Мухаррам айында ораза ұстау.... - Сұхбат
Жексенбі, 20.Мамыр.2012, 23:39
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Имам Ғазали?? Уақыты: 12.Мамыр.2012, 03:27
Соңғы жазған: Salamat
3 Дін және Философия
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 26.Сәуір.2012, 06:03
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
16 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Келіңіздер танысалық Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:04
Соңғы жазған: Admin
12 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Дінислам сайты қайта жанданған секілді Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:01
Соңғы жазған: shamshat
9 ДІНИСЛАМДА болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 23.Ақпан.2012, 18:11
Соңғы жазған: kerbulak
4 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 1 из 11
Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Мухаррам айында ораза ұстау.... (Мухаррам айында ораза ұстау....)
Мухаррам айында ораза ұстау....
Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 01.Қаңтар.2009, 20:09 | Хабарлама # 1
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Мухаррам айында ораза ұстау....
Мұхарам айын көп дұға, зiкiрмен өткiзейiк.

Мұхаррам айы (яғни дәл қазіргі ай) мұсылман күнтізбесінде жыл басы болып саналғанымен, ислам шариғатында оның 1-ші күні мереке болып есептелмейді. Тіпті оған ислам әлемінде ешкім: “һижри жаңа жыл басталып кетіпті ғой” - деп те көңіл аудармайды. Мұхаррам айы Аллаһ Тағала қасиетті деп белгілеген төрт айдың бірі. Мухаррам айының оныншы күні дінімізде Ашура күні болып белгіленген. Бұл айда Аллаһқа деген құлшылықтарымызды күшейтуге және сауапты игі амалдар жасауға тырыссақ абзал.

МУХАРРАМ АЙЫНЫҢ ОРАЗАСЫ.

“Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы—Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз—түнгі (тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.г.) Имам Муслим жәнв Имам Тирмизи риуаят етті.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Ашура (Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бүйырды.” Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Бухари жэне Имам Муслилі риуаят етті.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Арафа куні ораза үстаудың қасиеттілігі жайында сүралғанда: “Өткен жыл мен келер жыддың күнәсін жуып—шаяды”, - деп жауап берді. Кейін Мухаррам айыньң оныншы күнінде ораза үстаудың қасиеттілігі жайында сүралғанда: “Өткен жылдың күнәларын жуып—шаяды”,—деп жауап берді.” Хадисті Омардан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.

“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Мәдинаға һижрат етіп келгеннен кейін, ондағы яһудилердін Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтынын байқадьт. Яһудилер бүл жайында сүралғанда: “Бүл—Аллаһ Тағала Мүса (ғ.с.) мен Исраил (Яғқүб ғ.с.) үрпақтарын Перғауынның зорлық—зомбылығьшан құтқарған күн. Біз осының кұрметіне ораза ұстаймыз”,—деп айтқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Мүсаға (ғ.с.) олардан гөрі біз жақынбыз!”,-деп Мухаррам айының оныншы күні ораза үстауды бүйырды.” Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.

“Жәһилийат дәуірінде (Исламнан бүрын) Құрайш қабиласы (тайпасы) Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтын. Расулуллах (с.ғ.с.) та бүл оразаны үстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен (қоныс аударғаннан) кейін бүл оразаны Өзі (с.ғ.с.) ұстап, оны басқаларға да бүйырды. Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгеннен кейін: “Қалаған адам Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын”,—деп айтты.” Хадисті Айша анамыздан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті. "Иман" блогынан.




Dinislam_KzУақыты: Бейсенбі, 01.Қаңтар.2009, 20:11 | Хабарлама # 2
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
АШУРА КҮНІ

