Мәуліт бидғат па?? - Страница 2 - Сұхбат
Дүйсенбі, 22.Желтоқсан.2014, 01:20
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Болашақ жар таңдаймын... Уақыты: 15.Қараша.2014, 21:25
Соңғы жазған: Jason
11 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Мұсылманша неке қию Уақыты: 02.Шілде.2014, 21:53
Соңғы жазған: akonty_93
38 Үйлену оңай, үй болу қиын.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 28.Сәуір.2014, 17:48
Соңғы жазған: zhanbolat87
6 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
Келіңіздер танысалық Уақыты: 02.Наурыз.2014, 23:28
Соңғы жазған: umka88
15 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
«Екеудің құпиясы» (ислами негізде) «Жатын бөлме кітапшасы» Уақыты: 25.Ақпан.2014, 14:11
Соңғы жазған: Человек
76 Үйлену оңай, үй болу қиын.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 2 из 3«123»
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Сүннеттің бәрі - құлшылық! » Мәуліт бидғат па??
Мәуліт бидғат па??
toalimbayУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 03:14 | Хабарлама # 16
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 16
[ ]
Ажыратылған
скажите иншалла как тогда мы должны праздновать ДР пророка мир ему???пусть все тогда празднуют ДР.и не надо на КМДБ опираться, не каждый кто делает иджтихад бывает правильным, и количество той или этой стороны ничего никогда не значило!!!Аллаху та'ала уалим
Ассалам алейкум уа рахматуллахи уа барекатуху
janbolatУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 05:59 | Хабарлама # 17
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
1) брат, скажу тебе коротко...
у всего есть предел. и не надо выходить за рамки этого предела (еще короче: не надо тут умн......)

2) хочешь узнать что именнно делается во время маулит? сходи на эту программу (если будет иншааллах) или посмотри прошлогоднее видео

-) я не операюсь на думк. не в одном казахстане это проводится.

3) задайся себе вопросом: почему все мусульмане до нас с тобой, жили в мире и согласии?
от того что не было о чем по спорить? или у них не хватало мозгов рассказать об этом бидаате?

напишу на кз. так легче:
алимдердің түрлі көзқарастары бар жерде, мұсылмандар бір-бірін айыптамаған жөн. сондай понятие бар (есіңе сақтап ал)

4) И ЕЩЕ, САМОЕ ВАЖНОЕ тебе:
если найдешь там в этой программе, что-нибудь такое которое бы не вписывалось в законы ислама,
вот тогда можешь что-то говорить.
И не надо там сидеть болтать по-пусту: "ДР", "празднование", "ой бай, биддаат..." и.т.п

5) Если такой умный, почему бы тебе не попробывать собрать такой же зал интелегентных людей
и попробывать им рассказать хоть что-то об исламе.

6) Делом надо заниматься. Не понятно? Бери пример у ДУМК.

7) Не мешай (ДУМК)

8) и еще, ответь на мой вчерашний вопрос (где то в верхних постах)

надеюсь ясно выразился

извини, за карявый русский

assalam


KZ
janbolatУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 06:04 | Хабарлама # 18
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Қатты бірнәрсе айтып жіберсем toalimbay, ренжіме

Осымен осыған үлкен нүкте қояйық.


KZ
toalimbayУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 07:25 | Хабарлама # 19
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 16
[ ]
Ажыратылған
брат нафсу не надо поддаваться. агузу билля. может мне еще пойти ДР Абу Бакра радиаллаху та'ала анх отметить??или твое к примеру??
пишешь программа есть где подробно показывают этот ритуал, и я спрошу тебя о брат кто их научил?пророк мир ему?или агузу билляхи минаш шайтанир раджим.
брать пример у КМДБ без иснада - глупо. пусть дадут далил по Книге Аллаха субханалла та'ала или из сунны Пророка мир ему баракаллахуфикум.

пс. какие обиды. мы всего лишь хотим разобраться иншалла. :)

janbolatУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 11:15 | Хабарлама # 20
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (toalimbay)
может мне еще пойти ДР Абу Бакра радиаллаху та'ала анх отметить??или твое к примеру??

