[03.10.2009.] Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне оң баға берілді - 3 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:22
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 977
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 3 » [03.10.2009.] Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне оң баға берілді


[03.10.2009.] Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне оң баға берілді
15:31
Сәрсенбі күні Страсбургте Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде «Қазақстан - Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы: Қазақтан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі қарсаңындағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Бұл шараны Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі Еуропа Кеңесінің білім, мәдени мұра, жастар және спорт істері жөніндегі бас директоратымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады Қазақстанның Брюссельдегі елшілігінен.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы А.Бижанов бастаған делегация, Мәжіліс депутаты Н.Сәрсенов, Қазақстанның Бельгия корольдігі мен Люксембург Графтығындағы Елшісі, Қазақстанның Еуроодақ және НАТО жанындағы миссияларының басшысы Е.Өтембаев қатысты.
Ал Еуропа Кеңесінің атынан Еуропа Кеңесінің Білім, мәдени мұра, жастар және спорт істері жөніндегі бас директоры Габриэла Баттаини-Драгони, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының вице-президенттері Поль Вилле (Бельгия), Мевлют Чавушоглу (Түркия), Парламенттік Ассамблеяның бұрынғы президенті Рене ван дер Линден (Нидерланды), Комитеттің саяси байланыстар жөніндегі кіші комитетінің төрағасы - Еурокеңестің Қазақстанға байқаушы мәртебесін беру жөніндегі комиссиясының негізгі баяндамашысы Тадеуш Ивиньски (Польша), Страсбургте тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен дипломаттары қатысты.
Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы департаментінің бас директоры Г. Баттани-Драгони ханым жиналған қауымды мәдениет аралық диалогқа қолдауды мақсат еткен «Ақ кітаптың» тұжырымдамасымен таныстырды. Осы тұрғыдан Г.Баттани-Драгони ханым Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этносаралық және конфессияаралық келісімнің оң нәтижелеріне жоғары баға берді.
Т.Ивински өз кезегінде Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы мен қазақстандық парламентшілердің арасындағы екіжақты сындарлы диалогты әрі қарай нығайту және дамытудың маңыздылығын атап көрсетті және осындай ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін атап көрсетті.
Елші Е.Өтембаев 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстанның басымдықтары туралы, атап айтқанда дінаралық, этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерінде, сондай-ақ мәдениетаралық диалогтың діни өлшемдерін жүзеге асырудағы басымдықтар туралы әңгімелеп берді. Ол сондай-ақ, Қазақстанның бастамашылығымен шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндердің жетекшілерінің съезі заманауи әлемнің діндерінің арасындағы жаһандық диалогтың үйлесімді және әрекетті бөлшегіне айналғанын атап көрсетті.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төралығы қарсаңындағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне оң баға берді және осындай беделді халықаралық ұйымға төрағалық ету миссиясы Қазақстанға үлкен міндет жүктейтінін атап көрсетті. 
СТРАСБУРГ-БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат.
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 765 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0