Ихрам кезінде мыналарға рұқсат етіледі:
1. Жүзік, сағат тағу және қару асыну.
2. Белдік тағу.
3. Сөмке асыну
4. Ханафи мазһабында изардың екі шетін
байлап қоюға рұқсат етілгенмен, олай істеу мәкруһ.
5. Шомылу, ғұсыл алу. Ибн Аббас пен
әл-Мисуар ибн Махрама «ихрамдағы адам басын жуа ма, жумай ма?» деп пікір
таластырып қалады. Ибн Аббас «жууға болады» десе, Ибн Махрама «болмайды» дейді.
Екеуі Әбу Абдуллаһ ибн Хунайнды Әбу Айюб әл-Ансариге төрелік айту үшін
жібереді. Сонда Әбу Айюб өзінің басын жуып, Аллаһ елшісінің с.а.с. ихрам
кезінде басын жуғанын көргендігін айтады (әл-Бұхари, Муслим).
6. Ихрам киімін жуу.
7. Үйдің, көліктің, шатырдың астында
көлеңкелеу және күннен сақтану үшін қолшатыр пайдалану
8. Ихрамдағы адамға: шаян, қарға,
тышқан, қарақұс, жылан, құтырған ит және шабуыл жасаған кез келген аң мен құсты
өлтіруге рұқсат етіледі.
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі
екеуіне разы болсын), Аллаһ елшісі с.а.с.: «Бес хайуанды мухрим кезінде
өлтіргенге күнә жоқ: шаян, тышқан, құтырған
ит, қарға және қарақұс», - деген.
9. Қажет болған жағдайда қару ұстап,
жаумен соғысуға рұқсат етіледі.
10. Көзге хош иісі жоқ сүрме жағуға
болады.
"Фиқһ әл-Ғибадат" Кәусар-Саяхат, Алматы 2010 ж. 466 бет.
Сахих әл-Бұхари, Китәб бәд'
әл-халқ, 3068.
|