|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2009 » Қазан » 2 » [02.10.2009.] Дінтану негіздері пәнін кімнің оқытқаны жөн?
[02.10.2009.] Дінтану негіздері пәнін кімнің оқытқаны жөн? | 11:57 | Мектептегі «Дінтану негіздері» пәнін кімдер оқытқаны дұрыс, теолог мамандар ма, әлде бұл істі діни сауатты ұстаздарға жүктеген жөн бе?
Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы: Мектептерде дінтану негіздерін оқыту көптен туындап жүрген әңгіменің нәтижесі болып табылады. Бірақ Білім және ғылым министрлігінің шешімі тек мәселенің саяси жағынан шешілуі ғана, ал теңіздің беті көрінгенімен, түбін байқай алмайтының сынды, мәселенің әлі түйінді тұстары көп-ақ. Жаңа пән балалардың көзін ашып, санасын оятуы қажет, егер ол белгілі бір секта не діни топтардың көзқарасымен кетіп жататын болса, онда өз ұрпағымызды сол секталарға өз қолымызбен кіргізіп бергендей боламыз. Сондықтан бұл істе ең үлкен рөлді кадр мәселесі шешетінін естен шығармағанымыз абзал. Пәнді зайырлы, зиялы азаматтар, яғни жоғары оқу орындарында дінтану, мәдениеттану, философия, тарих не социология сынды бағыттарда білім алған, діни сауаты терең мамандар ғана беруі шарт. Алайда өкінішімізге қарай, мұндай мамандар саны көлден бөлінген тамшыдай ғана. Сондықтан әзірге пән бойынша тәрбие беретін ұстаздардың міндетті түрде діни басқармасы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар және Білім және ғылым министрлігі тарапынан жіті қадағалауда болуын қамтамасыз ету қажет. «Айқын» газеті, 159(1337), 25.08.2009 ж.
|
|
|
| Барлық пікірлер: 2 | | |
19.Желтоқсан.2011
2. Millie

Whoa, whoa, get out the way with that good inrfmoation.
|
[ пікірдің сілтемесі]
|
02.Қазан.2009

Бұл білім министірлігінің білімсіз жобасына мен таң қаламын. Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді деуші еді, бұлар барлық қайықтың басын ұсттатып онысызда жар жағалап отырған бауырларымызды құздың басынан өз қолымен құлатып өлтіргеннен нендей жөн, нендей жоба шықпақ. Тіпті білім беретін маманы жоқ дінтануды осыншалықты біздің қоғам қажет етіп тұр ма? Кеңес Үкіметі кезінде "Дін деген апиын" деген ұлағатты сөз қалған себебі дінді дұрыс ұстанбаса одан асқан апиынды жер бетін жеті рет кезсеңізде таппайсыз. Қазақ халқының біліктілігі мен парасаттылығына кешегі Әл Фарабидей, Ибн Синадай, Қожа Ахмедтей, Арыстан бабтай ғұламалардың шығуы Алланың діні Исламмен тығыз байланысты ол кездеріде біздің мемлекетте сан түрлі дін өкілдері тұрды бірақ олар тұрды екен деп біздің бабаларымыз жан - жағына жалтақтаған жоқ Алланың алдында қабыл болатын жалғыз ғана жол исламды таңдап бүкіл әлемге өркениет шашып, дарындардан күркіреп тұрды емес пе? Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. заманында Мекке мен Мәдина халқы 360 түрлі пұтқа табынатын бірақ Алланың елшісі 360 түрлі пұтқа табынуды дұрыс деген жоқ оларды таза әрі тура жол Исламды шынайы түрде насихаттау арқылы жеңді. Бір ғана мысал 20 ғасырдың бірінші жартысында ғана темір металының жер бетінде болмағандығын жаңалық ретінде сенсация деп қараса, оның камета арқылы жерге "еңгізілгені" туралы Құранда Алла Таъала баяндайды. Демек Мұсылмандар бұл сенсацияны 1400 жыл бұрын білгендігі бізге ой салмай ма? Жастарға жүз түрлі жалған құдайдың дінін дәріптегенше жалғыз, ортағы болмаған Алланы тануға жетелейтін мағрифатулла ілімі қажет деп ойлаймын.
|
[ пікірдің сілтемесі]
| | |
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|