вы кажется еще не поняли истинную суть всего этого

ответьте на все мои критерии, потом продолжим


KZ
AL_HanifiyaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 12:39 | Хабарлама # 21
Тобы: Удаленные
[ ]
Құрметті мұсылман бауырлар бұл мәселе біз талқылайтын мәселе емес! Олай деп айтып отырғаным, Кезінде Абу Ханифа елдің даулы мәселесін шариғатқа сәйкес шешіп жүрген кезде, туған баласы келіп "Әке неге мені пікір-таласқа арластырмайсыз"- деп сұрайды. Сонда Абу Ханифа "Сендер бір-бірлеріңнің сөздерін жоққа шығарып, өздеріңнің сөздеріңді дұрысқа шығаруға тырысасыңдар (былайша айтқанда бір-бірлеріңді сүріндіруге тырысасыңдар), ал біз болсық сөздеріміздің бір жерден шығып, ортақ пікірге келуге тырысамыз"! Сондақтанда бұл мәселені ғалымдардар талқыласын, ортақ бір шешімге келсін! Сосын Мәуліт бидғат па? бидғат емес па? бізге белгілі болады!

(Егерде араларыңда маған келіспейтіндерің болсы, маған жауап жазбаяқ қойыңыздар! өздеріңіздің пікірлеріңізда айтып сайыса беріңіздер! Мен осы тақырыптағы сайысқа араласпаймын!)
Кешірімді Аллаһ Тағаладан пана тілеймін!

Хатты жөндеген nabi - Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 12:43
janbolatУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 12:53 | Хабарлама # 22
нөл
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
сізбен толық келісемін, бауырым.

ғалымдар бұл нәрсе туралы екі көзқараста.

мәулітті өткізгісі келген өткізеді, өткізбеген өткізбейді.

өткізбейтіндер өткізетіндерді айыптауының қажеті жоқ !!!


KZ
AL_HanifiyaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 13:24 | Хабарлама # 23
Тобы: Удаленные
[ ]
Quote (janbo87)
мәулітті өткізгісі келген өткізеді, өткізбеген өткізбейді.

Ғалымдардың шешімі шыққан болса бұл тақырыптаға сұқбатты жабық деп есептейік! Мәулітті өткізгісі келгендер өткізсін, өткізгісі келегендер өткізбесін! (Ғалымдардың пікірі) Менің алып қосарым жоқ! "Шындығын Мейірімді Алла біледі"!
HAMZAУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 14:37 | Хабарлама # 24
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
МЕНДЕ БІР СҰРАҚ ТУЫНДАП ОТЫР ДА..........
СОНДА, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ(с.а.с.) ЖӘНЕ ОНЫҢ САХАБАЛАРЫ ІСТЕМЕГЕН, СОНДАЙ-АҚ ТӨРТ ҰЛЫ ИМАМДАР Я АЙТПАҒАН, Я ІСТЕМЕГЕН НӘРСЕНІ БИДҒАТ ДЕМЕГЕНДЕ БАСҚАША ҚАЛАЙ АТАЙМЫЗ, АҒАЙЫНДАР?


НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
AL_HanifiyaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 14:54 | Хабарлама # 25
Тобы: Удаленные
[ ]
Достар әркім өз білгенімізше ой-пікір алмастық енді Ғалымдардың пікіріне құлақ түрейік:

Аллаһ Тағалаға сансыз мақтау, Пайғамбарымызға салауат болсын!

Шын мәнінде Аллаһ Тағаланың адам баласына берген нығмет-несібелері шексіз. Оны санап та тауыса алмайсың. Құран Кәрімде:

«Аллаһтың нығметін санайтын болсаңдар, санына жете алмайсыңдар» делінген. (Ибраһим сүресі 34-аят)

Осы нығметтердің ең үлкені бізге дұрыс жолды көрсету үшін өз арамыздан таңдап алынған пайғамбарлар мен олар арқылы келген иләһи кітаптар. Бұл тұрғысында Аллаһ Тағала былай дейді:

«Әй адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге шипа, сенушілер үшін тура жол және рахмет келді». «(Мұхаммед а.с.): Олар Аллаһтың кеңшілігі, мәрхаметімен болған. Сол үшін олар қуансын...». (Юнус сүресі 57-58 аяттар)

Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) осындай нығметтің қадір-қасиетін білуді, оған шүкір етуімізге насихаттады. Сонда Пайғамбарымыздан дүйсенбі күнгі тұтылатын ораза жайында сұралғанда, ол (с.а.у.):

«Ол күні мен туылғанмын. Әрі уахидің маған түсіріле бастаған күні» деп жауап берген болатын. (Муслим, Ораза 1162)

Мұсылмандар үшін пайғамбарға деген сүйспеншілік әр уақытта ең бірінші кезекте болу керек. Өйткені Құранда: «Пайғамбарлар, мүминдер үшін өздерінен артық» деген аят бар. (Ахзап сүресі 6-аят)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде де:

