[01.10.2009.] Темекі шегуге тыйым салу туралы кодекс өз нәтижесін береді деп ойлайсыз ба? - 1 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:11
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 798
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 1 » [01.10.2009.] Темекі шегуге тыйым салу туралы кодекс өз нәтижесін береді деп ойлайсыз ба?


[01.10.2009.] Темекі шегуге тыйым салу туралы кодекс өз нәтижесін береді деп ойлайсыз ба?
14:32
Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, сенатор
—Темекі туралы заңды қабылдай сала, оның тамырына түбірімен балта шабылады деп күту мүмкін емес. Себебі темекінің қазіргі уақытта тұтынушысы өте көп. Заңды біржақты қарауға болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл заң арқылы біз темекі шегушілердің құқығын да бұзып жатқан тәріздіміз. Мәселен, адамдардың бәрін бірдей жұмыс орындары мен үйлерінің кіреберісінде темекі шекпеуге көндіре алмаймыз. Алайда бұл қабылданып жатқан заңның түбі нәтижелі боларына сенемін. Өйткені көптеген мемлекеттер темекімен күресу кезінде осы сатыдан өткен. Мәселен, АҚШ-тың қазіргі таңда темекі түтінінен азат қалалары бар. Демек, темекімен күрес түбі бір нәтижесін береді. Дүниежүзі бойынша қазір темекіге қарсы заңдар қабылданып жатыр. Заңды қабылдап қою аз. Оның жұмыс істеуіне нақты шаралар қолдансақ, уақыт өте келе бұл заңдар өз жемісін береді.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
— Рас, осыған дейін де қоғамдық орындарда темекі шекпеу туралы заң жарық көрген. Бірақ ол заңның орындалуы көңіл көншітпеді. Бұл заңның да өз күшінде жұмыс істейтініне сенбеймін. Себебі темекінің қолдаушылары жоғарыда отыр. Темекі деген – үлкен айналымдағы ақша. Сол ақшаның рақатын көріп отырғандар заңның да жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Жай ғана заңды қабылдап қою – көзбояушылық, заңның өз дәрежесінде жұмыс істеуіне жағдай жасау керек. Автобустардың қоғамдық орынға жататынын біле тұра, автобус жүргізушілерінің жолаушыларды тиеп алып, темекі шегуден қымсынбайтынын талай көрдік. Бұл – заңның әлсіздігінің көрінісі. Сондықтан сөзден гөрі нақты істерге көшпесек, бұл заңның да алдыңғы заңнан артықшылығы болмайды. Мәселен, арнайы түнгі клубтар мен мекемелердің алдында адамдардың темекі шекпеуін қадағалайтын полиция құрылуы керек. Полицияға темекі шеккендерді жауапқа тартатындай билік берілуі керек. Олар қоғамдық орындарда темекі шеккен адамдарды ұстап, әкімшілік жаза қолдануы тиіс. Ал автобустарда жолаушыны тиеп алып, темекі шегетін жүргізушілерді жұмыстан аластатып, ЖОО айналасында темекі шеккен студенттерді тіпті оқудан шығару туралы мәселе көтеру керек. Қоғам болып осылайша заңға қолдау білдірсек қана заң орындалады.

Қазбек ТӨЛЕБАЕВ, медицина ғылымының докторы:
– Бұл заң бұрыннан темекі шегетіндерді қойдыра алмайды. Сондықтан ең болмаса келер ұрпақты темекіден аластатуға қызмет етуі керек. Осыған дейінгі заңның өз дәрежесінде жұмыс істей алмағаны – шындық. Бұл заң бойынша темекі өндірушілерге темекі құрамындағы 18 түрлі зиянды затты түгел көрсетуге көндіре алмасақ та, 18-дің үшеуін үш-үштен әр жыл сайын ауыстырып жазу туралы келісім жасалды. Осылайша заңды бірте-бірте қатайтып, күшейте берсек, уақыт өте оның нәтижесі боларына сенемін. Темекі құрамындағы зиянды заттарды түгел көрсетуге әлі күнге қол жеткізе алмай келе жатқанымыздың өзі темекі өндірушілердің мықтылығын көрсетеді. Мықты болатын себебі: олардың қолында мол ақша бар. Сол мол ақшаның көмегімен өз қолдаушыларын тауып отыр. Алайда алдағы уақытта мұның бәрі дұрыс жолға қойылатынына сенемін. Ақпарат көзі..

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1483 | Ендірген: shamshat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0