Үндістанның шығысында мұсылман қажылар мінген паром суға батты. Әзірге 35 адамның қаза тапқаны анықталды. Алайда, жергілікті басшылық құрбандар саны өсуі мүмкін деп отыр.
Апат сенбі күні Калькуттадан оңтүстікке қарай 120 шақырымда, Батыс Бенгалия штатында болған. Қажылар пароммен діни мерекеден қайтып келе жатқан. Паром ағысты жерде аударылып, суға батып кеткен. Алдын-ала болжамдар бойынша паром лық толы болғандықтан аударылған. Бұған дейін 60 орындық паромда 150 адамның болғаны хабарланғанмен, жолаушылардың нақты саны әлі белгісіз. Құтқару іздестіру операциясына тікұшақтар, балық аулайтын қайықтар мен Үндістанның әскери теңіз күштерінің кемелері де жұмылдырылған. Құтқарушылардың айтуынша,
қаза тапқандардың көбісін судың ағысы алып кеткен, сондай-ақ, олардың басым бөлігі суға батқан паромның астында қалуы мүмкін. "Хабар" агенттігі.