[04.11.2010.] «АГЕНТОМАНИЯДАН» ҚАЛАЙ АЙЫҒАМЫЗ? - 4 Ноября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:26
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 799
 

Негізгі бет » 2010 » Қараша » 4 » [04.11.2010.] «АГЕНТОМАНИЯДАН» ҚАЛАЙ АЙЫҒАМЫЗ?


[04.11.2010.] «АГЕНТОМАНИЯДАН» ҚАЛАЙ АЙЫҒАМЫЗ?
03:44
Жақында университетте бірге оқыған досымның жұмысына барғам. Жұмыс үстінде досым М-агентін қосып қойыпты. Сәлден соң бізге дәріс берген алпысты алқымдаған профессор апайымыздың да агентте отырғанын көріп, көзіміз шарасынан шыға жаздады. Қызық үшін досым апайымызға М-агентте сәлемдесіп еді: «Әй, бұл қай, бала?» – деп ол кісі де елең ете қалды. Апайымыз сөйлесер адам таппай отыр екен, әрнені айтып тоқтамай қоймасын ба? Сөз арасында: «Агент деген – тәуір нәрсе екен ғой өзі. Маған өзге шәкірттерімнің логинін бересің бе?» – деп қояды. Ал кеп күлейік. Жастарды қойып, үлкендердің де агентке қызығушылығы ояна бастапты. Компьютер мен ұялы телефонның тілін білсе, біраздан кейін контактіге кемпір-шалдар да қосылып, өсек айтатын түрі бар.
Мектепке педагогикалық тәжірибеден өтуге барған құрбымның: «6-7-сыныптарға сабақ берген күннің ертеңіне әлеміме сыныптағы оқушылардың жартысынан көбі кіріп, суреттерімді көріп, дос болуға ұсыныс жасапты», – дегені бар. Иә, қазір оқушылар да агенттен шықпайды.
Жақында бір замандасымның шағын блогтағы «Агент, мені үйге жіберші…» деген сөзін оқып, жатып күлгенмін. Күлгенімізбен, сол сөздің астарында зіл барын аңғармаймыз. М-агент қазір жасты да, жасамысты да жібермей өзіне матап тұрған тылсым күш тәрізді. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай агентке тәуелді болып қалғандар да бар. Қазіргі жастар «агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр.
Психолог Төреғали Батырханұлы жастар майл-агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін. Интернетке таңылғанша жастардың көзбе-көз қызу әңгіме өткізетін арнайы клубтарға жазылғаны дұрыс дейді. Психологтың сөзінің жаны бар. Түрлі тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, жастардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауына мүмкіндік тудыратын арнайы пікір клубтары көбейсе, шіркін! Олар қызықты тақырыптар көтеріп, агент тәрізді жастарды тарса ғой. Сонда бәлкім біздің жастар агент «ауруынан» айығар ма еді…
Компьютердің алдында көп отыру, біріншіден, адамның көзіне әсер ететіндігін, үздіксіз экранға қадалып отыру – көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтатынын, екіншіден, экраннан таралатын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиян екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Ұялы телефонның зиянды екенін айтып, денеден барынша алыс ұстау қажеттігін ескерткен де. Оған құлақ асатын жастар жоқ. М-агент жүйесімен тілдесу – жастардың сүйікті ісіне айналып, бұл жолда алтыннан қымбат уақытын да, ақшасын да аямауда. Ең өкініштісі, сол шығынның өзге елге кетіп жатқандығы. Әрі майл-агентте көп отыратын жастардың қазақша жазғанда тілімен қоса, саусағы да сақауланып барады. Өйткені, біздің Ақпарат және байланыс агенттігі әлі күнге дейін mail.kz-бен қазақшасы тәуір м-агент жасай алмай отыр. Қазақ тіліндегі төл әріптерімізді кейбір компютерлер мен ұялы телефондарда таңбалау мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде хабарламаны алушыда көбіне ол әріптер оқылмайды.
Агентке таңылған жастар ертеңгі күні ауызекі сөйлесуде де: «Кал калай? Не истеп жатсин?» – деп жүрмесе болғаны. 
Қарлыға АЙСАНҚЫЗЫ, «Ақ желкен» журналы,
"Агент, мені үйге жіберші…" мақаласынан ұзінді. №9 (2010).
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 772 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
03.Желтоқсан.2011
1. Жанас
!!

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0