«Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер арандап жүр? - Страница 2 - Сұхбат
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:04
НЕГІЗГІ БЕТ КІРУ ТІРКЕЛУ
Әссәләму аләйкум, Қош келдіңіздер: Қонақ · Тобыңыз: "Қонақтар" · RSS
[ Жеке хаттар() · Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]

...:: Сұхбаттағы соңғы жазулар ::...
Тақырыбы Соңғы жазу Жауаптар саны Сұхбат
Имам Ғазали?? Уақыты: 12.Мамыр.2012, 03:27
Соңғы жазған: Salamat
3 Дін және Философия
Біз Кентаулықпыз. Уақыты: 26.Сәуір.2012, 06:03
Соңғы жазған: Dinislam_Kz
16 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Келіңіздер танысалық Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:04
Соңғы жазған: Admin
12 Келіңіз танысайық.... (Сіз қай қаладансыз?)
Дінислам сайты қайта жанданған секілді Уақыты: 26.Сәуір.2012, 04:01
Соңғы жазған: shamshat
9 ДІНИСЛАМДА болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер.
Танысу бұрышына қош келдіңздер... Уақыты: 23.Ақпан.2012, 18:11
Соңғы жазған: kerbulak
4 Бозбала мен бойжеткен танысу бұрышы.
|  Досыма жіберу | Барлығы

Страница 2 из 3«123»
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Ағымдар (секталар) жайлы не білеміз? » «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер арандап жүр?
«Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер арандап жүр?
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 27.Желтоқсан.2008, 16:18 | Хабарлама # 16
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Quote (HAMZA)
ДӘЛ СОЛАЙ ҚИРАТУ КЕРЕК БӘРІН, ТЕК ҚАЗІР ЕМЕС. ХАЛЫҚТЫҢ КӨПШІЛІГІ ИСЛАМДЫ ЖАҚСЫЛАП ТҮСІНГЕН КЕЗДЕ...ИНШАЛЛАХ, ОЛ УАҚЫТТА АЛЫСТА ЕМЕС ДЕП ОЙЛАЙМЫН!!!

massagan kiratkani nesi tagi da???




HAMZAУақыты: Сенбі, 27.Желтоқсан.2008, 22:15 | Хабарлама # 17
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
Quote
Ясинді өлілерге оқыңдар

МЕНІҢ БІЛУІМШЕ, ӨЛІЛЕРІГЕ ЕМЕС, ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТЫРҒАН АДАМҒА ШЫҒАР.
АРАБША БІЛЕТІНДЕРГЕ ХАДИСТІ ТАЛДАТУ КЕРЕК.

Добавлено (27-Желтоқсан-2008, 22.13)
---------------------------------------------

Quote
мына жерде бәрі толық жазылған, бірақ түрікше:

ӨЗІМ ТҮРІКТЕРДІ СУ ҚАНЫМ СҮЙМЕЙДІ, ӨЙТКЕНІ ОЛАРДЫҢ КӨБІСІ(БӘРІ ЕМЕС) СОПЫЛАР.
ДЕГЕНМЕН, СІЗ БЕРГЕН САЙТТЫ ҚАРАДЫМ, КӨЗҚАРАСЫМ АЛДАМАДЫ, МЫНАДАЙ ТАҚЫРЫПШАЛАР ТҰР ҒОЙ:

İslam ОДАН ӘРМЕН Tasavvuf ve Tarikat - НАҚТЫ, ЕШ КҮДІКСІЗ СОПЫЛЫҚ САЙТ!!!

Добавлено (27-Желтоқсан-2008, 22.15)
---------------------------------------------

Quote
massagan kiratkani nesi tagi da???

АЛИ ИБН АБУ ТАЛИБТІҢ(р.а.) СӨЗІН КЕЛТІРУ ҚАЖЕТ ЕМЕС ШЫҒАР :) :) :) :)


НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
janbolatУақыты: Жексенбі, 28.Желтоқсан.2008, 13:42 | Хабарлама # 18
нөл
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Quote (HAMZA)
НАҚТЫ, ЕШ КҮДІКСІЗ СОПЫЛЫҚ САЙТ!!!

сайтқа сондай пікір бергеніңізге %)
сайттың қай жері ұнамай қалды немесе қай жерінде "артық"-тары бар екен?

Quote (HAMZA)
МЕНІҢ БІЛУІМШЕ, ӨЛІЛЕРІГЕ ЕМЕС, ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТЫРҒАН АДАМҒА ШЫҒАР.
АРАБША БІЛЕТІНДЕРГЕ ХАДИСТІ ТАЛДАТУ КЕРЕК.

хадисте өлілерге деп тұр. демек, өлгендерге де, төсек тартып жатқандарға да болады делінген. басқа да хадистер келтірілген. төрт мазхабтың пікірлерін де жазған. барлығында да оқуға болады деп жазылып тұр


KZ
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 28.Желтоқсан.2008, 18:19 | Хабарлама # 19
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Ассаламу алайкум Құрметті Сайт Қолданушылары және қонақтар.
Сайтымызға мынадай сұрақ келді, соны сіздерге ұсынып жауаптты сұхбат арқылы берсек деген ой келген еді.....
хаттың мәтіні төмендегідей:
..........................................................................................................................
U sername: gaziz

Название формы: Кері байланыс
========================================
Аты жөніңіз: Abdulaziz

Хаттың мәтіні:
-----------------
Әссаламу'алйкум мұсылман бауырларым!
Аллаға сансыз мақтаулар, пайғамбарымызға салауаттар болсын.
Менің сұрағым (сіздерден сұрамақшы болған көмагім): Біздің мешіттің имамы ауысты (Шымкент қаласы, Ынтымақ елдімекенінің мешіті), имамымыз және пікірлестері келгеннен бастап уағыздарда әулиелерді түгелдеп бастады, дұғаларында әулиелердің құрметіне, құранның құрметіне және т.б. осындай сөздерді пайдаланады, Аллаһтың көркем есімдері бола тұра. Уағыздарында Құран мен сүннетті Ислам дінін дәлелдеуге емес әулиелерді дәлелдеуге пайдаланатындай.
Ал менің діндегі сенімім "әр нәрсені өз орынымен тану" мысалы: Аллаһ жаратушы, теңдесі жоқ, туылмаған, тумаған, өзі жаратқан нәрселеріне ұқсамайтын, өзі ғана құлшылық етілуге лайықты зат. Ал пайғамбарымыз Мұхаммет (с.ғ.с.) елші, әрі құл. Ал әулиелер Аллахтың достары. Әулиелерді пайғамбарлардан, пайғамбарларды Аллаһтан артық мақтай алмаймын. Дұға еткен кезімде Аллаһтың есімдері арқылы және пайғамбарымыздың хадистерінде келтірілген дұғаларымен дұға етемін.
Олар өздерінің уағыздарын айтып жатқанында әулиелер мен дұға мәселесінде өзімнің жоғарыда келтіргендей сененетіндігімді бідіріп және олардың бұлай сенетіндігіне келіспейтіндігімді білдірген едім, "Сен әулиелерді құрметтемейсің" деп аяғы" Вахабист" етіп шығарды.
Құрметті бауырлар! Сайт администраторы! Сіздерге менің жағдайыма өз пікірлеріңізді білдірулеріңізді, қатысты фатуалар, ғалымдар пікірі болса, сонымен қатар Ислам дініндегі дұрыс сенім жөнінде мәлімет берсеңіздер Аллаһтың сіздерге разылығы болсын!
Алдын ала разылығымды білдіремін!
-----------------
Сайтқа баға беру: Өте жақсы

Дата: 27-Желтоқсан-2008, 03.17




HAMZAУақыты: Жексенбі, 28.Желтоқсан.2008, 18:59 | Хабарлама # 20
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
janbolat, МЕН "БАҒЫШТАУДЫ" ЖОҚ ДЕП ЖАТҚАН ЖОҚПЫН, Я ОНДАЙ НӘРСЕ БАР БІРАҚ МЕН ӨЗ БАСЫМ ОНЫ ҚҰПТАМАЙМЫН! СЕБЕБІ ПАЙҒАМБАР(с.а.с.) ЖӘНЕ ОНЫҢ САХАБАЛАРЫ ІСТЕМЕГЕН НӘРСЕНІ ІСТЕГІМ КЕЛМЕЙДІ. ДЕГЕНМЕН "БАҒЫШТАП" ЖҮРГЕНДЕРДІ АДАСҚАН ДЕП АЙТУДАН АУЛАҚПЫН.

Добавлено (28-Желтоқсан-2008, 18.59)
---------------------------------------------

Quote
фатуалар, ғалымдар пікірі болса

Вопрос #93150: У нас имам суфий. Действительна ли молитва за ним?
У нас имам суфий. Действительна ли молитва за ним?

Ответ
Вся хвала Аллаху.
Что объединяет всех суфиев не имеющие оснований в Коране и Сунне нововведения которые составляют куфр и нововведения, которые не составляют куфр. Если имам совершает нововведения, которые не составляют куфр, то разрешено молится за ним, хотя молитва за последователем сунны будет лучше.

Шейх Абдуль Азиз ибн Бааз в ответ на вопрос: «Если я приехал в деревню в которой имам суфий, который не кладет одну руку на другу во время молитвы, и он не кладет руки перед коленями когда идет в седжда, разрешено ли молиться за ним?»
сказал: «Если он известен как последователь единобожия, а не ширка и он всего лишь несведущий в некоторых вопросах или следует идеям суфизма (тасаввуф), но при этом верит в Таухид и является мусульманином, который покланяется одному Аллаху и не покланяется шейхам или другим созданиям, таким как Абдуль Гадир и т.д., и единственная проблема это то, что он не ставит одну руку на другую во время молитвы, то нет причин для того, чтобы не молиться за ним, потому что это является Сунной а не Фарзом. Положить руку на другую означает положить правую руку на левую, предплечье и запястье на грудь когда стоишь на молитве. Тот кто опускает руки по бокам не совершает греха и его молитва действительна….»
Фатава аль Шейх ибн Баах (12:120, 121)

Шейха АбдульАзиз ибн База спросили: «Каково правило в отношении молитвы за тем кто ходит на могилы святых людей для того чтобы снискать благословения и читает Коран на Мавлид и по другим случаям, беря за это плату?»
Он ответил:
«Это предмет для обсуждения. Если он просто празднует Мавлид без совершения ширка, то он бидатчик и ему не следует быть имамом, потому что об этом указывается в сахих хадисе, что Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Остерегайтесь нововведений, потому что каждое нововведение бидат и каждый бидат вводит в заблуждение» (Абу Дауд 3991).

