[02.10.2009.] Дінтану пәнін оқытуға дайынсыз ба? - 2 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:15
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 684
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 2 » [02.10.2009.] Дінтану пәнін оқытуға дайынсыз ба?


[02.10.2009.] Дінтану пәнін оқытуға дайынсыз ба?
11:48
Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына «Дінтану негіздері» атты жаңа пән кірді. Жаңалықтың әр кез әңгіме өзегіне айналуы заңды. Жаңалықты қолдайтындар қаншалық көп болса, оған тосырқап қарайтындар да соншалық аз емес. Сонымен...
Дінтану пәнін енгіздік. Хош делік. Алайда, Дінтану пәнін оқыту бағдарламасы қазақ мектептері мен орыс мектептеріне ортақ бола ма әлде діни наным-сеніміне қарай екі-үш түрлі болмақ па? Жалпы, бұл пән нені оқыту керек, нені оқытпау керек? «Дінтану» пәнінің концепциясы қандай бағытта қабылданып, қандай мақсатты көздеуі тиіс? Ол пәнді қандай мұғалім оқытқаны дұрыс? Бұл сауалдар басы ашық күйі қалып отыр. Түптеп келгенде, мәселенің бір ұшы кадрға келіп тірелері анық. Мәселен, Дінтануды молда оқытса - «Ел бұзар дүмшелер» көбеюі бек мүмкін. Тарих пәнінің мұғалімі оқытса - нақты сауалдардың жауабын таппай, өзі де адасып, балаларды да шатастырып, дал болуы ғажап емес. Бәлкім, теолог ғалымдар оқытқаны жөн болар? Осындай тұйыққа тірейтін мәселелерді жан-жақты шешіп алып, нақты бағдарламасын қабылдап, оқулықтарын әзірлеп алып, тек содан кейін бұл пәнді жаппай орта мектептер мен ЖОО-ға енгізсек те ұтылмас едік-ау...
Осындай сұрақтардың жауабын іздегенде асығыс шешім қабылдауға да, қателікке бой алдыруға да болмайды. Бұл мәселеде қателестік дегенше, ертең орны толмас өкініштер орын алады дей беріңіз. Бір сөзбен айтқанда, «жеті рет ойлап, бір рет кесетін» тұс - осы тұс.
Қазақ халқының тоқсан пайызы исламды мойындағандықтан, бұл пән осы дінге басымдық бергені дұрыс. Дегенмен, таяқтың екінші ұшы тағы бар. Қазақстан - сан ұлтты мемлекет екен, олардың діни наным-сенімдері де сан алуан екендігі белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, ертең әр дін өкілдері өз «жалауын» желбіретіп шыға келмесіне кім кепіл? «Біз балаларымызға ислам негіздерін, имандылық шарттарын оқытуға қарсымыз» деп аттан салмайды ғой деймісіз? Қазақстан мектептерінде Дінтану пәні жалпыға ортақ бірізді бағдарлама бойынша емес, әркім өз пайғамбарын дәріптейтін, өз Құдайын уағыздайтын «өзімшіл» жеке-дара бағдарламалар негізінде оқытылып, «әр молда білгенін оқып», онсыз да күрделі, әрі нәзік мәселені одан әрі ушықтырмас па екен деген күдік туады. Ертеңгі күні «құқығымызға қол салды... исламды мәжбүри оқытып жатыр...» деп өзге ағайындардың байбалам салмасына кім кепіл? Тілімізді сыйлата алмай жүргенде, өзгелер біздің дінімізді құрметтейді ғой деймісіз? Дінтану пәнін оқытудағы мақсат - исламды қабылдату емес, оның тарихын оқыту деп қайсыбіріне түсіндіре аламыз? Яғни орыс, қазақ, еврей т.б. мектептердің бәріне ортақ бірізді бағдарлама болмаса, онда мемлекет тұтастығына сына қағылуы ғажап емес дей беріңіз. «Пайғамбарлар әртүрлі болғанымен, Құдай жалғыз» дегенді бәріміз мойындай тұра, әрқайсысымыздың өз дінімізге бүйрегіміз бұрып тұратыны тағы бар. Қалай десек те, Қазақстан - Ислам конференциясына мүше ел. Қазақ елі - исламды мойындаған халық. Ендеше, болашақ ұрпақтың санасына ислам дінінің негіздері мен осы діннің тарихын сіңіруде басымдық танытқан жөн болар. Ал өзге діндердің тарихын балалар есейген соң өз қалауы бойынша оқып, біле жатар.

Бұл туралы кім не дейді?

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы:
- Мектепке Дінтану емес, имандылық сабағын енгізу керек. 70 пайыздан артық мұсылман тұратын өз жерімізде өз дінімізді оқыта алмасақ кім болғанымыз? Бабаларымыз бұл жерді қасық қаны қалғанша қорғап, бізге аманат етіп тастап кеткенде, «келімсек секталарды тайраңдатсын» демеген шығар... Көлеңкемізден қорқып жүргенде, жарты қазақ шоқынып бітетін болды. Демократиялық елдерде өз діндеріне басымдылық беріп жатады және оған ешкім ештеңе демейді. Тіпті Еуропада шіркеу салығы бар. Ал біз Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекет болсақ та, ертеден кешке дейін «зайырлымыз, барлық дінге бірдей қараймыз» деп сырт елдердің қолпаштауы мен мақтауларын алып жатырмыз...

