[02.10.2009.] Темекі өнімін сату мен пайдалануда жаңа шектеу қойылды
12:43
Қазан айының 9-ынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіне қатысты заңға» темекі өнімін сату мен пайдалануда жаңа шектеулер енгізілетіні туралы ескертеді. Бұл туралы Астанада өткен арнайы брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық орындар, түнгі клубтарда, би кештерінде, аулалар мен жұмыс орнында темекі шегуге мүлде болмайды. Сондай-ақ, темекі өнімін бала заттары сатылатын дүкенде өткізуге тыйым салынады. Қорап сыртында денсаулыққа зиянкестігі жайында жалған мағлұмат беретін, яғни «жеңіл» деп еліктеме негізінде көрсетілген темекіні де сатуға жол жоқ. Енді әрбір темекі қорабында міндетті түрде оның құрамында жүйелі улану мен канцерогенді заттың бар екендігі көрсетілуге тиіс. Ал, бұл талапты орындамағандарға 10-нан 60-қа дейін бір айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Әр жылда елімізде темекі кесірінен 30 мыңнан аса адам көз жұмады екен. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрлігі осыдан кейін халық арасында зиянды затты пайдалану әлдеқайда төмендейтініне үміт артып отыр. Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған. www.zhetysu.almaty.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.