Уалейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух Саламат бауырым! "Құран мен Суннаға негізделген Фәлсафаның дінімізге еш қайшылығы жоқ"..... -Оған менің еш қарсылығым жоқ. "ал Махди бауырымыздың айтып отырғаны бұл Құран мен Суннаға негізделмеген догматикалық пікірлерге ғана жүгінетін философиялық топтарды айтқанға ұқсайды"... -Ия мен Құран мен Сүннеттің негізіндегі фәлсафаның негізі жоқ екенін келтірдім. "Мәхди бауырым философтардың барлығын бірдей адасушы деп асығыс пікір айтудан аулақ бол бауырым"... -Саламат бауырым Аллаһ разы болсын,мен бұл жерде келтіргенім "Құран және Сүннет" негізіндегі емес философтарды келтірдім.Ал ғұламалардың айтуы бойынша,"Құран және Сүннетке"негізделмеген барлық нәрсе адасушылық.«...Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деген расулла салаллаху алейхи уассалам. «Сахихул жәмиғ Ас-Сағир», (5343). Сахих хадис. "Негізінен даналардың сөздеріне құлақ қою ахли сунна амалдарының біріне жатады"... -әрине оған мен бойұсынамын,біздің үмметіміздегі ғұламаларға бойұсынбасақ,онда біз құрыдық.Ал пайғамбарымыз салаллаһу алейхи уассалам айтпақшы:"Ғұламалар-пайғамбарлардың мұрагерлері"хадисінде,біздердің ғұламалардың соңынан еруін бұйырады. Ал Шейх Уәлид ибн Сәйф Ән-Наср: «Егер де сен Әл-Албани, Ибн Баз, Ибн Усаймин сияқты ғалымдарды жақсы көретін адамды көрсең, онда ол адамның сүннетті берік ұстанушы екенін біл»-деген.. («Сәбил Әл-Жәнна би шарх Усули сунна» кітабын қараңыз. 9 бет). Кімде-кім бұл ғалымдырды жақсы көрмейтін болса,онда ол өз нәпсісіне еруші.Ал бұл ғұламаларды жақсы көрмейтін көптеген адасушы топтарды көріп жүрміз,ал солардың бірі фәлсәфашылар. "Мәхди бауырым философтардың барлығын бірдей адасушы деп асығыс пікір айтудан аулақ бол бауырым"... -Саламат бауырым ал бұл сөзіңде мен,ғұламалардың айтып көрсеткен адасушы топтарды білдірдім.Мысалы:Муғтазалиттер,джахмиттер,ашғариттер т.б.с... "Құран мен Суннаға негізделген Фәлсафаның дінімізге еш қайшылығы жоқ"... -Саламат бауырым бұл жерде сенің айтайын дегенің:"Құран мен Суннаға негізделген ақылдың дінімізге еш қатысы жоқ"-деге сөзің тура келеді.Ал дінге "философия" терминін енгізу бидғат болып есептеледі.Құран және Сүннетте пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам,"фәлсәфә"-терминін пайдалануға бұйырмаған.Ал пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам: «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалық енгізсе, онда оның ісі қайтарылады»-деген. Бұхари, (2697). Сахих хадис. Егер ондай болмаса,онда дәлел келтір. Негізінде бұндай тақырыпты "Ислам философиясы" емес"Ислам даналығы немесе хикметтері"-деген дұрыс болады.Өйткені Аллаһ тағала Құраннның Нахыл сүресінің,125-ші аятында:"Адамдарды Раббыңның жолына даналық(хикма).....арқылы шақыр сөзі"-дәлел болады.Егерде ислам философиясы деп алатын болсақ,онда Алла тағала "философия ...арқылы" деген сөзді пайдаланатын еді.Ал Аллаһ бұл сөзді пайдаланбаған болса,онда біздер оны қалай пайдаланамыз? Аллаһ тағала былай дейді:«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге ілесіңдер».Ағраф сүресі, 3 аят. Және былай дейді:«Расында сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келгендіктерін және мазаққа алғандарын естісеңдер, олар бұдан басқа сөзге кіріспегенінше олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар»-деп үкім түсірді. Шексіз Аллаһ мунафиқтар мен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы» Ниса сүресі, 140 аят.Сондықтан біздерде абайлап,осы аятқа түсіп қалмайық. Бір жағынан бұлай деу(ислам даналығы немесе хикметі) адамның санасында дұрыс ислами ой қалыптастырады. Және Ғұламаларымыз осындай сөздермен сөйлеуді көп пайдаланады.Ал, "ислам фәлсәфәсы"-бұл күмәнді естіледі.Сондықтан мына сөзің -"Көп күмәннің өзі күнә" - деп айтқан алланың елшісі",сөзің тура болады. «Пайғамбарымыз салаллаху алейхи уассалам: «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалық енгізсе, онда оның ісі қайтарылады»-деді. Бұхари, (2697). Сахих хадис "Алланың алдына шығып сөйлеген жақсылық емес"... -мен бұл жерде,Аллаһ алдында қарсы шығып сөйлеген ешнәрсем жоқ.Біздер дінді мұсылман үмметіне таза ешқандай бидғатсыз жеткізуіміз керек.Ал пайғамбарымыз салаллаһу алейхи уассалам:"Ақиқатында бұл дін таза(бұлғанбаған күйінде) келіп,таза(бұлғанбаған күйінде) кетеді.Және менің сүннетімді кірлетіп,оны (бидғаттардан) тазартушыларға,жұмақтан Туба талы болады. " ат-Тирмизи 2630,аи-Табарани 9/76.Шейх Әлбәни сахих деген."ас-Силсиля ас-сахиха"273. "Шайтанның ашу деген найзасына, Алланың сабыр деген қалқаны бар" - десе, тағы бір ұлағатты сөзде "Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ, Аллаға сонда өтеді қылған арыз"..... -Бұл сөздің тафсирі қандай болады екен,бұл сөздер "Құран және Сүннет"-сахабалардың түсінігімен қандай болады екен...??? Қорытындылай келеғ ғұламаларымыз философия жайлы не деген екен? 1.Абу Ханифа былай деген:"Амра бин Убайдаға Алланың қаһары жаусын,өйткені ол адамдарға пайдасы келмейтін,қаламға(фәлсафаға) апарар жол ашып көрсетті".(Тарих Бағдад)13/333. 2.Имам Мәлик былай деген:"Егерде қалам ілім болып есептелгенде,оны сахабалар бізге міндетті түрде айтып кетер еді..".(Замм әл-Қалам,каф 173-ба). 3.Имам аш-Шафии былай деген:"Мен қаламмен айналысушылардың,белгілі бір жетістікке жеткендерін көрмедім",және келесі бір сөзінде:"Егер адам өз өсиетіне ғылыми кітаптарды енгізіп,олардың арасында қалам жайлы кітаптар қалдырса,ол өсиетке кірмейді,өйткені қалам ғылым болып есептелмейді".(Замм әл-Қалам,каф-213),әз-Зәхаби"ас-Сийар"(10/31)."әл-Ибана әл-Кубра",535-536.б. 4.Ахмад ибн Хәнбал былай деген:"Фәлсәфамен айналасушыларды көріп,олардың жүректерінің ауытқуын байқайсың", тағы бір сөзінде:"..қалам-мақтауға лайықты емес.".Және де имам былай деген: "Қаламмен шұғылдансаң,бидғатқа ауытқи бастайсың,ал қалам жақсылыққа апармайды". Сосын былай дейді:"Егер қаламды жақсы көрет адамды көрсең,одан аулақ болуға тырыс". Тағы бір сөзінде:"Қаламды жақтаушылардың қасына отырмаңдар,олар Сүннеттің қорғаушысы болса да". (Джәмиғ Бәйан әл-Ғильм уа Фадлихи,2/95)."Замм әл-Калам,каф-216-ба.".("Манакиб әл-Имам Ахмад",205.б.),("әл-Ибана",ибн Батта 2/539). УалЛаһу ағләм. Барлық мақтау,барлық істерге көмек беруші Аллаһқты мадақ етеміз.
Абдулла
|