[01.10.2009.] Қарағандының ортасында қасқайып тұр - 1 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:10
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 798
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 1 » [01.10.2009.] Қарағандының ортасында қасқайып тұр


[01.10.2009.] Қарағандының ортасында қасқайып тұр
21:23
Қарағанды қаласының қақ ортасында Ленин атында көше бар. Оны ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың атына ауыстыру мүмкін болмай тұр. Ал, сонда қарағандылықтар қадыр тұтып отырған Ленин деген кім?
Жетпіс жыл үстемдік құрған әлемдегі кіл тексіздердің, құлдардың, кедей-кепшіктің, дінсіз, ділсіз кәпірлердің одағы болған Кеңес империясы еш соғыссыз, бір оқ атылмай құрыды. Енді қолын сермеген қасқа бас аласа шалдың бейнесі бізге құбыла болмақ емес!
Алаш жұрты біреуді қарғағанда «көмусіз қалғыр дейді». Күнсіздердің, дінсіз кәпірлердің көсемі болған Ленинді Тәңір жазалап келеді: ол әлі көмусіз жатыр!
Кремілдегі В.И.Лениннің бальзамдалған «мәңгі тірі» бейнесіне күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар тағзым етуде. Заманында олардың саны миллиондардан асып жығылатын еді...