Празднование Мулида (Дня рождения Пророка) является нововведением. Но если он молится мертвым и ищет от них помощи или от джинов или других созданий и говорит: «О Посланник Аллаха помоги мне или излечи моего любимого» или скажет «О Сеййди аль Хусейн» или «О Саййиди аль Бадави» или взывает к мертвым, или молится неодушевленным вещам идолам, говоря: «аль мадад аль мадад» (помоги, помоги), то он мушрик, который виновен в совершении большого ширка и вам не следует молиться за ним и молитва которой он руководит не действительна. Мы просим Аллах сохранить нас в безопасности и здравии.

Но если он совершат Мавлид, но не совершает ширк, или читает Коран перед могилами, или молится могилам, но не совершает ширк, то он совершает нововведения в религию, поэтому его следует научить и наставить на благое, но его молитва действительна, если он не молится могилам.

Что касается молитвы на кладбище, то они не действительны, потому что Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Да проклянет Аллах иудеев и христиан, за то что они сделали могилы своих пророков местами поклонения» (Согласованная версия)

Фатава аль Шейх ибн Бааз (9:373, 374 и 12:108,109)


НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
janbolatУақыты: Дүйсенбі, 29.Желтоқсан.2008, 00:07 | Хабарлама # 21
нөл
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
сізбен келісемін...
бірақ ол сайтта бұндай нәрселерді үйрететін ешнәрсе жоқ...
ол халық та біз сияқты исламды ұстанады...
ешқандай ширк келтіргенін көрген емеспін...
тым асығыс пікір берген екенсіз...

KZ
HAMZAУақыты: Дүйсенбі, 29.Желтоқсан.2008, 11:42 | Хабарлама # 22
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
УА АЛЛАХУ А'ЛАМ!

НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
janbolatУақыты: Дүйсенбі, 29.Желтоқсан.2008, 12:03 | Хабарлама # 23
нөл
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 514
[ ]
Ажыратылған
Артық заттар айтылып жатса кешірім өтінем,
бірақ бүкіл халықты айыптап қажеті не...
Содан абай болыңыз дегенім ғой...
Осымен сол мәселені доғарайық...

KZ
HAMZAУақыты: Дүйсенбі, 29.Желтоқсан.2008, 20:58 | Хабарлама # 24
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 92
[ ]
Ажыратылған
Quote
Артық заттар айтылып жатса кешірім өтінем

МЕН ДЕ КЕШІРІМ ӨТІНЕМІН!
Quote
бірақ бүкіл халықты айыптап қажеті не...

МЕН АЙЫПТАҒАН ЖОҚПЫН...АЙТҚАНЫМНЫҢ ІШІНДЕ БІР ӨТІРІК БОЛСА, АЙТАРСЫЗ!
Quote
Содан абай болыңыз дегенім ғой...

ЖАЛҒАН АЙЫПТАУДЫ ӨЗІМ ДЕ ҰНАТПАЙМЫН.
Quote
Осымен сол мәселені доғарайық...

ӨТЕ ДҰРЫС, ҚОЙСАҚ ҚОЯ САЛАЙЫҚ, БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫ ҚОЗҒАЙТЫН УАҚЫТ ЕМЕС!

НЕГІЗІНЕН АЛЛА, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСУДЫ КЕШІРМЕЙДІ, ОДАН БАСҚА КІМДІ ҚАЛАСА КЕШІРЕДІ. АЛ ЖӘНЕ КІМ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОССА, РАСЫНДА ӨТЕ ҰЗАҚҚА АДАСТЫ. Ниса сүресі, 116 аяты, дәл осындай мәтін 48-ші аятында да айтылады.
BatirУақыты: Сенбі, 03.Қаңтар.2009, 17:33 | Хабарлама # 25
Жаңадан тіркелуші
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 3
[ ]
Ажыратылған
Сматулла қариды қаралау неге күшейіп тұр?
Бөлімi: Мақалалар | | Автор: Фархад Налибаев
09.12.2008

Сматулла қариды қаралау неге күшейіп тұр?

Базарбек АТЫҒАЙ,
филология ғылымдарының кандидаты,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының ғылыми қызметкері

Сматулла қариды қаралау неге күшейіп тұр…

Масуд шах пен Раббанидың кеңесшісі болғаны үшін бе?

Бай менен молданы,
Қойдай қу қамшымен!
Кезінде осындай өлең шығардық. Тек өлең шығарып қана қойған жоқпыз, әнін қоса шығардық. Және мұны ұзақ жылдар сахнадан өндеттік. Әндетіп қана қойсақ, «бай менен молданы қамшымен қойдай қуып» қана қойсақ бір сәрі-ау, ол бейшараларды жазықсыздан жазықсыз аттық, астық, жер аудардық. Не таптық? Түк те тапқан жоқпыз. Артымызға байыппен бұрылып қарасақ, бай дегеніміз – парасаттызиялыларымыз, молда дегеніміз – оқыған-тоқығандарымыз, көзі ашық азаматтарымыз екен. Бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың қаймақтары екен.
Демек, асығыс өлең де, асығыс ән де шығаруға болмайды екен. Әсіресе қоғамдық көзқарас пен қоғамдық пікірді асығыс, ат үсті, шұғыл түрде «қалыптастыра» салуға болмайды. Сонымен бірге, «Бәріне уақыт – төреші, кімнің ақ, кімнің қара екенін ертең уақыттың өзі-ақ анықтайды!» деп мұны кейінге, кейінгі ұрпақтың «үлесіне» ысырып тастауға тағы болмайды. Ысырып тастасақ, онда бұл – адамдығымызға, азаматтығымызға сын ғана емес, үлкен мін де болады. «Обал», «сауап» деген қасиетті ұғымдарды тәрк еткеніміз болады. Обал мен сауап, бүгінгі тілмен айтқанда, әділеттілік пен қайырымдылық тәрк етілген жерде тіршіліктің оңбасы тағы анық.
Осыдан үш жыл бұран Қарасу мешіт-медресесі туралы және осы мешіттің имамы Сматулла қари туралы лақап тарады. Лақап дейтініміз, 2000 жылдың Ақпанында «Қазақ әдебиеті» газетінде шығыстанушы, дінді жетік білетін журналист Ғалым Боқаштың «Сматулла қари туралы сөз» атты байыпты мақаласы жарияланды. Тыңғылықты зерттеп, көріп біліп жазған журналисттің осы мақаласында Сматулла қаридың ешқандай «ауған» да емес, «арандатушы» да емес, «ваххабист» те емес, кәдімгі дін жолын берік ұстанған ғұлама кісі, Иассауидың, Абайдың, Шәкәрімнің ілімін қасиеттеп-қастерлеуші екені нақты мысалдармен жан-жақты айтылды.
Соңғы айларда орыс тілді баспасөздерде Сматулла қари туралы тағы әр түрлі пікір айтыла бастады. Біз төменде осы пікірлерге қарсы уәж айтқан жас ғалым, әдебиетші Базарбек Атығайдың мақаласын жариялай отырып, оқырмандарымызға қосымша мынаны хабарлаймыз. Редакция өз тарапынан бірсыпыра зеттеулер жүргізді. Сондағы байқап-байыптағанымыз, Қазан төңкерісіне дейін бүкіл Қазақстанда мешіт-медреселер өте көп болған. Шымкент, Ақмешіт, Семей, Әулие-Ата сияқты қалаларды айтпағанда, ірі ауыл-селоларда (мәселен, Сайрам, Қазалы, Манкент, Қызылсай, Ақсу және т.б.) орналасқан мешіт-медреселерде ірі діни ғұламалар дәріс берген. Бір таңданарлығы, Бұхарадағы әйгілі Көкілташ медресесі мен Қазандағы Ғалия медресесі сияқты, бұл оқу орындарда да білімді, жан-жақты, дінді жетік меңгерген ғұламалар сабақ берген. Бір ғана мысал. Мәселен, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Манкент аулындағы мектеп-медреседе мұсылман әлемінің көрнекті ғұламасы, сопылық ілімді дамытушылардың бірі, атақты Иасауидің мектебінен өткен ірі ғұламалар сабақ берген. Бұлар сол кездегі Қазақстандағы дінді оқытудың үлкен әрі жүйелі жолын қалыптастырған. Ең бір сүйсінетіміз, бұлар дінді оқыту барысында қазақтың менталитетін, ұлттық ерекшелігін, дәстүр-салтын, тақылет-танымын, әдебиет мен мәдениетін, өнерін жете ескеріп отырған. Ақиқатын айтсақ, Абай, Қашаған, Мұрат Мөңкеұлы, Құлан аяң Құлмамбет, Сүйімбай, Тезек, Түбек, Әріп Тәңірбергенұлы, Шәді төре, Құлыншақ, Әбубәкір Кердері, Шақалақ, Шал, Майлықожа, Кемпірбай, Шөже, Молда Мұса, Медеу ақын, Мәшһүр Жүсіп, Ақан Сері, Шәкәрім, Тұрмағамбет Ізтілеуов – осындай мектеп-медреселердің түлектері. Тіпті, мұндай мектеп-медреселердің шет жағасын бертіндегі Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Қалмақан Әбдіқадыровтар да көрген. Міне, кезінде Қазалыдан Ауғаныстанға ауып кеткен, қазір өз Отанына қайта оралған Сматулла қаридың беріп жүрген дәрісі де – аспаннан алынған, ойдан шығарылған дәріс емес, кезінде Қазақстанда әбден жерсінген, жүйелі жолын тапқан дәріс.
Екіншіден, Сматулла қариды «шпион», «ваххабист», «дүмше тәуіп», «ауғандық талибтердің жақтаушысы» деген сияқты айыптауларды куәландыратын ешқандай ресми құжатты еш жерден кезіктіре алмадық.
Төмендегі мақала да Сматулла қариды ақтау, я болмаса дәріптеу үшін емес, «Столичная жизньде» басылған мақала (Н. Першина. «Мясо – учителю, кости – жене…» 22.08.2002) мен пікірлер топтамасына (05.09.2002) жауап ретінде жазылғанын естеріңізге саламыз.

