Ихрам кезінде киюге болмайтын киімдер:
а) Тігісі бар киімдер. Тігісі бар киімге
көйлек, шалбар, бас киім, қолғап ретінде тігілген немесе адамның денесіне
лайықталып тоқылған киімдер мен маталар жатады. Ал жыртылып қалған ихрам киімін
тігуге және жамауға болады.
ә) Сәлде, тақия және басты жауып тұратын
кез келген матаны киюге болмайды. Бірақ басқа тимейтін қолшатыр тәрізді
заттарды көлеңкелеу мақсатында ұстауға болады.
б) Бетті, ауызды, иекті жабатын заттар.
Себебі Пайғамбар с.а.с. түйесінен құлап өлген адамның бетін жаппауға бұйырған.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын): «Аллаһ елшісімен с.а.с.
бірге бір кісі болды. Ол түйесінеп құлап, мойнын сындырып, мерт болады.
Сонда Пайғамбар с.а.с.: «Оны шомылдырыңдар, иіссу жақындатпаңдар және жүзін
жаппаңдар. Өйткені ол тәлбия айтқан күйі қайта тіріледі», - деді», -
деп айтқан.
в) Ихрам киіміне түсі бар немесе түсі
жоқ иіссу себуге тыйым салынады. Егер қажылықты ниет еткен адам осы үкімді
білместен ихрам киіміне иіссу сепкен болса, оны жууы қажет. Негізі, ихрам
киімінің ақ түсті болғаны абзал. Бірақ басқа түспен боялған болса, оқасы жоқ.
6. Денеге қатысты салынған тыйымдар:
а) Шаш алдыру қысқарту және дененің кез
келген жерінен шыққан түкті жүлу.
ә) Тырнақты қысқарту. Тек қана сынайын
деп тұрған тырнақты алып тастауға рұқсат етіледі.
б) Денеге иіссу себу. Сонымен қатар қош
иісі бар сабынды, сусабынды (шампунь) пайдалануға болмайды. Денені кірден
тазалау үшін кірсабынды пайдалануға болады.
в) Әдемілік, сәндік үшін басқа, шашқа,
денеге әртүрлі иісмайлар жағуға болмайды. Бірақ жарақатқа емдік үшін түрлі
дәрілік майларды (крем, мазь) жағуға болады.
7. Ханафи мазһабынан басқа мазһабтар
бойынша, ихрамдағы адамға үйленуге және басқаларды үйлендіруге болмайды.
Көпшілік ғалымдардың дәлелдері:
Осман ибн Аффаннан (Аллаһ оған разы
болсын), Аллаһтың елшісі «Мухрим үйленбейді,
үйлендірмейді және құда түспейді», - деген.
Ханафилердің дәлелі:
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын) жеткен хадисте Пайғамбар с.а.с. Маймунаға мухрим кезінде үйленген.
Көпшілік ғалымдар бұл хадисті риуаят
еткен Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) қателескен немесе ол
Пайғамбардың с.а.с. харам территориясында үйленгендіктен, «мухрим» деп атаған
деп түсіндіреді. Сондай-ақ Маймунадан және Аллаһ елшісі с.а.с. мен
Маймунаның арасында елшісі болған Әбу Рафиғ деген сахабадан жеткен риуаятта
Пайғамбардың с.а.с. Маймунаға ихрамнан шыққаннан кейін үйленгендігі айтылған.
Ханафи мазһабындағылар көпшіліктің келтірген хадисіндегі «үйлену» деген сөздің
мақсаты «қосылу» деген ұғымда келген деп түсіндіреді. Оған дәлел ретінде имам
әл-Бұхаридің осы хадистің жалғасында «Оған (яғни Маймунаға) халал
кезінде (яғни ихрамнан шыққаннан кейін) кірді (яғни жақындасты), -
дегенін келтіруге болады. Ал неке қидыруға рұқсат етіледі, оның үстіне, Маймуна
- Ибн Аббастың нағашы әпкесі. Сондықтан ол туысқанының жағдайын басқалардан
гөрі жақсы біледі әрі Әбу Рафиғтан риуаят етілген хадистің дәрежесі Ибн
Аббастан риуаят етілген хадистен төмен. Оған қоса әт-Тахауи, Ибн Хиббан,
әл-Бәйһақи және ән-Нәсәи «Сунән әл-кубрада» Айша анамыздан (Аллаһ оған разы
болсын) жеткен риуаятта Пайғамбардың с.а.с. мухрим кезінде үйленгендігі және
қан алдырғандығы айтылған. "Фиқһ әл-Ғибадат" Кәусар-Саяхат, Алматы 2010 ж. 466 бет.
Сахих
Муслим, Китәб әл-хаж, 2100.
Әл-Муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи, 370-бет.
Мухрим - қажылық немесе умраға ниет етіп, ихрамға кірген
адам.
Сахих Муслим, Китәб ән-никах, 2524.
Сахих әл-Бүхари, Китәб әл-хаж, 1706.
Фатх бәб әл-ғиная бишарх ән-нуқаия, I том, 630-бет және II том, 20-22-беттер.
|