Мухаррам айы мен осы айдағы Ашура күні дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Ашура күні – Мухаррам айының оныншы күні. Бұл күн биыл қаңтар айының 29-жұлдызына сәйкес келеді. Хадис кітаптарында бұл күннің Ашура деп аталуының сыры осы күні Аллаһ Тағала он пайғамбарға он түрлі сый бергендігінің нәтижесі екендігі айтылады. Олар:
1.Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.
2.Нух (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.
3.Юнус (а.с.) пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.
4.Адам (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
5.Юсуф (а.с.) пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.
6.Иса (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.
7.Дәуіт (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
8.Ибраһим (а.с.) пайғамбардың ұлы Исмаил (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген.
9.Якуб (а.с.) пайғамбар ұлы Юсуф (а.с.) үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.
10.Айюб (а.с.) пайғамбар науқасынан осы күні айыққан. (Сахих Муслим түсініктемесі 6: 140)
Осындай маңызды оқиғалар орын тепкен Ашура күні мұсылмандар арасында да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінен бері жалғасын тауып келеді. Мухаррам айы мен Ашура күні тіпті яһудилер мен христиандар тарапынан да қасиетті деп саналған күн болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға һижра жасаған уақытта сол жердегі яһудилердің ораза ұстағандарын көреді. Сосын оның себебін сұрағанда, олар: «Бүгін Аллаһтың Мұсаны дұшпандарынан құтқарып, Ферғаунды суға батырған күні. Мұса бұл күні шүкірлік ретінде ораза ұстаған», - деп жауап береді. Сонда Расулуллаһ (с.а.у.) : «Мұсаның сүннетін орындауға сіздерден гөрі біз лайықтымыз әрі құқылымыз» - деп, сол күні ораза тұтып, оны өзгелерге де ұстауды әмір етеді. (Ибн Мәжә, Сиям:31)
Ашура күні тек яһудилер мен христиандарда ғана емес, Нұх (а.с.) пайғамбардан бері қасиетті деп саналған. Тіпті Исламнан бұрын жаһилия дәуірінде, яғни арабтар арасында Ибраһим (а.с.) пайғамбардан бері қасиет тұтылып, ораза ұстаған көрінеді. Бұл жөнінде Айша (р.а.) анамыз былай дейді : «Ашура жәһилия дәуірінде Құрайш тайпасы арасында ораза ұстаған күн болатын. Пайғамбарымыз да осыған сәйкес әрекет ететін-ді. Мәдинаға һижра жасағаннан кейін де бұл оразаны жалғастырды және басқаларға да әмір етті. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін ғана Ашура күнгі оразаны тастады. Бұдан кейін мұсылмандардың қалағаны ұстап, қаламағаны ораза ұстамады». (Бухари, Саум: 69) Басқа бір риуаятта : «...Қалаған кісі ұстасын, қаламаған ұстамаса да болады» - дегендігі айтылған. (Муслим, Сиям: 117) Осының нәтижесінде Ашура күнгі ораза сүннет ораза ретінде қалды.
Ашура күнгі оразаның артықшылығы Рамазан айындағы оразадан кейін тұрады. Бұған байланысты бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.у.) : «Рамазаннан кейін қай кезде ораза ұстауыма насихат етесіз» - деп сұрағанында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Мухаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубасын қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» - деген. (Тирмизи, Саум: 40) Тирмизи келтірген тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Ашура күні ұсталған оразаның Аллаһ алдында сол күннен бұрынғы бір жылдың күнәларына кәфәрат болатындығына үлкен үміт артамын» - деген. Тағы бір хадисінде: «Рамазан айынан кейінгі ең абзал ораза – Аллаһтың айы болған Мухаррам айында ұсталған ораза» (Ибн Мажә, Сиям:43) - деп, бұл күні ұсталған оразаның артықшылығын білдірген. Сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сай Ашура оразасын ұстап, оның сауабына жетуді Аллаһ баршамызға нәсіп етсін.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ашура оразасын ұстағанда яһудилерге ұқсамау үшін Ашурадан бір күн бұрын не бір күн кейін қоса ораза ұстауды насихат еткен. Бұл күні оразадан басқа да қайырлы, сауапты істерді істеген абзал болады. Әсіресе, мүмин кісі өзінің отбасы мүшелеріне осы Ашура күні көбірек сый-сыяпат жасауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде : «Кім Ашура күні жанұясы мен үй ішіне сый-сыяпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді» - деген. Бұл күні жанұя мүшелерімен қатар туған-туыстарын, дос-жарандары мен жетімдерді және көрші-қолаңды да ұмытпаған жөн.
Сондықтан осы күннің қадір-қасиетін біліп, шамамыз келгенше жақсылық жасауға тырысайық. Осы күннің септігімен Аллаһ Тағала жыл бойы үй-ішіміздің береке ырысын арттырып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді нығайтсын! Мукарам Зунинқызы. "Рахмет Самалынан"




akimУақыты: Жұма, 02.Қаңтар.2009, 18:57 | Хабарлама # 3
Имам сайтының әкімі
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 14
[ ]
Ажыратылған
assalamu alaikum
ashura kaı kunı boladı jane kansha kun oraza ustau kerek
aldin ala rahmet
Dinislam_KzУақыты: Жұма, 02.Қаңтар.2009, 19:04 | Хабарлама # 4
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Quote (akim)
ashura kaı kunı boladı jane kansha kun oraza ustau kerek

уа алайкум ассалам
Аллаһ қаласа алдағы сәрсенбі ашура күні
Пайғамбарымздың с.а.с. заманында да яһудилер осы күнде ораза ұстаған екен,
сол кезде Пайғамбарымыз с.а.с. яһудилерге ұқсап қалмас үшін
ашурадан бір күн бұрын немесе бір күн кейін ораза ұстаңдар деген яғни осылайша бір емес екі күн болды.
немесе ашурадан бір күн алдын және кейін ұстап үш күн ұстасаңызда жақсы болады.




Сұхбат » ...:: Аллаһтың құзырында қабыл болатын дін, тек - Ислам ғана ::... » ОРАЗА (Қош келдің - Рамазан) » Мухаррам айында ораза ұстау.... (Мухаррам айында ораза ұстау....)
Страница 1 из 11
Поиск:


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно