Шындығы азайғанның досы азаяды.
Ғұламалар өтірікті үлкен күнәлар қатарына қосады. Алла тағала мен Пайғамбарымызға қатысты өтірік айту аса күпірлік. Қасиетті Құранның 167 жерінде өтірік айтудың күнә екендігі ескертілген. Басқа үлкен күнәларға мұншалықты көңіл бөлінбеген. Осының өзі-ақ өтіріктің қаншалықты ауыр екендігіне кепіл. Өтірік айту – кәпір немесе мұнапық екі жүзді адамның ісі.
Қасиетті Құранда: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне солар өтірікшілер» делінген («Наһл» сүресі, 105-аят). Араб тілінде өтірікші адамды «кәззәп» дейді. Ислам білгірі ибн Хажар: «Өтірік – бір оқиға туралы біле тұрып, оны теріс түсірдіру» дейді. Өтірік шындыққа қарама-қайшы жаман әдет. Өтірік айту тек сөзбен емес іс-әрекетпен де болады.
Құрани Кәримнің «Наһл» сүресі, 116-аятында:
«Мынау адал, мынау арам» деп ауыздарыңа келген өтірікті айта бермеңдер. Әйтпесе Алланың атынан өтірік айтқан боласыңдар» делінсе, «Зүмәр» сүресінің 60-аятында: «(Мұхамед с.ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің» делінген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім менің атымнан өтірік айтса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген. Біреулер өзі білмей тұрып пәтуа беруді әдетке айналдырған. Басқаларды һидаятқа саламын деп Алла және оның елшісінің сөздеріне ижтиһад жасайды. Білімсіз ижтиһад жоқ. Бұл үлкен күнә. Ижтиһад жасайтын адамға ғана пәту беру рұқсат етілген. Расулулла (с.ғ.с.): «Егер адам өтірік сөйлесе күнәға батады. Күнәға батса, кәпір болады. Кәпір болса, тозаққа кіреді» деген.
Ғұлама ибн Қайим: «Өтірік айту арсыз, жағымсыз қылық екеніне ешқандай күмән жоқ. Ол нифақтың (екіжүзділіктің) белгілеріне және күпірліктің тармағына жатады. Күпірліктің өзі сол өтіріктің бір көрінісі» дейді. Жалғасы мұнда...
|