«Жас Алаш»
«Абай атамыз Шәкәрімдей шынарөсірді. Ол шынар жеміс берді.Біз қазір сол жемісті жеп жатырмыз…»Сматулла қари

Қазір кейбір қазақстандық орыс тілді баспасөз, ақпарат құралдарында ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін неше түрлі қитұрқы әрекеттер жасалып жатыр. Бұл орайда, конституциялық құқымызды, адамдық арымызды былғаған мыңдаған мақалалар жарық көрді. Ұлттық мүддеге қарсы жұмыс істеуді мақсат тұтқан бұл газеттер талай тұнықты лайлады.
Елді арандатып, азаматты бопсалаумен табылған арамға семірген кейбір коммерциялық және жекеменшік газеттер соңғы уақыттары, тіпті, бетімен кетті. 22 тамыз күні «Столичная жизнь» атты газетте дінімізге, ұлтымызға қарсы кезекті «былғаныш» жарияланды. «Мясо – учителью, кости – жене» деген «былғаныштың» былғаушысы Наталья Першина.
Сонымен, арзан сенсация іздеген, арзымасқа жалданған, қазақтың еті –сенікі, сүйегі – менікі» дейтін тұрақты сөз тіркесінің мағынасын әдейі бұрмалаған журналист тағы бір тұнығымызды лайлап, тағы бір аяулымызды ластады. Жалаңаш әйелдермен безендірілген «былғаныштың» іші жала мен бәлеге толы. Бет-аузыңды орамалмен басып отырып қана оқуға болады…Осыдан үш жыл бұрын өзінің діни тереңдігімен, имани байсалдығымен аты Қазақстанға мәшһүр болған, халық арасында «Қарасу» деген атпен белгілі мешіт-медресе сол уақыттағы бас муфти Ратбек Нысанбайұлының пәрменімен жабылған еді. Бұрынғы ата-баба жолын діни медресені қалыптастырған, 70 жылғы бәлшебектік езгі мен тепкіден есеңгіреген қазақ ұлтының рухын көтерген, тіршіліктің баянына бастаған Сматулла қари Маймақ ишан немересі ешкіммен дауласпай, соттаспай, «Құдайдың бұйырғаны болар…» деп келген жағы Пәкістанға қайта аттанып кеткен еді… Мешіт-медресе жабылар кезде, «Сізді жазықсыз қудалап жатыр ғой, сотқа шағымданыңыз, біз көмектесейік» дегендерге, «Егер қазір мен елді олай шулататын болсам, ертең басқалар екі молда садақаға таласып жатыр деп күледі. Қазақ пен қазақ қырылысып, дұшпанға таба болмайық…» деген-ді. Солайша, бір сабақ жіп алмаған күйі Сматулла қари медресені «қызыққандарға» қалдырып жүре берген…
Сматулла қари: «Қарындас-бауырыңның айыбын ашудан сақтан, алдыңда кетіп бара жатқан мұсылманның айыбын байқасаң, артындағыға сездірмей жауып, жасырып жүр. Оның былығын көрсетіп, жаһанға жар салып, аттандағаннан түк шықпайды. Босқа дүниені былғайсың…» деп отыратын. Сматулла қари өзін «ауған, ваххабист, т.т» деп пәле жауып, байбалам салғандармен дауласпай үн-түнсіз кеткен. Құдай бәрін орнына келтірер дескен-ді. Өзі ауған жерінде дүниге келгенмен оның жүрегі қазағым, ұлтым деп соғады. Үнемі «Қарындасым, бауырым, бұл ұлы топырақтың қадір-қасиетін біліңдер! Дүниеде мен көрмеген ел, жер жоқ, бірақ, жаһанда біздің Қазақстанымыздың басына Құдай берген бақ пен береке, байлық пен ырыс жоқ! Иншалла, дүниеге екі жақсылық келсе, соның бірі – қазақтікі…» деп отырады. Сөйткен, текті ағамызды «ауған» дедік… Текті дейтін себебіміз, Сматулла қаридың әкесі Әбдіғаппар қари 1931 жылы Сыр өңірінде қызыл бәлшебектерге қарсы ұлт-азаттық көтерілісін бастаған Ақмырза Дамолла ахунның сенімді серігі болған. Ақмырза ахун оққа ұшқаннан кейін, артына ерген қалың елін қазіргі Ауған жеріне алып өткен қаһарман. Сматулла Мақсұмның арғы атасы заманында Меккеге екі рет жаяу барып қайтқан, есімін Қазалы, Қармақшы өңірі осы күнге дейін құрметпен атайтын Маймақ ишан. Ал бабасы Шалқар әулие. Қазіргі Ақтөбе өңіріндегі үлкен елді мекен сол кісінің есімімен аталады. «Елім, жерім» деп еңіреп жүрген Сматулланың өзі де, ата-бабасы да ұлттың мүддесін ойлаған жандар.
Қазақстан 70 жылға жуық Құдайсыз қоғамда ғұмыр кешті. Сол уақыт аралығында діннің маңызы терең білетін ақсақалдарымыздан ешкім қалмады. Кеңестік жүйе тұсында еңбек етіп, сол кезеңде қалыптасқан ағаларымыз діннен бейхабар қалды. Кеткеннің есебінен біз жастарымызды шет елдерде оқытумен толтырмақ болдық. Қазір «Исламды дұрыс ұстанып отыр» деген кейбір елдер үлкен діни тоқырауды бастан кешуде. Тіпті, олардың бірсыпырасы Исламның агрессиялық бағыты – «ваххабизмнің» ықпалына түсіп қалды. «Ваххаб» жолын ұстанушылар сенің ұлттық мүддеңе, салт-дәстүріңе пысқырып та қарамайды. Әулие-әмбие дегендерге тіпті қас. Олардың мақсаты терісі жұқа, тұтынуға қолайлы, адамның нәпсісіне тым-тым жайлы нәфсәни-исламды жер бетіне таңу. (Мысалы, сүннет оқымау. Дұға қылмау. Арақ іше беруге болады. Арақтың өзі күнә емес, одан пайда болатын мастық күй – күнә, темекі де тарта беруге болады, т.т.). Қазақ ұлты хақ ілім, қасиетті Исламды кейбір елдер тәрізді қылыш жүзінде қабылдаған жоқ, ақылмен рухани ұғыну арқылы қабылдады. Сол себепті біздің түркі тектес халықтар арасынан Исламды уағыздаушы машайық ғалымдар, жаратылысы ерен әулиелер көп шыққан. Ежелден қазақ дінде жүрек мәселесін, иман тазалығын бірінші орынға қойып келген еді. Діни білімін әкелерінен үйренген, тамырын туған топырағындағы шынайы Ислам негіздерінен тартқан. Көненің көзі, асылдың сынығы Сматулла Мақсұм: «Мен дүниені кезіп көп жүрдім, ей, қазақ ұлы, қарындасым, бауырым, сен иманды, дінді басқадан іздеме, бүкіл ілім атаулы сенің қасиетті Ұлы топырағыңда. Сен одан да, Ахмет Иассауи, Абай, Шәкәрім рахметуллаһи ғалейһтарды, анау «Түркі Иман» атты теңдессіз терең кітап жазған Дамолла Ақмырза ишанды оқы, солардан үйрен» дейді. Мен өмірімде жылап отырып уағыз айтқан, шынайы сөйлеген дін адамын тұңғыш рет көрдім… Оның бар кінәсі – ата-бабасының ұмытыла бастаған жолын қайта жаңғыртуы еді. Ол қазақ даласында иісі ислам әлемінде ғұмыр бойы айтылып келген Алланы зікір етуді жаңғыртты. «(Бұл нұр) Алланың бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлер де болады. Онда ертелі кеш оны дәріптейді» (НҰР сүресі, 36 аят), «Зікір салғандарды періштелер қоршап тұрады…» деп келетін аят, хадистерде айтылатын, «Ұйқы жоқ дидар талап болар құлға, Күндіз-түні зікір айтар олар мұнда…» деп Иассауи, Руми, Хафиз, Баязит Бистами, т.б. Ислам ғұламалары жазып кеткен. Кәдімгі Алқа, Ара зікір. «Ала таңмен аралас зікір айтып зарлаған, бір Құдайдың достары» деп Әбубәкір ақын жырлайтын Алланы зікір етудің формасын Смтаулла бұдан мыңдаған жылдар бұрынғы түрінде қазақ ішіне қайта әкелді. Сол зікірді ертел- кеш айтып, Шәкәрім, Дамолла Ақмырза атаның сөздерін жүректеріне құйған қазақ балалары жаман болған жоқ. Ата-анасы өлім тілеп әбден азар да безер болған талай нашақор, көшеде «арақ ішіп, бұтына тышып» жатқан қазақтың жүздеген жігіттері Сматулла қаридың медресесіндегі қырық күнгі құлшылықтан кейін, рухани кеселдерінен құлан таза айығып, адам қатарына қосылды. Мынадай алмағайып заманда бір бауырың, бір көген көз жетімегің ел қатарына қосылып, ес жиса, одан артық қандай бақыт, қандай арман керек? Жанына, жүрегіне, рухани тыныштық тілеген адамның мынау дүнияуи өмір, күнделікті ит тірліктен аз уақытқа болсын қол үзіп, уайым-қайғыдан арылу үшін медресеге қырық күнге жату, сөйтіп, өзінің жан дүниесімен айналысу дәстүрі болған. Ондай орындарды «шілхана» деп атаған. «Шіл» деген парсының «қырық» деген сөзі. Қырық күндікке байланысты мынадай хадис бар: «Кім де кім Аллаға ықыласпен қырық күн құлшылық етсе, оның жүрегінен даналық пен ізгіліктің бұлағы ағады». (Анастан рауаят етілген). Сматулла қари алдына келген адамның жүрегіне алдымен Пайғамбарымыздың мына бір хадисін сіңіреді: «Ер жігіттің үш намысы бар! Біріншісі – дінің, иманың. Екіншісі – от басын, бала-шағаң. Үшіншісі – туған жерің, өзіңнің, ата-бабаңның кіндік қаны тамған ұлы топырағың…»
Сматулла қаридың бар жазығы қазақ баласына дінді жаттан іздеме, сен ілімін үйренер жақсы өз ішіңде де бар деп, сол жақсыларды танытуға талпынғандығы еді. Сматулла Мақсұм нағашы ағасынан жігіт шағында мына бір төрт шумақ сыр сөздерін естиді. (Бұл жолдарды нағашысы Смтатуллаға Тұрмағамбет Ізтілеуұлынікі десе керек).