Түркі әлемінің ұлы перзенті, ұлт азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері М.Шоқай Париж қаласында шығарып тұрған «Жас Түркістан» журналында былай деп жазады: 
«Қызыл Өзбекстан» беттерінде Ленин мен Мұхаммед пайғамбардың бір-біріне рухани жақындығын дәлелдеу мақсатында көлдей-көлдей мақалалар жариялана бастады. Ташкент газеттері мақалаларын Мұхаммед - «әлеуметтік пайғамбар», ал Ленин болса «нағыз пайғамбар» деп тұжырымдаған еді (М.Шоқай III-томдық таңдамалы шығармалары).
Бүгінгі жаңа ұрпақты Лениннің өмірбаянымен қызықтыра алмайсыз. Әйтсе де, пролеториат көсемінің шын мәнісінде кім болғандығын білгісі келетіндер де аз емес. Ия, бізге белгілісі өз кезінде қарапайым шаруалардың көсемі болғандығы. Бүгінгі таңда Ленинді тажал мен шайтанның түсігі деп атайтындар бар. Мысал үшін, Ресейге есімі кеңінен танымал жазушы Григорий Климов артына осындай дінсіздерді тудырмағаны үшін көсемнің өзіне алғыс білдіреді. Екінші бір көзқарас Ленинді немістің жансызы ретінде көрсетуге тырысады (В.Румянцев). Әлем пролеториятының көсемі жөнінде бүгінге дейін көптеген зерттеу еңбектері жарық көруде. Бірі оны жер көкке сыйғызбай мадақтап жатса, өзгелері адам нанғысыз құбыжық ретінде дәлелдеп тырысуда. Содан болар Ильичтің ғылыми биографиясы жасалып біткен жоқ. Бітпейтін де шығар. Ендігі ретте оқырман назарына орыс зиялыларының көзқарастарын келтірейік.
Туабітті азғын, дүлей Ленин қоғамдық қызметінің нағыз қызған шағында әлемге жан түршігерлік құбылыс әкелді. Ол әлемдегі ұлы мемлекетті құлдырауға ұшыратып, миллиондаған адамдардың өліміне себепкер болды. Алайда, мына ақымақ әлем күні бүгінге дейін оның адамгершілігі жөнінде даулы пікір айтып бағуда. Ағылшындық фотогрофтардың түсіру барысында, өзінің қанды мінберінде төртаяқтап еңбектеген «ұлы» көсемнің жарыместік күйге жеткенін көрген ел жұртқа Семашко бұл «жаңа Навуходоносордың» бас сүйегіндегі миының жасыл қоймалжың затқа айналғанын ашына сарт еткізгені бар. Ол өлген кезде оның жақтаушылары жаңа әлемді жасаған жаңа құдайдың қайтыс болғанын қимастықпен жазған еді. Бұның бәрі Алланың қаһарына ұшырайтындығын Бунин Париждегі баяндамасында-ақ негіздей айтқан болатын (16 ақпан. 1924 жыл.).
Г. Марченконың "Карл Маркс?" атты кітабына сүйенсек, Ленин мазарын тұрғызар алдында сәулетші Щусев құрылыс жобасына Пергамь альтарін үлгі қылып алады. Сол кездегі археологияның беделді өкілі Ф. Поульсен берген ақпаратында Иса ғалейхисәләмнің Пергам альтаріне қатысты құпия сөздер айтқандығы мәлімденеді. Асылы, Пергам ібіліс культінің орталығы болғандығы анықталды. Дарынды сәулетшінің мұндай қадамға баруының себептері әлі күнге дейін жұмбақ күйінде (С. Фоминнің "Вокруг алтаря сатаны" атты мақаласынан).
Ал енді тарих ғылымдарының кандидаты И.В. Соколовтың пайымдауына қарағанда Володяң барып тұрған «Орыстың ұлы жауызы және көгілдірі»!... Осы уәжге айғақ ретінде ғалым сол кездегі ЦК ВКП (б) политбюро мүшесі, Ленинград обком партиясының бірінші хатшысы Григорий Зиновьевтің жеке мұрағатынан алынған материадарды ұсынады. Оқып көрелік:
«Ильич! Все, что ты мне поручил, я выполнил. А что еще не успел, обязательно сделаю... Здесь очень тяжело и непросто, но меня согревает мысль, что уже через несколько дней я увижу тебя и заключу в свои объятия. Хранишь ли ты наше гнездышко? Не водишь ли туда других? Я очень переживаю тут, и только надежда на твою верность согревает меня... Целую тебя в твою марксистскую попочку. Твой Гершель».
Екеуінің бір біріне жазысқан хаттары мұрағатта күні бүгінге дейін сақтаулы. Жалпы бұл деректерден Володяның өте жан жақты пенде болғандығын аңғару қиын емес.
Қарағандының қақ ортасында Лениннің көшесі бар. Оның көшесін Әлихан Бөкейханұлына ауыстырмақ болғанымызда жергілікті орыс мұғажырларының басылымдары («Центральная газета») «Әлихан террорист» деп баяғы шовинистік әрекет пиғылдарына қайта басқан болатын.
Ленинге қойылған білдей екі ескерткіштері әлі тұр. Әлімсақтан ат құрықтаған қазақ елі өзінің жусан аңқыған киелі жеріне шошқаның майын сорған құдайсыздар одағы басшысының ескерткішін алып тастай алмай отырғаны бетімізге басылған қара таңба. Ендігі ұрпақ тарихқа сын тұрғысынан қарауды әлдеқашан үйренген. Сондықтан әлдекімдер жасаған қателіктерді оп-оңай кешіре салмайды. Лениннің ескерткішін алып тастау бүгінгі бостан күннің негізгі талабы. Әрі беріден соң, Кеңес үкіметінің құрбаны болған Алаш арыстары Қазақ дербестігін алған соң күн көсемнің ескерткішін күнбатысқа қаратып қойсын деген жоқ қой.
Құрметті қауым, келешекте ескерткіш салуға, біреулердің атына көше беруге асықпағанымыз жөн болатын шығар.., кім біледі...
Осы ойды қолдап қуаттаған жандарды Тәңір жарылқасын.
Керімсал Кеңесбекұлы. «Абай-ақпарат»
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1052 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
01.Қазан.2009
1. dinislam.kz (Dinislam_Kz)
Ия, Қарағандыға бар кезімде таң қалған едім... біздегі Лениннің ескерткіштері қалмады білем, атыда көшелерден көрінбей кетті.

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0