«Аргентина аруы» атанған 38 жастағы модель Соланж Маньяноның кезекті пластикалық операциясы қайғылы аяқталды. Құйрығын үлкейтпек болған ол ауруханада жатып көз жұмды. The Times басылымының мәліметінше, Маньяно глютеопластия, яғни дененің артық майларын бөксеге орналастыру операциясын жасатпақ болған. Бірақ майды түтікпен айдау кезінде дәрігерлер тарапынан қателік жіберіліпті. Ағзадан сылынған заттар әйелдің қан тамырлар және тыныс алу жүйелерін бітеп тастаған. Осының салдарынан, өкпе мен мидың жұмысы бұзылып, сұлулық патшайымы пациент төсегінде жатып қайтыс болды. Дәрігерлер оған «өкпе эмболиясы» деген диагноз қойды. Буэнос-Айрес пластикалық хирургтер қауымдастығының бұрынғы басшысы Хуан Карлос Сейлер Маньяноның біліксіз дәрігердің көмегіне жүгінгенін айтып отыр. Айта кетейік, Соланж Маньяно «Аргентина аруы» атағын 1994 жылы жеңіп алған. Соңғы кездері жарнамаға түсумен шұғылданған оның егіз ұлы бар. http://www.alashainasy.kz/
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.