Іштегі кірді қашырса,
Түседі хақтың сәулесі.
Жүректің көзі ашылса,
Адамның хикмет кеудесі…

«Осы төрт жол менің жүрегіме нұр болып құйылды. Күндіз де түнде де тыныш таптырмады»… дейді Сматулла қари. 1992 жылы Сматулла қари атақонысы Қазақстанға табаны тие салысымен осы төрт тағанды іздеп Тұрмағамбет Ізтілеуұлының бүкіл шығармаларын ақтарады. «Бірақ, бұл сыр сөздердің Тұрмағамбет атамыздікі емес екендігін жүрегім сезді. Тұрмағамбет аталарыңның да ілімі күшті екен, бірақ, бұдан да ілімі асқан басқа бір аталарың бар екен, соны табайық» дейді. Сол ізденіс оны Абайға апарады. Абай арқылы Шәкәрім қажыға шығады. Қари: «Шәкәрім қажы Құранның бүкіл мағынасын сыр сөздерінде ашықтап кеткен әулие адам. Құдай сендерге сондай ата берген, сол аталарыңның сөздерін оқып, жаттап, ыдыстарыңды (жүректеріңді дегені – Б.А.) толтырсаңдар, ешкімнен кем болмайсыңдар, бұл аталарыңның іліміне әлі-ақ уақыты жеткенде әлем мұқтаж болады» дегенді жиі айтады. Шәкәрімнің шығармаларын ол кісі өлең дегізбейді. «Сыр сөздер» деп айтыңдар дейді. Сматулланың шәкірттері бас болып 2000 жылы «Арыс» баспасынан Шәкәрімнің «Иманым» атты жинағын шығарды.
Мен алғашқы «Қарасу» медресесінде болған жан емеспін. Осыдан екі жыл бұрын Сматулла қаридің жоғары білімдері жоқ, мектептің өзін дұрыс оқып жарытпаған шәкірттерінің Абай мен Шәкәрімді талдауларына таң қалдым. Діни догмаларды айтып бас қатырмайды. Ешкімді жамандамайды, артық сөйлемейді. Істері мен сөздері бір жерден шығатын молдаларды көріп қайран қалдым. Бәрі шетінен арабша ағып тұр. Аят, хадисті арапша айтып, мағынасын қазақша жеткізеді. Ең бастысы, өз ұлтын жерден алып, жерге салмайды. Олар маған «Дін – құрғақ уағызбен емес, көркем мінез-құлықпен ғана тарайды. Адам алдымен өзімен айналасуы керек» деді. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген атақты байлам бұларға жүрмейді екен. Сонан соң, бір ғажабы, бұлар көптеген молдалар сияқты намаз оқымаған адамға мүсіркеп, жоғарыдан төмен қарамайды екен.
Ілгеріде мен дін дегенді өмірде жолы болмаған, немесе мектепте дұрыс оқи алмаған «екінші сортты» адамдардың айналысатын нәрсесі сияқты көретінмін. Сөйтіп жүргенде, Сматулланың шәкірттері арасынан төрт-бес тіл білетін, университеттің алды болған жігіттерді, отызға жетпей докторлық диссертация қорғаған озық ойлы ғалымдарды кездестірдім. «Жемісті ағашқа ғана тас атады» деген шығыс халқында бір нақыл бар. Қазақ: «Жақсының артынан сөз ереді» дейді. Мен Сматулла қариді көрмей тұрып, оның шәкірттерімен араласып жүріп, қазақтың сондай азаматтары барлығына шүкіршілік еттім. Әкесі марқұм Сматуллаға бала күнінде «Әлі қазақ елі азаттық алады. Сен сол туған топырағыңа барып дін жаясың!» деп өсиет айтып кеткен екен. Сол күннің келетініне Сматулла имандай сеніпті. «Ата-қонысыма барамын, дін жаямын» деген мұны өз туыстары, «Езгісінде жатқан қазағың түгілі, орыс ауғанды да алайын деп жатқан жоқ па, қайдағыны айтпа!» деп оның өзін сөккен екен. Солай деп айтатын Сматулла Мақсұмның туыстары қазір Шымкент қаласына көшіп келген, сол жақта жайлы ғұмыр кешіп жатыр. «Столичная газета» Қазақстан азаматы Смтатулла қариге кеңес-ауған соғысы кезінде совет әскерлеріне қарсы соғысқан деген айып тағыпты. Олар өздерін осы күнге дейін 15 одақты «аға халық» билеп-төстеген совет кезеңінде жүргендей сезінеді екен. Сонда, Сматулла қари еліне басып кірген, бала-шағасын қыруға келе жатқан оккупанттардың алдынан дәм-тұз алып шығу керек пе еді?! Иә, Сматулла Мақсұм қолына қолына қару алып соғыспаса да, қызыл оккупанттарға қарсы көтерілген ұлт-азаттық көтерілісінің рухани көсемі болды. Масуд шах, Раббани тәрізді ауған қолбасшылары Сматулла қариден кеңес алып тұрған. Өйткені, оның ел ішіндегі беделі өте жоғары болатын. Заманына оның басына Қызылдар Мемлекеті – қанды держава үлкен ақша тіккен екен. Иншалла, Сматулла Мақсұм сол аласапыранның бәрінен Алланың жәрдемімен аман қалып, туған халқымен қауышты, қарындас-бауырлары арасына хақиқатты, дінді жайды. Бірақ, бір өкініштісі, ислам діні тек, арабта ғана, солардан үйренуіміз керек, қазақтың өзінде түк жоқ, қазақ дінсіз, имансыз халық деген ойға уланған кейбір қазақ жігіттері Сматулланың іліміне, ата-баба жолына қарсы шықты. Олардың надандығын басқалар шебер пайдаланды. Өте өкінішті. Өз қолыңды өзің кесе алмайсың… ХҮIII ғасырға дейін Қазақ Ордасы жер бетіндегі күшті мемлекеттердің қатарында болды. Қазақ-қалмақты қатар билеген еңсегей бойлы ер Есімнің тұсында бізге ерлігі жетер ел болды ма? Бүкіл Түркі жұртының қасиет тұтар байсыны Түркістан қаласын Бұхар ханы Абдолладан тіке шабуылмен алған Тәуекел Бахадүрдің тұсында дүрілдеп тұрған жоқ па едік? Ал Абылайдың заманы ше? Ол уақыттары біздің имнымызды басқа үйірген жоқ. Ысқақ бап, Асан абыз, Бұхар әулие сынды аталарымыз елдің рухын көтеріп, хандыққа қалқан болған. Біздің ұлтымыздың төбелеріне тұтқан Ұлылары киелі Түркістанда жатыр. Екі дүниенің кемеңгері Иассауидің панасында мәңгілік тыныш тапты. Иассауи бүкіл ислам дүниесінің машайығы, мың жылда бір жаралар әулие. Сол Иассауидің өзіне бәз біреулердің айтақтауымен өзіміздің қазақ ұлдары тіл тигізіп жүр. Бірақ, «вахаббидтің» уын ішкен бір-екі жігіт танығысы келмейді деп, біз аспанымызды аласарта алмаймыз. Енді, сол Иассауи ілімін уағыздаған Сматулла Мақсұм неге жазықты болуға тиіс?! «Мясо – учителью, кости - жене» атты мақалада медреседен түзелу күні толмай қашып кеткен нашақорлар мен алқаштардың, есі ауыс адамдардың сөздері келтірілген. Не солардың аты-жөндері көрсетілмеген. Сонда, туған-туыстары мен ата-аналары әбден безінді болған, өзін-өзі ұстай алмайтын, кейбіреуі психо-терапевтің тіркелуінде тұрған адамдардың сөздері дін ісінің дұрыс-бұрыстығына дәлел болғаны ма? Мақала авторы, газет басшылары дәлелсіз, айғақсыз жайтты қалай қорықпай жазған? Шимай-шатпырақты қалай басқан? Тым болмаса, бір жақтылық жасамайды деген ниетпен Сматулла, Нарымбай қарилердің өздеріне де жолықпаған. Медресенің өзіне бір кіріп шықса да болатын еді ғой? «Жаптым жала, жақтым күйені» жасаудағы батырлықтың сыры неде? Жақсы, медреседен бір адам қашып кетті, оған түзеліп, адам қатарына қосылуды Құдай нәсіп қылмады делік. Бірақ, онда азғындап келген, өзінің ықтиярынсыз ата-анасы, туған-туысқаны зорлап тастап кеткен жүздеген азаматтар түзелді ғой. Жай түзелгені қойсын, дін жаятын мұсылманға айналды. Осыны Құдайдың құдіреті демей көріңіз… Сматулла қари: «Әрбір аурудың, мысалы, зинақорлықтың, нашақорлықтың, жындылықтың, сол кеселдері құтыртып тұрған бір микробы бар. Сол микробты дәл анықтап, соған қарсы жұмыс жасау қажет» деп отырады. Үйін қиратып, әке-шешесін сабап келген жындының сауығуын күні-түні медреседе жатқан балалар Құдайдан жылап отырып тілейді. Біріне-бірі дұға қылады. Дүниені сақтап тұрған, әлемді өзгертетін мұсылманның дұғасы – тілеуі емес пе?! Әсіресе мынандай адам баласы азғындаудың шегіне жеткен кезде, дін ұстау от ұстаудан ауыр шақта иман іздеген мұсылманның дұғасы күшті болатын шығар деп ойлаймын.
Мен өз көзіммен көрген бір жағдайды баян қылайын. Бірде медресеге Ресей жеріндегі Алтай өңірінде тұратын бір қандасымыз арақ ішіп-ішіп жынды болып кеткен баласын алып келді. Сонда бала медреседегі тәрбиеші жігіттерге бой бермей, қасына жақындап келе жатқан Сматулла қаридың өзін кеудесінен қапелімде ұрып жіберді. Содан, баланың анасы Смекеңнен кешірім сұрап, ағыл-тегіл жылады-ай дейсің, оған қосылып «Ештеңе етпейді, қарындасым, оның ұрғаны маған майдай, бұл бәріміздің басымызға бейнет қой, сол жолда таяқ жесем арманым жоқ…» деп Смекеңнің өзі де еңкілдеді. Ана жындыда ес жоқ, алақ-жұлақ етіп барып, төрдегі диванға шәние жайғасып маңайында отырған медресенің балаларына «Қорықпаңдар мен сендерге тимеймін!» деп еліріп отыр («Мынаның бәрі менен қорқып жылап отыр» деп ойласа керек). Кейін осы оқиға медресе ішінде әзілге айналып кетті. Содан оны шешесі медресеге қалдыратын болып қолхат жазды. (Медресеге жақындарын әкелетін жандар түгел қолхат жазып қалдырады). Енді сол қолхаттың өзін оқып көріңіздер:

«Маймақ ишанның немересі Сматулла Мақсұмға Алтай Республикасы, Қос-ағаш ауданы, Жаңа ауыл тұрғыны Ләйзипа Құсумановадан

ӨТІНІШ

Сізден үлкен өтінішпен сұрайтыным, менің балам Құсуманов Ержанат 1977 жылы туылған. Маған күш бермеді. Өзіме қол көтеріп, пышақ ала жүгіреді. Үйде сау зат қалған жоқ, барлығын қиратты. Сондықтан Бір Алладан, онан кейін сізден сұрайтыным, осы балаға жәрдем етіңіз. Бір адамға күш бермеді… Сондықтан өлсе осында өлсін, бір шіріген жұмыртқадай болар. Емхананың да күші жетпеді. Бір дәрінің көмегі болмады. Қанша емшілерге апардым, ем қонбады. Сондықтан жазылса жазылсын. Жазылмаса осында өлсін. Бір Аллаға сиынып, сізден рухани емдік көмегіңізді сұраймын. Мен әбден шаршадым. Осымен алысқалы тоғыз жыл болды…

Өтінішпен Анасы Ләйзипа, ағасы Бекзат, нағашысы Бақытпек.
23.05.2002 жыл.»

Жиырма күн өткеннен кейін жаңағы жынды бала Ержанатты көрдім. Смекең қасына шақырып алды. Анау күнгі жындылығы су сепкендей басылған. Смекең: «Не істейсің, не қылдың?» десе, анау «Иншалла, еліме барам. Анамның аяғын сүйемін…» дейді. Өзі көзі боталап жылап тұр. Қаншама аят, хадис жаттаған. Құдайға шүкір, ақарын-ақырын адам қатарына қосылып келеді екен…

Ал енді мынау келесі қолхат:

Маймақ ишан немересі Сматулла Мақсұмға Іңкәрбай Исақтан

ҚОЛХАТ

Аса қадірлі Сматулла Мақсұм, менің яғни біздің жалғыз баламыз Исақұлы Нұрлан 1970 жылы туған. Ол 1990 жылдан бері нашақорлықпен айналысатын болды. Өзіне ине салып, бірнеше рет есінен айырылған күндері де болды. Әке-шешесіне, әпкелеріне, әйел мен балаларына мейірімсіз, боқтықпен күш жұмсайды, үйдегі заттарды ұрлап-ақ бітіретін болды. Өзінің екі ұлы және бір қызы бар. Олардың киім, тамағы біздің мойнымызда, асырап жатқан да өзіміз. Нұрланның не өкіметке, не үй-іші, не бала-шаға туыстарына зиянынан басқа ешбір пайда келтірмейді. Біз үшін ол бір шіріген жұмыртқа. Емдедік те, әулиелерге де, молдаларға да апардық. Әзір ешбірінің емі қонбады. Ендігі сенетіміз бір Алла және өзіңіз. Ем жасап, дұрыс жолға қоятыныңызға сенеміз. Еті сіздікі, сүйегі біздікі. Заң алдында, Алла алдыңда біз сіз жағындамыз. Көмектесіңіз… (Әкесі, шешесі, әйелі, қол қойған. – Б.А.) 04.05.2002 жыл»
Зар еңіреп, баламды діннің шарапатымен дұрыс жолға бағыттаңыз деп отырған Исақ аға отставкадағы КНБ полковнигі. Мақаланы жазар алдында мен Исақ ағаның ұлы, жоғарыдағы қолхат кейіпкері Нұрланмен жолығып, сөйлестім. Жүзі жылы, байсалды жігіт екен. Өткенін басын шайқай еске алады. «Егер, сіздің әкеңіздің қолхатын мақалаға дерек ретінде пайдалансам қарсы емессің бе?» деп сұрап едім «Қарсы емеспін. Қайта ел-жұрт оқысын. Көрсін» деп жауап берді. Тіпті қолхаттың астына «Қолхаттың мақалаға дерек ретінде пайдалануына қарсы емеспін» деп ықыластана жазып берді.
Тағы бір арызға назар салсаңыздар:

«Сматулла қажыға Асқардың емделуіне мамасы Абдыхалықова Гүлжаннан

ӨТІНІШ

Менің балам Абдыхалықов Асқарды емдеуге қарсылығым жоқ, әйтеуір денесі сау болса болғаны. Сізге тапсырдым. Емдеудің жолын өзіңіз білесіз. Асқардың осылай болуына көп себептер болды. Арақты ауыз құрғатпай ішетін болды. Ішкен кезде есінен айырылып, өңшең ызамен өкпелерін айтып жылайды. Жын-шайтанмен сөйлегендей көзіне кім көрінген елестеп, соларға сөйлейді, кет деп боқтайды. Ешкімге де көнбейді. Әрнені кек сақтайды. «Мылтығым бар» дейді… Асқарда мылтық түгіл тапанша да жоқ. Сонымен бәрін айт та, бірін айт, аяғы аяғы жақсылыққа соқпайды. Ызамен барып бірнәрсені бүлдіреді де сотталады. Сонымен не істесеңіз де түзеп беруіңізді өтінемін. 21.05.2002 жыл.

Асқар деген азамат қазір озық шәкірттерінің бірі. Медресеге келген үш ай ішінде қырыққа жуық аят-сүре жаттаған. Діни білімі анау-мынау молдадан артық. Жүзінен нұры төгілген, иманды, «мынау қазақтың жігіті!» деп көрсетуге тұратын азаматқа айналған. Егер, Асқар медресеге келмей, арақ ішіп, көзіне көрінген жын-шайтанмен сөйлесіп жүре берсе, өзінің де, өзгенің де өмірін талқандар еді…
Мынау келесі бір көздің жасы…

«Досанның емделуне інісі Итбаев Дарханнан

ӨТІНІШ

Менің ағам Итбаев Досанның емделуіне байланысты себептері: арақсыз тұра алмайды. 1992 жылдан ішімдікке салынған әйелін, баласын тастап, жұмысынан босап, ауылға келіп, содан бергі өмірі арақ ішумен өтіп жатыр. Жан ұямыздың берекесін қашырды. Ішсе болды, әкеммен төбелесіп, анамды, әкемді, өзімді қоса сабайтын болды. Туған-туыс көрші-қолаңның мазасын алып, ауылдың тыныштығын қашырды. Ол үйден шығып кетсе болды бәріміз үрейіміз ұшып үйдегі пышақ, балта, темір т.б. тыға бастаймыз. Әкесіне бірнеше рет пышақ жұмсап, ұрып, қатты соққыдан қол-аяғын сындырды. Әкем соның салдарынан 1999 жылы қайтыс болды. Жан ұямызды жарым-жартылай жынды қылды…

Осы сарында қете береді. Қолхат емес, көздің жасы… Ата-ананың қанды жасын арқалаған, өмірде қарғыстан басқа естімеген жігіттер адам болды дегенге кім сенеді… Кім түзепті ондай адамды. Түрме ме? Жоқ, әлде, аурухана ма?! Бұл жоғарыда келтірілген үш мысал – «Сенім.Білім.Өмір.» атты Республикалық қоғамдық бірлестіктің көп игі істерінің тамшыдай ғана бір бөлігі. Сматулла қаридың қолында мұндай қолхаттың жүздегені бар. Мыңдаған адам, өмірден безінді болған жандар, діннен береке тапты, жан жылуын алды. Қаншамасы сол арада үйленіп, бас құрап, толыққанды отбасына айналды. Сол игі істердің барлығына ұйытқы болған адам – Сматулла Мақсұм. «Сол «Столичная жизньде» жарияланған мақалада сөздері келтірілгендердің бірі мен едім. Үйде отырғанымда екі жігіт келіп, арыз-түсінік жаз деп қоймады. Бірақ, мен жамандап жазбаймын деп, нақты шындықты жазып бердім. Олар өзгертіп жіберіпті, – деді менімен әңгімелескен Досан деген жігіт. Біреудің хатын «Столичная жизнь» неге өзгертеді? Түсініксіз…
Сматулла қари мен оның шәкірттері қоғамды рухани тазарту орталығын өз күштерімен құрды. Оларға дінді көркейтіп жатырсың деп Ислам елдері ақша берген жоқ, үкімет қаражат бөлген жоқ. Қазір олар «Мамыр» ықшам ауданындағы діннің жолын түсінген ақжолтай азаматтың үйін уақытша медресеге айналдырған. Үй иесі Әбдіманап атты азамат, өзі де бүкіл үйелменімен медресеге айналған шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Медресенің құбатөбел күнкөрісін –қайырымды жандар берген азын-аулақ садақа, зекет құрайды. Кей уақыттары талғажаулары тақыр-таза таусылып, қиналып жатады. Әйтеуір, Құдай ретін тауып, бірді-бірге жалғап тұр. «Құдай жеткізеді!» дегенді мен сол Мамырдағы медреседен көріп түсіндім…
Діннің берекесін, ұлттың тұтастығын ойлаған, сол жолда еңбек еткен адам Смтаулла қаридей болсын. Ол өзінің қамын ойласа, Қазақстандағы бос тұрған көп мешіттің біріне барып, молдалық қылып, жаназа шығарып, жұмада бір рет уағыз айтып қойып, жан тыныштығын күйттеп жатар еді ғой. Алпыстан асқан адамға одан басқа не керек?… Бізге қазіргі сәтте ең керегі – ел-жұрттың тыныштығы. Ендеше, сол ел тыныштығын сақтаған, сол игілікке еңбек еткен азаматтарымызды ит талауға тастамайық. Тым болмағанда, жақсының жанына арашашы бола білейік…

