намазынан кейін қылынатын намаздың аты - Тарауих намазы. Арапша мағынасы "отыру, демалу" дегенді білдіреді. Тарауих намазы әр төрт рәкаттың соңында отырып біраз демалатындықтан осылай аталады.

Тарауих намазы, әйел-еркек әрбір мұсылман үшін муәккәт сүннет. Тарауих - оразаның сүннеті емес, уақыттың сүннеті. Сондықтан ораза ұстай алмағандар да тарауих намазын қылады.

...


KZ

Хатты жөндеген janbolat - Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 02:56
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 02:59 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Тарауих намазы
Тарауих – Рамазан айына ғана тән 20 рәкаттық намаз. Ол «тынығу, демалу, рахаттану» деген мағынаны бiлдiредi. Рамазан айында Тарауих намазын оқу Ислам рәмiзiне жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм Рамазан намазын (тарауихты) шын көңiлiмен сауабын Аллаһтан күтiп оқыса, оның өткен күнәлары кешiрiледi» деп үмметтерiнiң сауабы мол намазды оқуға деген құлшынысын арттыруға тырысқан.




ansarУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 06:47 | Хабарлама # 3
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 8
[ ]
Ажыратылған
Assalamualeikum!
Eger tarauix namazy okylmai kalsa, keiin kazasyn öteu kerekpe '(jolaushylyk jagdaida)?
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 06:50 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Quote (ansar)
Eger tarauix namazy okylmai kalsa, keiin kazasyn öteu kerekpe '(jolaushylyk jagdaida)?

Таруих намазы сүннет болып есептеледі, Оқылмай қалса қазасы өтелмейді.

Мысалы: егер намаз қаза болса ол уақытта негізі тек парыздары ғана өтеледі.




ПаленшеУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 21:29 | Хабарлама # 5
Тобы: Удаленные
[ ]
8 рәкәт қылып оқуға боладыма?
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 24.Тамыз.2008, 22:00 | Хабарлама # 6
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Сахабалар Пайғамбарамыздың с.а.с. ең соңғы жылы 20 ракат оқығандығына куәгер болған, осыған байланысты 20 ракат оқыған.
Негізі толық оқыған дұрыс қой.
Мекке мен Мединеде және басқа да араб, түрік елдерінде әр жылы рамазан айында тарауих намазын екі рататтан 20 ракат қылып оқиды.
Демек қысқартпай толық қылып оқыған дұрыс.




akimУақыты: Дүйсенбі, 25.Тамыз.2008, 01:13 | Хабарлама # 7
Имам сайтының әкімі
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 14
[ ]
Ажыратылған
Ассалаумағалейкум
Құрметті жамағат, осы тарауих намазын мешітте оқу керек пе? алде үйде оқысада бола береді ма?
Ауылда қариялар үйде оқып жатады ғой осы жиналып.
ali_bekenУақыты: Дүйсенбі, 25.Тамыз.2008, 01:28 | Хабарлама # 8
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Ассаламу алейкум!
Әрине тарауихты қайда оқысада бола береді, бірақ мешітте оқудың сауабы көбірақ.


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)
Dinislam_KzУақыты: Дүйсенбі, 25.Тамыз.2008, 01:36 | Хабарлама # 9
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
Quote (akim)
Құрметті жамағат, осы тарауих намазын мешітте оқу керек пе? алде үйде оқысада бола береді ма? Ауылда қариялар үйде оқып жатады ғой осы жиналып.

Негізі "мешіт" сөзі арабшадан келген. арбша "масжид" яғни, сәжде қылатын орын деп аталады, басқаша айтқанда намаз оқылатын орын.
Тарауих намазы өзі жылына бір-ақ рет келеді. Олай болса неге үйде жатамыз.
Келіңіздер оданда мешіттерді толтырайық.
Демек тарауихты да мешітте оқуымыз керек екен.




АбдулазизУақыты: Сейсенбі, 26.Тамыз.2008, 03:55 | Хабарлама # 10
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 1
[ ]
Ажыратылған
ассалам алейкум
тарапы намазында тәсбіх айту міндетті ма осы,
кей жерлерде тасбихтің орнына уағыз айтады. осы дұрыс па?
сосын тағы сұраұ тарапы намазы 4 ракаттан оқылады ма әлде 2 ракаттан ба?
Алдын ала рамет айтамын
ali_bekenУақыты: Сейсенбі, 26.Тамыз.2008, 04:18 | Хабарлама # 11
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 35
[ ]
Ажыратылған
Абдулазиз
Уа алейкум ассалам!
Тарауих намазы екі ракатта бір салем немесе төрт ракатта бір салем беріп оқыса да болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде таспихты қалай айту керектігі көрсетілген. Сондықтан айтқан сауап болады. Әбу Хурайра пайғамбарымыздан (с.ғ.с) риуаят етіп айтты: "Рамазан айының қасиеттеріне сеніп және сауабын үміт етіп , тарауих намазын оқыған адамның бұрынғы істеген күнәлары кешіріледі "-делінген. Алла сауаптардан жазған болсын. Олай болса білмей пендешілікбен істеген күнәларымызға Алла тағаладан кешірім сұрап, жалқаулық етпей құлшылықта болайық.