Роза ӘЛІБАЕВА, ата-ана:
- Дінтану пәнін мектеп бағдар-ламасына енгізгені жөн болды деп ойлаймын. Бірақ бағдарлама тым күрделі болмай, түсінікті болса, балалардың қабылдауына жеңіл болса жақсы. Және бір айтарым - балаларды жаппай намазға жығып, «әр сақалдың түбінде бір-бір періште отырады...» деген сияқты түсінікті сіңіріп, қыздарымыздың жаппай хиджаб, пәрәнжі киіп, қазақ дәстүрінен алыстап, арабтың ұлттық киімдерін насихаттауына, олардың эстетикалық талғамының бұзылуына жол беріп алмас па екенбіз деп те ойлаймын. Немесе әркім өз дінін дәріптеп, болашақ ұрпақты бір-бірімен жауластырып қоймас па екен деген қорқыныш та жоқ емес. Яки болмаса, оқытушы «қой терісін жамылған қасқыр» ұқсап, балалардың діни сауатын ашамын деп, имандылыққа жат, ислам дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын фанатизм сияқты кесапаттарды құлағына құйып, өскелең ұрпақтың санасын уласа не болады? «Қай дінді қабылдап, қай дінді оқиды, бұл - әркімнің жеке құқығы» десек те, мемлекеттік мүдде, ұлттық мүдде әркімнің жеке мүддесінен, жеке көзқарасынан жоғары тұруы тиіс...

Димаш МАРАТҰЛЫ, Алматы қаласындағы №145 мектептің 11-сынып оқушысы:
- Ең алдымен, дін және діни бостандық ұғымын заңдық тұр-ғыда жүйелеу керек. Келімсек секталарды ел аумағынан шеттет-сек, олар туралы ақпарат та азаяды. Осалдығымызды осы уақытқа дейін пайдаланғандары да аз емес! Ал мектепте имандылық сабағын, жоғары оқу орнында Дінтануды оқытқан дұрыс сияқты...

Тұрсын КЕНЕСАРЫ, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы ақпарат-библиогра-фиялық бөлімінің меңгерушісі:
- Қазақ балалары діннен бейхабар. Өйткені, дін туралы мағлұмат берер әдебиет жоқтың қасы. Ал ислам дінінің шығу тарихы мен артықшылықтары туралы қазақ тілді кітаптарды кітапхана түгілі, кітап дүкендерінен де кездестіре алмайсыз. Бұл қазақ жеткіншектерінің өзге дінге ден қоюына бірден-бір себепші болып отыр. Сондықтан, мектеп бағдарламасына Дінтану пәнінің енгені дұрыс болды. Бұл пәнді оқытуда ислам дінінің тарихына көбірек уақыт бөлінеді деп ойлаймын.

Жазира МАРАТҚЫЗЫ, Алматы қаласы №141 мек-тептің мұғалімі:
- Біздің елде дінтану сабақтары тек мамандандырылған медреселер мен дінтану кафедраларының студенттеріне ғана оқытылады. Егер балаға әртүрлі діндер жайлы мектеп қабырғасында жүргенде-ақ айтып, үйретіп отырсақ, өсе келе миссионерлермен ашық айтысқа түспесе де, құрығанда, қайсысының қатерлі екенін біліп жүретін ұрпақ қалыптасар еді. Өкініштісі сол - миссионерлер бүгінде мектеп пен университет жағалап, бозбалалар мен бойжеткендерді азғырып жүр. Сондықтан, діни дәрісті мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Бұл - болашағымыз үшін қажет нәрсе.

Әбутәліп ҚҰЛТАЙҰЛЫ, Тараз қаласынан шығатын «Имандылық» газетінің бас редакторы:
- Діни сауат аштыратын болсақ, міндетті түрде ислам қайнарларынан қанып ішкізетін, білімді, иманды ұстаздар тәрбиелеп алуымыз керек. Және жымысқы ойлы миссионерлердің ұстаздық орындарға жайғасуынан сақтанғанымыз жөн. Былтыр Шымкенттің маңындағы бір ауылдық мектепте сабақ беретін мұғалім оқушыларды жыл бойы «Иегова» сектасының әдебиеттерімен оқытып келген. «Дін әліппесін үйретеміз» деп жүріп, балапандарымызды қайдағы-жайдағы ағымдардың жетегіне жегіп жіберуден сақтануымыз керек...

ТҮЙІН:
Соңғы жылдары Қазақстанға келетін миссионерлер мен тіркеуге алынған дәстүрлі емес діни ұйымдар мен секталар саны арта түскені байқалады. Жұртшылық бұлардан келетін қауіптің зор екенін айтып, дабыл қақса, енді біреулері «мектеп бағдарламасына оқушылардың діни сауатын ашатын дәріс енгізген жөн» дейді. Расында да, экстремизмге, фанатизмге бейім тұратын діни ұйымдардың қатерлілігі туралы оқушыларға, тіпті студенттерге де жүйелі түрде тәлім беретін бір дәріс қажет екендігінде дау жоқ.
Әйгерім СӘРСЕНОВА, «Айқын». Ақпарат көзі..
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1684 | Ендірген: salemkaz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
19.Қазан.2011
1. фйым
дінтану сабағынан ашық сабақ

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0