«Сендердің ешқайсысыларың мені ата-анасынан, бала-шағасынан және барлық адамзаттан артық жақсы көрмейінше, нағыз иман келтірген болып есептелмейсіңдер» деген. (Бухари, 6632)

Жоғарыда айтылған аят-хадистер пайғамбарымыздың туылған күнін, оның пайғамбарлығына шын көңілмен қуанып шүкіршілік етуіміз керектігін білдіріп тұр. Тіпті қай уақытта қуанып, шүкіршілік етуіміз керектігі де айтылған. Яғни, дүйсенбі күні ораза ұстау арқылы мәулітті апта сайын тойлаған болып саналамыз. Дегенмен «Рабиул әууәл» айының он екінші күнін яғни Пайғамбарымыздың туған күнін «мәуліт кеші» ретінде атап өте аламыз ба, жоқ па? Бұл жөнінде Ислам ғалымдары әртүрлі көзқарастарды алға тартса да, көбісі мәуліт кешін құттықтаса болады деп оны мақұл көрген. Енді осы тақырып жайында қазіргі таңдағы ғалымдар не айтады екен, соған тоқталсақ.

«Мұсылман Ғалымдары Бірлігі» ұйымының жетекшісі белгілі Мысырлық ғалым, доктор, профессор Юсуф әл-Қардауи:

«Кейбір мұсылмандар, хижрат, мираж, Меккенің фәтхі (алынуы) және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күні сияқты іс-шараларды атап өтуді, сол күндерге көңіл бөлуді дінде бидғат санап, «әрбір бидғат адасу» деген имам Муслим келтірген 592 хадисті дәлел ретінде келтіреді. Бұлай үкім шығару дұрыс емес. Ал егер мұндай игі іс-шаралар мен еске алу кештерінде бидғат нәрселер бар болса онда басқа әңгіме. Біз мұндай кештерді пайғамбар өмірімен танысу, әрі оны басқаларға үйрету мақсатында үлкен мүмкіншілік деп білуіміз керек». Мұндай бұл іс-шараларда біз Аллаһ Тағаланың нығметтерін еске аламыз әрі өзгелерге ескертеміз. Бұл діни тұрғыдан дұрыс амал болып саналады. Құранда: «Ей иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге бағыштаған нығметін еске алыңдар» дейді. (Ахзап сүресі 9-аят)

Ал Сирияның мүфтиі ғалым, доктор, профессор Мұхаммед Сайд Рамазан әл-Бути бұл жөнінде мынадай ой айтады:

«Сахих хадисте Пайғамбарымыздан (с.а.у.) дүйсенбі күнгі оразаның себебін сұрағанда: «Бұл күн менің туылған күнім» деп жауап берген. (Муслим, Ораза 1162) Оның туылған күнін ораза тұтып тойлау біздің бүгінгі атап өтіп жүрген мәулітке негіз бола алады. Атап өтіліп жүрген бұл мәулітті бидғат деуге келмейді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін атап өту, бірден-бір қайырлы әрі пайдалы іс-шара ғана. Бұл іс-шаралар бұрын болмаған қазіргі таңдағы діни конференциялар мен семинарлар сияқты. Енді мұны бидғат деу дұрыс емес. Ең бастысы бұл іс-шараларды өткізу барысында харам нәрселерді араластырмау».

Сондай-ақ ғалым Сайд Мұхаммед бин Алауи әл-Мәлики: «Бізді толғандыратын басты мәселе адамдардың мешіттерге жиналуы. Сондықтан бұл мүмкіншілікті пайдаланып қайырлы, игі істерге түрткі болу» дейді.

Дерек көзі:
http://rahmetsamaly.kz/?act=readnews&id=1

HayrullaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 15:15 | Хабарлама # 26
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (nabi)
Ал егер мұндай игі іс-шаралар мен еске алу кештерінде бидғат нәрселер бар болса онда басқа әңгіме.

