[02.11.2010.] Қажылық парыздары. Тауап (қажылықтың үшінші парызы)
12:55
Тауап (қажылықтың үшінші парызы). Тауап - қара тас тұрған бұрыштан бастап, Қағбаны жеті рет құлшылық
ниетімен сағат тілінің қозғалысына қарама-қарсы бағытта айналу.
Тауаптың түрлері:
Нәпіл тауап - Аллаһқа жақындау ниетімен жасалған тауап. Ол намаз тәрізді. Өйткені
Пайғамбар с.а.с.: «Тауап жасау - намаз. Егер тауап жасасаңдар, сөзді азайтыңдар»,
- деген (Ахмад). Харам
мештіне кірген кезде, сол мешітің селемі ретінде тауап жасау - мандуб.
Сүннет
тауап - қажылық кезінде Меккеге келгендегі алғашқы жасалатын сәлем тауабы. Ол
«тауаф ал-кудум» деп аталады.
Уәжіп
тауап - қажылық және умра кезінде жасалатын ең соңғы қоштасу тауабы. Ол «тауаф
ал-уадағ» деп аталады.
Парыз
тауап - қажылық пен умраның парыз тауабы. Қажылық кезінде жасалатын парыз тауап
«зиярат тауабы» жане «ифада тауабы» деп те аталады.
Тауаптан кейін оқылатын екі ракағат намаз
Ханафи мен мәлики мазһабтарында әр тауаптан кейін екі ракағат
намаз оқу - уәжіп. Ал шафиғи мен ханбали мазһабтарында бұл -сүннет[1].
Ол екі ракағаттың шектеулі уақыты жоқ. Егер Харам мешітінде
нәпіл намазын ұмытып яки қателесіп оқымаса, үйіне қайтқаннан кейін оқуына
болады. Сол секілді тауаптан кейін бірден оқи алмаса, бір күн өткеннен кейін тіпті бір жылдан кейін болса да оқуына болады[2].
Бұл намазды Харам мешітінде Ибраһимнің мақамының артында
оқыған абзал. Тауаптың екі ракағат намазын адам көп болса, мешіттегі кез келген
орында оқуға болады. Бірінші ракағатта «Кәфирун», екінші ракағатта «Ықылас»
сүресін оқу - сүннет. Имам Муслим риуаят еткен Аллаһ елшісінің с.а.с.қажылығын
сипаттаған ұзын хадисте оның с.а.с. Ибраһимнің мақамының артында тұрып, екі
ракағат намаз оқығандығы және алғашқы ракағатта «Кәфирун», екінші ракағатта
«Ықылас» сүрелерін оқығандығы айтылған.
Ханафи мазһабында бұл екі ракағат намазды мәкруһ уақыттарда
оқуға болмайды.
Абдур-Рахман ибн Абд әл-Қари Омар ибн әл-Хаттабпен (Аллаһ
оған разы болсын) бірге таң намазынан кейін Қағбада тауап жасайды. Омар тауабын
аяқтағаннан кейін айналасына қарағанда, күннің шыққанын көрмеген. Сондықтан
(түйесіне) мініп, оны Зу Туа деген жерде шөктіреді де, тауаптың екі ракағат
сүннет намазын оқиды[3].
Ал шафиғи мен ханбали мазһабтарында харам аумағында намаздың
мәкруһ уақыты жоқ деп саналады. Сондықтан оны қалаған уақытында оқи беруге
болады[4].
Себебі Пайғамбар с.а.с. «Ей, Абдуманафтың ұлдары!
Бұл үйді тауап еткенді және түннің немесе күндіздің қалаған уақытында намаз оқығанды
тыймаңдар», - деген[5].
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.