P.S. Мен осы мақаланы дайындап жатқанда естідім, «Столичная жизнь» газетіне шыққан мақала ізімен Смтаулла мен Нарымбай қариді бүкіл шәкірттерімен (қырық күндікте жатқандарды да қосып) қалалық ішкі істер басқармасының адамдары келіп, қамауға алып кетіпті… Орыс тілді басылымдар қоғамдық пікірді қалай тез қалыптастырады десеңізші…

Дерек көзі: «Жас Алаш», № 113,
21 қыркүйек 2002 ж


JETI SAZ
Dinislam_KzУақыты: Сенбі, 03.Қаңтар.2009, 17:42 | Хабарлама # 26
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Quote (Batir)
Сматулла қариды қаралау неге күшейіп тұр?

Бұның әулие аралауға не қатысы бар екен?

қаласаңыз бұл темаға байланысты басқа тақырып ашсаңыз болады.......




HayrullaУақыты: Жексенбі, 04.Қаңтар.2009, 11:28 | Хабарлама # 27
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
ШАРИҒАТТЫ АТТАП, ТАРИҚАТТА ТАЙРАҢДАҒАН ЗІКІРДІ БҰРМАЛАУШЫ «ИСМАТУЛЛАШЫЛАР»

Қараша айының алғашқы жартысында әлденеше кеш «31 телеарна» соңғы кездерi елiмiздiң әр аймағынан қылаң бере бастаған «алқа зiкiршiлердiң» Алматы қаласы, «Мамыр» ықшамауданында орналасқан Шәкәрiм атындағы медресесiнде көптен берi орын алып келе жатқан заңға да, адамгершiлiкке де жат тағылық iс-әрекеттерi жайында жұртты елең еткiзер хабарлар бердi.
Соның нәтижесiнде Алматы қалалық Iшкi iстер департаментi тергеу жұмыстарын бастап, қылмыстық iс қозғады.

Расында осы «алқа зiкiршiлерi» кiм?
Елiмiзде қазақ халқының көрнектi ойшыл ақындары мен тақуа дiндарларын бетперде қылып, дiнiмiздегi зiкiр ғибадатын бұрмалайтын «исматуллашылар» тобы «Сенiм. Бiлiм. Өмiр» қоғамдық бiрлестiгi атынан iс-әрекет етуде.
Басшысы сондағы «сопылардың» пiрi Пәкiстаннан келген Исматулла Мақсұм деген азамат. Оны шәкiрттерi «әулие» дәрежесiне дейiн көтерген, тiптi «Мәдiнiң қолбасшысы» деп те атайды.
Оның дiни көзқарастары мен ұстанымдарын нақты жүзеге асыруға Нарымбай «тақсыр» Разбекұлы бастап, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бiр топ серкелерi қоштап, белсене ат салысуда.

Олардың ұстанымдары мен көзқарастары Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы тiкелей басшылыққа алатын әһлус-сунна ақидасы мен Ханафи мәзһабына үйлеспейдi. Жалпы «исматуллашылардың» қатесi мен адасушылығы неде? Оған дiни басқарманың жан-жақты сараптаған талдауынан айқын көз жеткiзуге болады.

1. Бұл топтың сөзi мен iс-әрекетiне қарағанда «зiкiр» терминiн тар аяда түсiнетiнi байқалады.
Олар зiкiр дегенде: «Лә иләһә иллаллаһты» айтып, бас шайқап, «һу-һу»-деуден әрiге бармайды.
Алайда, зiкiр - бұл аса ұлық әрi аясы кең ғибадат. Мұсылманның имандылығы мен тақуалығы оның әрбiр iс-қимылынан да айқын сезiлсе, нұр үстiне нұр.
2. Бұл топ зiкiрдi мұсылманшылықтың негiзгi шарты деп бiледi.
Кiм-кiмге де белгiлi Исламда бес парыз (шарт) бар. Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылман үмметiне:«Ислам бес парызға негiзделген: Алла Тағаладан басқа Тәңiр жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның елшiсi деп куәлiк беру; намаз оқу; зекет беру; қажылыққа бару; Рамазан айында ораза ұстау» деп бұйырған (Бұхари мен Муслим).
Мұнда «зiкiр - Исламның негiзгi шарты» деген сөз де, ұғым да жоқ. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабаларынан және қасиеттi Құран мен хадистерден, Ислам ғұламаларының кiтаптарынан оқып, естiмеген «шариғаттың» Исматулла «тақсырдан» тарауына қандай баға берудi көзi ашық, көкiрегi сара мұсылмандар еншiсiне қалдыралық.
3. Жиналып тек зiкiр салып, намазды елемеу ауыр күнә. Зiкiр ғибадаты мустахаб (iстесе дұрыс, iстемесе күнә саналмайтын амал). Намаз Исламның бес дiңгегiнiң екiншiсi саналады.
Алла Тағаланың: «Әрине, намаз мүмiндерге белгiлi уақытта парыз етiлдi» («Ниса» сүресi, 103-аят) және «...намазды орында. Күдiксiз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды» («Әнкәбут» сүресi, 45-аят) деген аяттары намаздың парыздығына дәлел.
Омар ибн Хаттаб (р.а.) риуаят еттi: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Парыз екенiн бiле тұра намаз оқымаған пенденiң iстеген барлық жақсылығын Алла жоққа шығарады. Тәубесiне келмейiнше ондай пендеге Алланың қамқорлығы нәсiп болмайды» (Бухари жеткiзген). Бұл хадистерден намазды елемеушiлiк қандай ауыр қасiреттерге алып баратыны көрiнiп тұрған жоқ па? Алла сақтасын!

4. Зiкiр кезiнде айқайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкiлдеп билейдi. Ара-тұра бiрi еңкiлдеп, бiрi өкiрiп жылайды. Тiптi кейбiрiнiң аузынан ақ көбiк-жыны ағып, есiнен танып, талып қалады.
Мұндай iс-әрекеттi тасаввуф (сопылық) «шатахат» деп атайды. Дiн ғұламалары тұрмақ кейбiр сопылардың өздерi (Гиләни мен Рифаъи) шатахатты өткiр сынға алған. Мұның бәрi әдепсiздiкке әрi шектен шығушылыққа жатады. Ислам мұндай iс-әрекеттi құптамайды.
Дұға ету, зiкiр салу немесе басқа да ғибадатты атқаруда Алла Тағала пенделерiне былай деп кеңес бередi: «Аса төменшiлiкпен бойсұнып, Тәңiрге iштерiңнен дұға оқыңдар. Шектен тыс кеткендердi Құдай жөн көрмейдi» («Аграф» сүресi, 55-аят).
Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың түбiне шектен шығушылық жеткен болатын», - деп айтқанын естiген (Тирмизи жеткiзген).
5. Қазақтың кемеңгер ақындары Абай мен Шәкәрiмдi бетке ұстап, өз мүдделерiне пайдаланғысы келедi.
Олардың өлеңдерiн дәлел-құжаттай көредi. Ислам дiнiнiң негiзi Құран Кәрiм мен хадис шәрiп. Ал, дана Абай болса: «Әуелi аят, хадис сөздiң басы» және «Пенделiктiң кәмәләтi әулиелiк бiрлән болатұғын болса, күллi адам тәркi дүние болып, «һу» деп тариқатқа кiрсе, дүние ойран болса керек.
Бұлай болғанда малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм егедi... Екiншi, бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету қаупi бар.
Кәпiрлерге жем болып кетуде...» деуi арқылы «исматуллашылар» сияқты «сопылардың» көзқарастарын мүлдем мансұқ етедi.
6. Ұлы мужтаһид факиһтердiң шариғат бiлiмiн оқып, үйрену орнына, оны аттап өтiп, бiрден әулиелердiң тариқат жолын қуып кетушiлердiң тақуа ақын Ахмет Яссауи заманында да болғанына оның мына хикметi куә:
Тариқатқа шариғатсыз кiргендердiң
Шайтан келiп, имандарын алар екен.
(«Диуани хикмет», 79)
«Исматуллашылар» шариғатты бiлуге ықылас танытпай, аттап өтiп, тариқаттың ең төрiнен көрiнгiсi келедi (Сопылықтың негiзгi баспалдақтары: шариғат - тариқат - мағрифат - ақиқат).

7. «Исматуллашылар» дiндi қазақиландыруға тырысады.

Бұл өзiн пайғамбармын деп жариялап, жаңа дiн шығарумен тең. Бұл ауыр күнә.