"АЛЛАҺ ТАҒАЛА ТУРА ЖОЛ ТАПҚАНДАРҒА ТУРАЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ." (Мәриям сүр. 76- аят.)

Хатты жөндеген marko - Сейсенбі, 26.Тамыз.2008, 05:04
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 06.Қыркүйек.2008, 23:37 | Хабарлама # 12
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 873
[ ]
Ажыратылған
ТАРАУИХ НАМАЗЫ
Тарауих намазы ер кісілер мен әйелдерге «суннә муаккәдә». Ол Рамазан айының әр түні оқылады. Тарауих деген сөз араб тілінде демалу деген мағынада.
Тарауих намазы құптан мен үтір намаздарының арасында оқылады. Тарауих намазының қазасы оқылмайды. Егер біреу қаза ғып оқыса, ол тарауих боп саналмайды. Төрт мазһаб бойынша тарауих намазының саны 20 ракағат. Ал одан аз оқыған адам оқыған намазының сауабын алады.
Тарауих намазы және үтір намазы тек Рамазан айында жария оқылады. Бүл намазды екі немесе төрт ракағаттан оқуға болады. Әр төрт рәкағаттан кейін тасбих оқылады және Аллаһты еске алуға, мадақ айтуға болады. Ол мустахаб боп есептеледі.
Егер біреу мешітке кешігіп келіп, имам тарауих намазын оқып тұрған болса, алдымен құптанның парызын оқып, кейін тарауих намазына жамағатқа қосылуы керек. Құптан намазының екі ракағат сүннетін намаз арасындағы отырыста оқып алуға болады.
Тарауих намазы әдеп бойынша мешіттерде жамағатпен бірге оқылады. Егер мешітке ешкім келмесе, жамағаттың барлығы сүннетке қайшы әдепсіздік танытқан болып есептеледі. Алайда оны үйде оқуға болады, бірақ жалғыз оқыған намазхан жамағат намаздың сауабынан құр қалады. Ораза бойы бір рет Құран Кәрімді бастан аяқ хатым ету—сүннет.
"Намаз - жаннатқа апарар жол". Алматы, 2006ж. "Әлбаракат" баспасы, 135 бет.




IslamNuryУақыты: Сәрсенбі, 19.Тамыз.2009, 00:21 | Хабарлама # 13
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
Тарауих намазында оқылатын таспих:

Оқылуы: Субхана зиль-мульки уаль-малякут. Субхана зильг-гьиззати уаль-гьазамати уаль-къудурати уаль-кибрия'и уаль-джабарут. Субханаль-маликиль-хайил-лязи ля ямут. Суббухун, Къуддусун Раббуна, уа Раббуль-малаа'икати уар-рух. Ля иляhа илля Аллаh, настагъфируллаh. Нас'алюкаль-джанната уа нагьузу бика минан-нар.

IslamNuryУақыты: Сәрсенбі, 19.Тамыз.2009, 00:21 | Хабарлама # 14
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
Тарауих намазының дұғасы:

Оқылуы:
Аллаhумма салли гала Мухаммад, уа гьала али Мухаммад, уа саллим. Аллаhумма зайина бизиинатиль-ийман, уа шаррифна би шарафатиль-хидаяти уаль-гьирфан. Уа-кримна бисиями шахри рамадан. Уарзукъналь-джанната уаль-гьуфран. Уа такъаббаль минна тарауихана, я Субхан. Уа-стаджиб дугьа'ана, я Ханнан. Бифадлика уа джуудика, я Маннан. Бирахматика, я Архамар-Рахимин.

IslamNuryУақыты: Сәрсенбі, 19.Тамыз.2009, 06:11 | Хабарлама # 15
Сержант
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 21
[ ]
Ажыратылған
Тарауих намазының сауаптары
Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазан айының адамзатқа рухани және әлеуметтік, медециналық жағынан пайдасы бар. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң 20 ракат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ- топ болып, жамағат болып, біргелікте оқиды. Осы тарауих намазын оқығанның қаншалықты сауабы бар екенін көпшілік біле бермейтіні рас. Рамазан айында 20 ракат тарауи намазы жайында Али (р.а) пайғамбарамыз Мұхаммед (с.а.у) нан сұрағанда. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деп жауап берген: жалғасы мұнда
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Тарауих намазы және қасиеттері
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2014 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно