Құрбан айт 16 қарашада басталады; қазақстандықтар бұл күні демалады – ҚМДБ. 2010 жылы Құрбан айттың бірінші күні 16-шы қарашаға келеді, деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне Алматы орталық мешіті бас имамының орынбасары Мәди Ахметов. «Құрбанайт ай күнтізбесі бойынша зұлхиджа айының оныншы күніне сәйкес келеді. Биыл бұл 16 қараша болады», - деді М. Ахметов сейсенбі күні. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) да бұл ақпаратты қуаттады: «Құрбан айттың бірінші күні 17-ші емес, 16-шы қарашаға келеді», - деп нақтылады ҚМДБ баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек. ҚР «Еңбек туралы» заңының 96 бабының 4 тармағына сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. ҚазТАГ.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.