8. Шәкiрттерi пiрi - Исматулла «тақсырды» «қасиеттi әке» санап, құлдық ұрып, қолын сүйедi-мiс.
Бұл да үлкен күнә саналар ширк (Аллаға серiк қосу). Қасиеттiлiк, ұлықтық бүкiл әлемдi жаратқан Аллаға ғана тән.
Алла Тағала өзiне серiк қосқанды кешiрмейтiнiн, одан басқа күнәларды қаласа кешiретiнi жөнiнде:
«Алланың кешiрмейтiн күнәсi - өзiне басқа бiрдеңенi теңдестiрiп, (әлденелердi) Тәңiр тұту. Одан басқа күнәларды егер рахымы түссе кешiредi. Демек, кiмде-кiм Аллаға әлдененi теңестiредi екен - ол зор күнәһар» («Ниса» сүресi, 48-аят), - дейдi.Пайғамбар (с.ғ.с.) да: «Мен де сендер сияқты бiр адаммын»,- деп қайта-қайта айтуды ұмытпаған.
9. «Исматулла» тақсырды муридтерi әулие көредi-мiс.
Нарымбай: «Ол - бос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәмiл»,- дейдi. Халық бiлетiн әулиелер Алланың шариғатын бұлжытпай орындап қандай да күнәлардан сақтанатын халықшыл, ойшыл адамдар едi. Сонда Нарымбай пiрiн әулиелiкке көтерiп халықтың дiни сауатсыздығын пайдаланбақ па? Қазақ тiлiндегi әулие «уәли» сөзiнiң көпшесi болып, «достар» мағынасын бередi. Алла Тағала өзiнiң әулие-достары туралы: «Анығында менiң ием - маған кiтап берген Алла. Ол жақсыларды (iзгi пенделерiн) дос тұтады» («Әграф» сүресi, 196-аят) және «Бiлiндер!

10. «Исматуллашылар» жеке жұмыс iстейдi, өз бiлгенiнше, қалағанынша уағыз айтады, жеке медресесi де бар.
Онда қандай бағдарлама бойынша оқытылады? Белгiсiз. 54 шәкiртi Алматы қалалық iшкi iстер басқармасының тергеу изоляторына түсiп, ұстаздарынан көрген қорлықтары туралы мұңдарын шағуда. Олардың бiрқатарын апталап емес, айлар бойы шынжырлап қараңғы жертөледе (?) ұстаған, ұрып, соққан. Мұндай қорлыққа шыдамағандары өздерiне қол салған. Бұл жайлы «31 телеарнаның» (7-10 қараша) бұрын-сонды құлақ естiмеген хабарын сан миллиондаған көрермен көрiп, жағасын ұстады. Ел мұсылмандары бiр ғана мәзһабты ұстанғандықтан, дiни басқарма пәтуасын басшылыққа алады.
Ал, бұлар оған бойсұнбайды. Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы мемлекетте дiни iстердi басқаруға мұрындық болар бiрден-бiр құзырлы мекеме.
Имам Муслимнен риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине, Алла сендерден үш нәрсенi ұнатады, олар: Аллаға ғана ғибадат ету, оған басқаны серiк қоспау; түп-түгел Алланың жiбiне жабысып, бөлiнбеу; Сендерге басшы болғандарға мойынсұну», - деген.

Аллаға шүкiр, бiз иман мен исламға емiн-еркiн амал етiлетiн әдiлеттi де құқықты мемлекетте өмiр сүрудемiз. Исматулла «тақсыр» айтқандай, «Мәһди шықты, ол Пәкiстанда», - деуiне келейiк. Жоғарыда айтылған хадисте Мәһди Мекке-Мадинадан шығады деп тұр.
Сонда Мәһди туралы көрiпкелдiлiк Исматулла «тақсырдың» жеке өз пiкiрi ме? Ендеше, оның бұлай деуi арқылы көздеген мақсаты не?

Исматулла «тақсыр» мен оның «сарбаздарын» тариқаттың қай түрiне жатқызған дұрыс?
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы дiни ғибадат, дiни iс-шараларды атқаруда қасиеттi Құран, хазретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәриптерi, ата-бабаларымыз ежелден ұстанып келе жатқан дiни-құқықтық мектеп - имам Ағзам мәзһабын және шариғатқа қайшы келмейтiн халқымыздың озық дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын басшылыққа алады.
«Исматуллашылардың» адамның ақыл-ойын шектеп, психологиялық тәсiлмен бiр «тақсырдың» роботы етiп қоятын «алқа зiкiр» құлшылығы ислам қағидаларына жат және Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының ұстанымына да кереғар.
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы жоғарыда айтылған жәйттердi ескерте отырып, ел тыныштығы мен халық татулығын сақтау мақсатында «Сенiм. Бiлiм. Өмiр» қоғамдық бiрлестiгiне, яғни «исматуллашылар» тобына сауатсыздар мен адасушылардың тобыры деп баға бередi.
Сондай-ақ, Қазақстандағы барша мұсылмандарды осы топтың арбауына түсiп, адасушылықтан сақтануға әрi дiнiмiздiң бiрлiгi мен мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгi жолындағы игi шаралардың ұйытқысы болып отырған Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы төңiрегiне топтасуға шақырады.

Авторы: Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

Добавлено (04-Қаңтар-2009, 11.25)
---------------------------------------------

Quote (imam)
Бұның әулие аралауға не қатысы бар екен?

Өйткені, Исматулла арамызда жүрген бірден-бір "тірі әулие". :D

Добавлено (04-Қаңтар-2009, 11.28)
---------------------------------------------
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы жоғарыда айтылған жәйттердi ескерте отырып, ел тыныштығы мен халық татулығын сақтау мақсатында «Сенiм. Бiлiм. Өмiр» қоғамдық бiрлестiгiне, яғни «исматуллашылар» тобына сауатсыздар мен адасушылардың тобыры деп баға бередi.

Бұл діни басқарманың Исматуллашылар жайлы пәтуасы. Мұқият есте сақтап алыңыздар! :)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!


Хатты жөндеген Hayrulla - Жексенбі, 04.Қаңтар.2009, 15:04
Dinislam_KzУақыты: Жексенбі, 04.Қаңтар.2009, 16:48 | Хабарлама # 28
www.dinislam.kz
Тобы: Әкімшілік
Жазған хаттар саны: 872
[ ]
Ажыратылған
Quote (Hayrulla)
Бұл діни басқарманың Исматуллашылар жайлы пәтуасы. Мұқият есте сақтап алыңыздар!

Тамаша жазылған екен......



HayrullaУақыты: Сейсенбі, 06.Қаңтар.2009, 12:08 | Хабарлама # 29
Полковник
Тобы: Модераторлар
Жазған хаттар саны: 269
[ ]
Ажыратылған
Мұртаза БҰЛҰТАЙ,
философия ғылымдарының докторы, теолог.

- Исламда Жаратушы мен пенденің арасына дәнекерлік жасайтын топтар жоқ. Бұл күндері ислам атын жамылған кейбір ағымдар исламда жоқ нәрсені алып келді. Адам мен Жаратушы арасында делдал болатын «тақсыр», «шейх» деп аталатын тариқат көсемдері пайда болды. Бұл исламға жат әрекет. Өйткені суфизм тариқаттарына кірген «мүридтер» ең бірінші кезекте тариқаттың заңдары мен ережелерін басшылыққа алады. Тақсырға көзсіз бағынушылық — суфизмнің ең негізгі қағидаларынан. Яғни бір тариқат көсемі оң мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған адамдарды өзіне қарата алады. Ал сол адам кімнің ықпалында болатыны белгісіз. Сол себепті 1923 жылы Түркия Республикасын орнаткан Мұстафа Кемал Ататүрік ең алғашқы реформаларын суфизмге тыйым салумен бастаған.
- Сонда ірі реформатор, кемеңгер басшы Кемал Ататүрік ұлттың әр түрлі ағым жетегінде кетуі ең әуелі ұлт тұтастығына, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін құбылыс екенін бағамдай білгендіктен де қатаң шаралар қолдануға барған ба?
- Ол 1925 жылғы 30 тамыздағы Жеңіс мерекесінде сөйлеген сөзінде былай деген: «Өліктерден медет күту өркениетті қоғам үшін дақ болып табылады. Мырзалар! Ей, құрметті ұлтым! Мына нәрсені біліп алыңыздар: Түркия Республикасы дәруіштер, мүридтер және есуастар мемлекеті бола алмайды. Ең тура тариқат (жол мағынасында -М.Б.), ең шынайы тариқат — өркениеттілік тариқаты-дүр!». Ататүріктің осы сөзінен кейін ішінде үлкен дін ғалымдары бар Түркия Мәжілісі 30 қараша 1925 жылы 677 нөмірлі заңды қабылдап, барлық суфи тариқаттары жойылып, тәкке, зәуия және кесенелерді зиярат етуге тыйым салынған.Сонымен қатар аталмыш заң арқылы «шейх», «дәруіш», «мүрид», «дәдә» (пір мағынасында — М.Б.), «халифа» сияқты сөздердің кісі есімдеріне жалғануына тыйым салынып, балгерлік, бақсылык, сиқырлық, ғайыптан хабар алушылық, тұмаршылық сияқты кәсіптер мен іс-әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынып, осындай амалдарды жүзеге асырушылардың киімдерін киюге шектеу қойылған. Заңды бұзғандарға үлкен мөлшерде айыппұл салынған, немесе ең кемі 3 айға бас бостандығынан айыру көзделген. Мұндай жаза тариқатшылардың зікір салуына орын бергендерге де қолданылған.Осы арада Осман патшалығының соңғы ғасырларында халық арасыңда исламға жат нанымдар мен надандықтың жаппай таралғанын, суфи тариқаттарының елдің ілгері дамуына кедергі жасағанын атап айтқанымыз жөн. Ататүрік болса халықты лагерлерге бөлетін сопылық тариқаттарды жою арқылы кертартпашыл жүйені жермен-жексен еткен. Соның нәтижесінде экономикасы дамыған, өркениетті де зайырлы - Түркия қалыптасты.

Добавлено (06-Қаңтар-2009, 12.08)
---------------------------------------------
Бізге де осындай заң керек. Тек хиджабқа тиіспесе болғаны! :)


Шындық ізде!
Қуғанды қойып елес,
Дәлел сұра, себебі Дін ойын емес.
Дінді түсін - сахабалар түсінгендей,
Дін деген менің, сенің ойың емес!!!


Хатты жөндеген Hayrulla - Сейсенбі, 06.Қаңтар.2009, 12:11
Rahim_NurУақыты: Сейсенбі, 06.Қаңтар.2009, 14:20 | Хабарлама # 30
Подполковник
Тобы: Қолданушылар
Жазған хаттар саны: 135
[ ]
Ажыратылған
Сопылық ілім жайында түрлі пікірлер бар ел арасында... Біреулер жөн дейді, біреулер, дұрыс емес дейді. Дегенмен сайтымызға да осындай пікірлер кіріп кетіп жатыр. Ақиқатын кім ажыратады, оны Аллаһтың құзырына берейік, дегенмен, оқыған хазіреттеріміздің де ойына тоқтала кетейік. Төмендегі жазба Хазіреті Шамиль Аляутдиновтың ойы. Өздеріңізге Шамиль етене таныс болар, ол ақылға қонымды пәтуалары мен көптің көзайымына, талайдың танысына айналып, оқырмандардың және тура жолдағы мұсылмандардың жүрегіне жол тапқан.

ТАСАВВУФ (СУФИЗМ)

Сегодняшнее слово “суфизм” чаще ассоциируется с чем-то мистическим, таинственным, нежели с морально-нравственным ростом и естественным духовным развитием человека.

Востоковедческая трактовка данного термина и заимствованные от нее краткие разъяснения толковых словарей поспособствовали именно “мистическому” восприятию данного понятия среди народных масс, в среде непросвещенных. Судите сами:

1. “Суфизм – мистико-аскетическое учение в исламе, отрицающее обрядовую сторону и проповедующее аскетизм”[1].

2. “Суфизм – мистическое течение в исламе. Возникло в VIII-IX веках, окончательно сформировалось в X-XII веках. Для суфизма характерно сочетание метафизики с аскетической практикой, учение о постепенном приближении через мистическую любовь к познанию Бога (в интуитивных экстатических озарениях) и слиянию с Ним. Оказал большое влияние на арабскую и особенно персидскую поэзию”[2].

3. “Суфизм – приверженцы суфизма (суфии), изнуряя себя бытовыми неудобствами, холодом, голодом, бессонницей, жаждой, грубой одеждой и половым воздержанием, добивались экстатических озарений и “сливались с богом”. Суфизм отрицал строгое расписание молитв и оказал влияние на арабскую и особенно персидскую поэзии”[3].

4. “ат-Тасаввуф – суфизм, мистико-аскетическое течение в исламе. Существует несколько гипотез происхождения этого термина и однокоренных с ним. Западноевропейские ученые вплоть до конца XX века склонялись к мысли о том, что слово “ат-тасаввуф” происходит от греческого и переводится как “мудрость”. Ныне общепринятой является точка зрения, согласно которой ат-тасаввуф – производное от слова “суф” – “шерсть”, поскольку грубое шерстяное одеяние издавна считалось обычным атрибутом аскета-отшельника, “божьего человека”, мистика”[4].

На такие определения, которые невежественно поверхностны или идеологизированы атеистическим бесчувствием и слепотой интеллекта, уместно будет ответить словами Цицерона: “Невозможно быть во всех отношениях достохвальным оратором, не изучив всех важнейших предметов и наук. Речь должна расцветать и разворачиваться только на основе полного знания предмета, если же за ней не стоит содержание, усвоенное и познанное оратором, то словесное ее выражение представляется пустой болтовней”. Правильно говорят ученые: “Анализ (восприятия внешнего мира) во многом зависит от индивидуального опыта человека, его системы ассоциаций и ценностей”[5].

От атеистического взгляда со стороны перейдем с вами к ознакомлению со смысловой нагрузкой данного термина с точки зрения мусульманского богословия. Арабский словарь богословских терминов (сугубо научное издание на арабском и английском языках) дает слову “тасаввуф” следующее определение: “ат-Тасаввуф – это правдивость пред Богом; свобода от господства и властного влияния (давления на нас) мирских прелестей и красот; установление хороших взаимоотношений с другими людьми. Это то, что относится к канонически дозволенному (машру‘). Что же касается различного рода крайностей, подобно снятию с себя каких-либо обязанностей и бездеятельному упованию на Творца, то это – отклонение и заблуждение”[6].

Понятие суфизма как школы духовного оздоровления имелось и имеется практически во всех религиях и духовных учениях. Например, индуистское “совершенствование духа”, в результате которого человек способен словно отключать органы чувств, нервные окончания и подвергать свое тело любым истязаниям и мукам, не чувствуя при этом боли; христианское монашество, когда человек преднамеренно жертвует многим мирским, в том числе семьей и детьми, во имя духовной чистоты и возвеличивания Бога.

Что же касается Ислама, то в нем присутствует удивительный баланс меж тремя важными компонентами: духовная жизнь, телесная и интеллектуальная. В совокупности и в правильных пропорциях они дают полноценность мирского существования, ощущение земного человеческого счастья и подводят к благу вечному, довольству Творца нами. Во времена Пророка и его сподвижников этот баланс естественным образом присутствовал в обществе мусульман.

Отдельно выраженное понятие “суфизм” (“тасаввуф”) появилось среди мусульман уже после смерти пророка Мухаммада (да благословит его Всевышний и приветствует) и его сподвижников, именно в те времена (конец II века по хиджре), когда быстро развивающееся мусульманское общество бросило все силы и устремления на экономический прогресс, политическую и военную мощь, интеллектуальный рост и материальный достаток. В среде богословов одни занимались только вопросами вероубеждения (‘акыды) и говорили, что в этом суть и основа всего. Другие – вопросами религиозной практики (фикх), и только. Правители и богатая часть населения делали акцент на укрепление политического влияния и приумножение материального достатка. В тот период веру начали ограничивать сухими богословскими терминами, дискуссиями об основах вероубеждения и прениями по вопросам религиозной практики. Постепенно ее начали было воссоединять с философией, “загоняя” в рамки метафизических умозаключений и теорий.

В процессе горячих споров и дискуссий одних, а также гонки за материальным достатком, заморским шиком других душа как индивидуума, так и общества в целом отошла на второй план, начала испытывать нестерпимый духовный голод. Именно в этот период появляются люди, которые постепенно стараются заполнить пробел, делая акцент на очищение сути человека, на исцеление от болезней души, на развитие морально-нравственных характеристик. Поначалу все это происходило в рамках Священного Писания и пророческого наследия. И именно тогда был внесен огромный вклад в морально-нравственный облик общества: многие грешники, ожив духовно, оставили позади свои преступления; огромное количество людей уверовали и стали религиозно-практикующими. Этот неоценимый вклад может отрицать только высокомерный и невежественный фанатик. А проводить параллель между суфиями того периода и различного рода философами, мистиками, колдунами, йогами, монахами или “святыми” бездельниками может только глупец. Это не поддается сравнению, это совершенно разные вещи.

Но важно отметить, что в последующем появились те, кто, не имея научного базиса, не зная основ, начали следовать “голосу сердца”, говоря, что получают наставления “напрямую от Бога”. Ничем не обоснованные личные умозаключения они стали выдавать за истину.

Потому так и получилось, что в современном обществе местами встречаются те, кто фанатично и слепо отстаивает мнения мало кому известных “шейхов”, не допуская даже малейшего сомнения в истинности своих слов, а также те, кто отрицает все, что связано с суфизмом, называя это ересью и нововведением.

По совести, следовало бы сказать, что тасаввуф берет начало именно в основах и постулатах Ислама, проистекает из коранического текста, достоверных хадисов, поведения и слов сподвижников Пророка (да благословит его Аллах и приветствует).

Тасаввуф внес огромный вклад в изучение, развитие и практику таких понятий, как “покорность Господу миров”, “взаимоуважение и любовь людей друг к другу”, “постижение душевных недостатков и пороков”, “исцеление от сатанинских наущений”, “смягчение сердец”, “память о неизбежности Судного Дня и вечности” и т.д.

Наш современник имам аль-Газали очень точно и с сожалением заметил: “Ярко выражены два типа людей. Первые – это те, кто отыскал в своем сердце искреннюю любовь к Создателю и последнему Его посланнику. Но вместе с этим данная категория крайне мало знакома со Священным Писанием и Сунной Пророка. Они малограмотны и крайне фанатичны в своих убеждениях, в выбранном ими направлении, пути.

Вторые – те, кто отыскал в своей голове интеллектуальную проницательность, в знаниях добился изобилия и достатка, в словах приобрел красноречие и умение ясно излагать свои мысли. С большей частью канонов и постулатов они хорошо знакомы. Выполняют все предписания. В то же время им присущи такие качества, как хладнокровие, грубость, черствость, жестокосердие. Такое впечатление, что они только и ждут, когда другой споткнется, для того, чтобы начать резкую критику, указывая на ошибку и подчеркивая свою правильность, апеллируя при этом к аятам и хадисам.

Мне приходилось встречать и первых, и последних. Раздражало невежество первых и то, как они полностью отдаются неправдоподобным сказкам и небылицам. Возмущало высокомерие вторых, проистекающее от навязчивой[7] правильности в отдельных вопросах вероубеждения (‘акыды) и религиозной практики. Удивляло их пренебрежение духовной составляющей человека, отсутствие устремленности к Богу и уважения к людям.

В свое время имам Ибн Кайим[8] жаловался на то, что некоторые учителя, муфтии и судьи стали суровы и бессердечны, хотя с точки зрения знания канонов они были очень даже грамотны”.

“Настоящий мусульманин, – подчеркивает имам аль-Газали, – это человек с просветленным разумом и сердцем, он и остроумен, и проницателен. В нем воссоединены мысли и чувства как пред Творцом, так и пред людьми.

Ислам – это религия поклонения, основанного на здравии сердца, которое полно искренности, любви и воспитанности, свободно от легкомыслия (причуд, капризов), эгоизма и фальши.

Путь Пророка (да благословит его Аллах и приветствует) – пример для нас в умении воссоединить проницательность, бдительность, зоркость сердца и разума”[9].


"Береген қол алаған қолдан артық"
Хадис Шәриф
Сұхбат » Дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран, жолымыз - сүннет, мазхабымыз - Ханафи » Ағымдар (секталар) жайлы не білеміз? » «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер арандап жүр?
Страница 2 из 3«123»
Поиск:


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно