[03.10.2009.] Бақ пен дәулет «месқарын тибеттіктің» қарнында ма? - 3 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:22
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2165
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 3 » [03.10.2009.] Бақ пен дәулет «месқарын тибеттіктің» қарнында ма?


[03.10.2009.] Бақ пен дәулет «месқарын тибеттіктің» қарнында ма?
16:57
«Кез келген ұлтты өз музыкасын жойып, есесіне басқа елдің әуенін тыңдату арқылы жаулап алуға болады» деген Гитлердің сөзі бекер ме? Қызыл империяның өз дегенін жасату жолында түркі халықтарының рухын оятады деп дауылпаз аспабын өртеп жіберуінде сұмдық астар барын пайымдадыңыз ба? Жалпы, бұл әдіс жаһандануға да жақсы тәсіл болды. Бүгінде батысымыздан ән тасқыны үдеп жатса, құдай қосқан көршіміз аспан асты елінен фэньшуй деген «керемет» келіп, кедейіміз бай болмаққа, байымыз құдай болмаққа талпынып әуреміз…
Өркениеттің желі ерте жететін, қытай идеологиясының негізінде жиһаздарын орналастыратын қалалықтар тұрмақ, онымен айналысатындар бүгінде ауылаймақтың өзінде де баршылық. Қолына бақаның басын бейнелеген жүзік таққан саудагер жеңгелеріміз ақшасының көбеюін құдайдан емес, осы құрбақадан күтеді. Өзгенің қаңсығын таңсық көретін жұрт емеспіз бе, шын мәнінде мұның не екенін байыптап алдық па? Әрине жоқ. Ал әлгі атамыз түркіден қорқып, әлемде теңдесі жоқ қорған салып қорғанған жұрттан келген фэньшуйшілердің (атап айтсақ, миссионерлердің) ұпайы түгіл, идеологиясын жүргізіп бір, тауарын сатып екі жеп биге шығып жүр. Ежелгі қытай импе­раторларының сүйікті ойыншығы болған фэньшуй арқылы адам баласы кез келген жақсылыққа қол жеткізеді екен. Жеткізіп те жатқандар көп көрінеді.

Фэньшуйшылар айтатын «ертегі»
Лондондағы ең үлкен компанияның еден жуушысы жиырма жастағы қыз фэньшуйдың арқасында ғарыштық жылдамдықпен бедел жинап, қызметте өсе бастайды да, арада жыл өткенде сол мекеменің директоры болыптымыс. Қырыққа келгенше жолы болмаған жарлы бизнесмен саудасын фэньшуйдың қағидалары бойынша жүргізген екен, нәтижесінде арада бес жыл өткенде оның байлығы Брунейдің сұлтанын басып озыпты. Қатерлі ісік ауруымен науқастанған әйел жанына шипа таппай талай атақты дәрігердің табалдырығын тоздырған көрінеді. Дауа болмай, ең соңында фэньшуйға жүгініпті. Сондағысы бөлмесіндегі жиһазды әлгі қағиданың айтуымен қайта жасақтапты. Нәтижесінде бүгінертең көз жұмады деген науқас сауыға бастаған да, біржола жазылған. Құдай оған көп өмір берсін, бірақ… Фэньшуйшылар адамның осындай әлсіз буындарына пышақ ұрып, Құдайдың ғана қолынан келер сәттіліктерді ойдан құрастырып отырған жоқ па?
Өмірде жолы болмағандар, жолы болудан дәмелілер, жолы болғанымен де, болған үстіне бола түссе екен дейтіндер қаншама!? Оларға бұл жайт айдаладан алтын тауып алғандай әсер етпей ме? Біздіңше, мұның ешқандай «құдіреті» жоқ. Тек астарында белгілі бір идеология мен бір адамдардың бизнесі қарқынды жүріп тұрғанын түсінуіміз шарт. Бұл – кәдуілгі «Валентин әулиенің туған күні» тақылеттес ақымақтарға арналған ақылды бизнесмендердің әрекеті. Валентиннің аруағын ұлықтайтын әңгүдіктер сол күні қаншама ашықхаттар мен сезім сыңайынан хабар беретін сыйлықтар сатып алып, дүкеншілердің қарық болатыны белгілі.
Ұтқан кім? Ұтылған кім? Бұл арқылы жұрт бір рет шашылып төгілсе, фэньшуйдан үміт күтетін пақырлардікі тіпті сорақы. Жыл бойына байлық әкелетін, ақша шақыратын, денсаулығын жақсартатын, жолын оңғаратын, жынжыбырды қуа­лайтын шаралармен айналысамын деп шақшадай басы шарадай болып жүргені. Шарадай демегенде не дерміз, үйі мен жұмыс кабинетіндегі жиһазды бірде – төрге, бірде босағаға сүйреп, шатшәлекейі шығып жатса… Өйткені фэньшуйдың баянына сүйенсек, бөлменің әр бұрышы әртүрлі бақыт шақыратын көрінеді. Осы­лайша, құдайдың бермегенін фэньшуймен шұғылданып тартып алмақпыз.
Бұл салаға, атап айтсақ, «қытайлық бақытты өмір сүру» ережесіне біржола бағыныштыларға қоса, мұның шарттарын ішінара орындап, фэньшуйдің «көңілін қалдырмайтындар» да жетерлік. Қайсыбір қызқырқынның қолынан қыпқызыл түсті әмиян көрсеңіз немесе қызыл шүберекке оралған мыс тиын көрсеңіз, фэньшуйдан үміт күтуші деп тани беріңіз. Және де ең сорақысы…
Бұл тек қалтаны қағудың жолы ғана емес, қытайландырудың да кебі болмағай. Фэньшуйдің негізі – қызыл түс. Қызыл түс қытай көршінің танымы мен табиғатын, айдаһарының түсін әйгілейді. Мұның өзінде де астар бар емес пе?
Фэньшуймен шұғылданушыларды тыңдағанымызда оның не сұрасаң да, табан асты тауып беретін Алладиннің шамындағы жыннан да асып кеткенін естіп, таңырқағанымызды жасыра алмай, таңдай қақтық. Бақыт шақырушы, барлық тілектерді орындаушы, қызметіңді жоғарылатушы, махаббатта жолды оң­ғарушы, ақша әкелуші, емші… Және де осынша жұмаққа жету үшін тырнағыңның ұшын да қимылдатпайсың, бар болғаны бөлменің оңтайлы тұсына жайғасып, әлгі месқарын тибеттік пен тиын тістеген мыс бақалардың мүсінін тізіп қойсаң, жетіп жатыр! Және бір айтарлығы, фэньшуй тауарлары елімізде өндірілмейді, өзге елдерде шығарылмайды, тек Қытайдан тасымалданады. Біз ұлттық брендіміз саналатын домбыраны, киіз үй кәдесыйын, отыз өрім қамшыны тап әлгі фэньшуй тауарлары тәрізді сатып алған емеспіз. Егер сіз көлігіңізге бәле жоламасын десеңіз, теңіз тұзын қызыл шүберекпен орап, көрнекті тұсқа іліп қоюыңыз керек екен. Сонда жақсы энергия тарағанмен қатар, жынжыбыр атаулы да жақындай алмайтын көрінеді. Мұны естіп жағамызды ұстадық, біздің жұрт қай қиындықта болсын Жаратқанның атын айтпаушы ма еді?!

Бақыт шақыратын «құдірет»
Фэньшуйшылардың айтқанына сенер болсақ, бұл саламен айналысатын адамдар арасында әлемге әйгілі тұлғалар жетерлік. Соның басында қасқайып Ресейдің экс президенті Владимир Путин мырза тұрған көрінеді. Бірақ өсекші интернетте мұның жалған екенін, тек Мәскеудегі фэньшуй клубының қонағы болғандығы жөніндегі тағы бір мәлімет кезіп жүр. Бұдан кейінгі орында орыс эстрадасының патшайымы Алла Пугачева бармыс.
Бұл саланың арнаулы курстары да бар. Бақты беретін жалғыз Алланы тану үшін ақысыз дәріс беретін, мерзімі небәрі екіүш айлық Құран курстарына бару ойына әсте кіріп шықпайтындар фэньшуйға келгенде құлшынып ақ тұр. Бұл тұстағы оқу мерзімі – бір жыл. «Бір жыл бойы не оқи береді» деген сұрақ та тууы мүмкін, бірақ мұнда фэньшуйдың тарихы, жаратылуы, пәлсапалық аспектілері мен қытай танымы турасында, фэньшуйдің Қытайда, Батыста, Еуропада және ТМД елдерінде қалай қанат жайғандарын түсіндіретін көрінеді. Мұнымен қоса, Ци энергиясы, Ин мен Ян арасындағы тартыс, Багуа триграммасы, Вэн Ван мен Ло Шуудың пәлсапасы деген тәрізді сабақтары жетерлік. Және де «Асүй және фэньшуй», «Қонақ бөлме және фэньшуй», «Балалар бөлмесі және фэньшуй», «Есік, терезе және фэньшуй», «Дәрі, дәрмек және фэньшуй», «Сенің денсаулығың және фэньшуй», «Түрлі түстер және фэньшуй», «Күндер мен сандар және фэньшуй», «Жақсы бизнес және фэньшуй» деген дүмбілез тармақшалары бар. Ал қаламызда арнайы мектебі бар мәскеулік Лев Игельник есімді фэнь маманынан дәріс тыңдаушылардың қарасы қалың…

P.S. …Әлгі біз сөз еткен фэньшуйдың кеудесіне мыс тиын басқан месқарын тибеттіктің мүсінін айтам, ол сізге күш бақ береді екен, сондай ғажап құдіреті бар, ендеше, сынап көрмейміз бе? Ол жайғасқан үстел үстінен ақырын ғана жерге түсіріп жіберіңіз де, бақылаңыз, расымен құдіретті болса, қасиетті болса, тылсым күшке ие болса, лас еденде жатпас еді, өздігінен көтеріліп, жоғарыға шығар еді, орнына жайғасар еді. Бірақ өйтпейді. Өйте алмайды ол. Лашықта тұратын бір пақырдың қол пышақпен жасаған мүсінінде құдірет бар, қасиет бар деп танығаныныз үшін ұялыңыз. Бақ пен бақыт – Жаратқанның қолында. Әуелі – Құдайға, одан соң өзімізге сенейікші…

Лира ҚОНЫС. Ақпарат көзі..

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1201 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
06.Қазан.2009
1. Болат (shamshat)
Осындай бақа типтес статуеткалар көбейіп кетті.. кейбір дүкендерге кірсең кассаның жанында тұрады....

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0