Өткен жылдары шақырғаннан кейін мәулітке барғаным бар. Бірақ, ол мен ойлағандай Пайғамбарымыздың өмірбаяны, дініміз жайлы ғылыми-танымдық жиын емес екен. Пайғамбардың рухына бағышталып түсірілген қатым-ас болып шықты. :)
Мал сойып, ет асып, айт күндеріндегідей аста-төк дастархан жасалыныпты. Езуімізге қатқан майды сүртіп тастап сөз алушыларды тыңдаған болдық.
Еркек-әйелі аралас бір топ адам орын жетпей босағада сығылысып тұрды. Сәлден соң аяқтары талды ма, тегін таратылған "Ислам және өркениет" газеттерін құйрықтарының астына салып, жайғасып отырып алды. Осылайша мерекелеу аяқталды да жиналған дүрмек тарқады.
Мәулітшілдерге сұрақ: Мәуліт кешінде (немесе күндерінде) ұжымдасып атқаратын белгілі бір рәсім бар ма? Бұл күннің ғибадат, намаз т.б түрлері бар ма? "Мәуліт оқу" деген не? Осы күні топталып салауат айту, сахнада ән салу, әйелдер құран оқудан жарыс өткізу дұрыс па? Бұларды атқарудан сауап бар ма? Осының бәрі сүннетке сәйкесе ме?


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
AL_HanifiyaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 16:06 | Хабарлама # 27
Тобы: Удаленные
[ ]
МӘУЛІТТІ атап өту қай уақыттын бастау алды?!

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірге келуі, елшілік міндеттің жүктелуі бар жаратылысқа серпіліс беріп, тіршілік атаулының қайтадан жандануына себеп болды. Дүние есігін ашқан сәтте әлемде қилы-қилы құбылыстың болуы заңды еді. Сол құбылыстарға тоқталып өтелік. Пайғамбарымыз туылған кездегі табиғаттың ең бір ғажап құбылысы—аспан әлемінде бір жұлдыздың пайда болуы, самсаған жұлдыздардың Алланың ардақты елшісінің дүниеге келгеніне масаттанып тұрғаны. Осы кезде Медайндегі Кисра сарайында апат болды. Терең ұйқыда жатқан қала халқы кенеттен шыққан тарсыл-гүрсілден оянды. Кисраның зәулім сарайының сәулетіне сән қосқан он төрт тірек бағана өзінен өзі қираған. Көпқұдайшылық жайлап, қолдан жасалған қорғасын және басқа нәрселерден тұрғызылған пұт атаулысына сиынып, әлекке түскен елдің наным-сенімінің күйреуінің дәлелі еді. Құлақты елең еткізер тағы бір таңғажайып оқиға—мыңдаған жылдардан бері алаулап жанған мәжусилердің, яғни отқа табынушылардың отының сөнуі. Мәжусилер қашаннан отқа табынып, от олардың қасиетті Тәңірі саналатын. Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбар дүниеге келген сәтте мәңгі өшпес деп есептелініп келген алау бір мезетте сөнді. Демек, дүние көзін ашқан ұлы тұлға пұтқа табынушылық сияқты отқа табынуды да жойып, жер жүзін таухид сенімімен шұғылаландырмақ.

Әр адамға өзіндік ерекше мінез-құлықтың берілуі Алла тағаланың құдіреті деп білеміз. Ислам өркениетінің дамуына көрегендікпен, асқан сабырлылықпен, төзімділікпен қызмет еткен осы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) болатын. Құран Кәрімде Алла тағала Пайғамбарымыз туралы былай дейді: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (Құран Кәрім, 68:4). Осындай көркем мінез-құлқының ерекшелігімен, өнегелі өмірінде үмбетінің бақыты үшін небір қиын сынақтардан өтуіне тура келді.

Алла елшісі (с.ғ.с) жылаған бала көрсе, қосыла жылайтын. Қайғырған ана көрсе, оның мұңын терең сезіне білетін мейірім иесі еді. Оның осы бір қасиетін, жүрегінің тым жұмсақ екендігін Әбу Хурайрадан (Алла одан разы болсын) жеткен хадистен аңғарамыз: «Мен намазда тұрғанда асықпай, ұзақ оқығым келді. Бірақ бір баланың жылаған даусын естісем, шешесі алаңдай ма деп, тездете оқып, дереу аяқтауға тырысам», деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) адамзаттың бәрін бірдей сүйе білген. Бір яхудидің баласы ауырғанда тікелей үйіне барып, көңілін сұраған. Бұған баланың әке-шешесі қуанған еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құлы Зайд ибн Харисамен бірге Мекке қаласынан Тайф қаласына дін жеткізу мақсатымен аттанады. Қала халқы Меккедегіден де өткен зұлымдыққа барып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен Зайд ибн Ха-рисаға қарсылық білдіріп, қаладан қууға бел буады. Жас балаларды айдап салып, басына тас жау-дырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрәк жүзін қанға бояп, жарақаттайды да, қаладан біржолата қуып жібереді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әбден шаршап-шалдыққан халде Тайф сыртындағы талдың көлеңкесінде демалады. Осы сәтте Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Ей, Аланың елшісі (с.ғ.с), бір дұға етіңіз, Тайфты халқымен қосып астаң-кестенін шығарайын», дейді. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с): «Ей, Жәбірейіл, мен бұл қауымға азап тілеу үшін емес, тура жол көрсету үшін жіберілгенмін» деп, қолын аспанға жайып, «Я, Тәңірім, бұл адасқан құлдарыңды тура жолға сала көр», деп дұға қылады.

Өмірі осыншама таңғажайып оқиғаларға толы болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған күні аталуының шығу тарихы қайдан басталады? Негізінен Мәуліт Мысырды Фатимидтер әулеті басқарып тұрғанда бастау алған. Мысырды билеуші Салах-ад-Дин әл-Аюбидің күйеу баласы Мұзафар патшаның кезінде Мәуліт оқу кең жайылып, өріс алған. Сол заманнан қазірге дейін мұсылмандар бұл күнді тойлап келеді. Кейбір адамдар Мәуліт оқу бидғат немесе харам дейді. Олар «мұны Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тірі күнінде істемеген» деп, түсінік береді. Ал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) істемеген» деген жай сөз дәлел бола алмайды. Мәуліт оқу мәкруһ немесе харам екендігіне шариғи дәлел болуы керек. Әйтпесе, бекерге бос сөз айтып, халықты шатастырмаған абзал. Мәулітті оқудың, тойлаудың сауабы, тәрбиелік, адамгершілік маңызы өте зор.

Хасан әл-Басри хазірет айтқан: «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Расулалланың (с.ғ.с) мәулітін оқуға жаратқан болар едім», деп. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келгеніне қуанып, дүниеден өткеніне қайғырып, осы күні әлемнің әр жерінде Мәуліт оқылып, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, дастархан жайылып, келген жамағатқа уағыз, Ислам тарихы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі мен мұғжизалары туралы айтылады. Еліміз егемендік алғалы тіліміз бен дініміз қайта оралып, сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың ұстанып келе жатырған Ислам діні көңіл көншітерліктей қанат жаюда. Барша мұсылман қауымына бұл қасиетті ай құт-берекелі болып, Алланың рахымы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатын нәсіп етсін. Әмин!

А.МҰХАММЕДИБРАҺИМҰЛЫ,
Сүйінқара батыр атындағы
мешіттің бас имамы.
Жетібай кенті.

Дерек көзі:
http://www.mangystau-gazeti.kz/print.php?news.328%20-%2017k%20-

Хатты жөндеген nabi - Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 16:18
Kattani_KzУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 16:42 | Хабарлама # 28
Генерал-майор
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 49
[ ]
Ажыратылған
Quote (HAMZA)
МЕНДЕ БІР СҰРАҚ ТУЫНДАП ОТЫР ДА..........
СОНДА, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ(с.а.с.) ЖӘНЕ ОНЫҢ САХАБАЛАРЫ ІСТЕМЕГЕН, СОНДАЙ-АҚ ТӨРТ ҰЛЫ ИМАМДАР Я АЙТПАҒАН, Я ІСТЕМЕГЕН НӘРСЕНІ БИДҒАТ ДЕМЕГЕНДЕ БАСҚАША ҚАЛАЙ АТАЙМЫЗ, АҒАЙЫНДАР?

Мұсылман бауырлар. Біз Қазақстанда турып жатырған соң бір орталыққа бағынуымыз керек емес па. Мына жерден оқып көріңіздер


www.kattani.kz
HayrullaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 16:53 | Хабарлама # 29
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Quote (nabi)
Негізінен Мәуліт Мысырды Фатимидтер әулеті басқарып тұрғанда бастау алған.

Үлгі қылып отырған Фатимилеріміз шииттік топ. Дінге ең көп бидғат енгізген адасушы шиғалар. Белгілі Құран тәпсіршісі Ибн Касир оларды тіпті кәпірлерге жатқызған.


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!
AL_HanifiyaУақыты: Бейсенбі, 22.Қаңтар.2009, 17:05 | Хабарлама # 30
Тобы: Удаленные
[ ]
Quote (Hayrulla)
Белгілі Құран тәпсіршісі Ибн Касир оларды тіпті кәпірлерге жатқызған.

Hayrulla, аға сөзіңіз рас болса дәлел келтіріңізші?!
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Сүннеттің бәрі - құлшылық! » Мәуліт бидғат па??
Страница 2 из 3«123»
Поиск:


© 2008-2014 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно