[04.11.2010.] “SalNur” мұсылман әйелдердің танымдық журналы - 4 Ноября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:26
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 684
 

Негізгі бет » 2010 » Қараша » 4 » [04.11.2010.] “SalNur” мұсылман әйелдердің танымдық журналы


[04.11.2010.] “SalNur” мұсылман әйелдердің танымдық журналы
03:48
Бисмилляһир Рахманир Рахиим! Ассаламу алейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху қымбатты мұсылман әйел қауымы!
SalNur – мұсылман әйелдеріне арналған рухани – танымдық журналы. Журналымыздың басты кейіпкері – білімді де білікті, іскер, жаратушыға сенген, көкірегінде иманы бар әйел. Қазіргі өмір сүріп жатқан ортамызда адамға деген мейірімділік, рақымдылық, қайырымдылық, ізгілік сияқты адами ұғымдарды ығыстыратын идеалдар күштеп таңылуда.
Жаңа заманмен бірге жаңа бағыт, жаңа құндылықтар мен жаңа проблемалардың келетіні белгілі. Өсімқорлық, бала санын шектеу, адам ұрығы мен ағза мүшелерін ауыстырып салу үшін саудалау, адамды клондау сияқты кейінгі жылдары пайда болған «жаңалықсымақтар» – мұсылман әлеміне түбірімен жат дүниелер. Жаһандану дәуірі мызғымас неке негізіне де балта шауып отыр. Күннен күнге жалғызбасты аналардың, сарғайған салт басты әйелдердің, отырып қалған қыз-келіншектердің саны үдеп өсіп келеді. Ал бұл кезде ер-азаматтарымыз сыңарын іздеп сабылуда. Қарап отырсаң, не көп, басы бос әйел көп. Онда ер жігіттердің іздегені қандай жан? Олардың іздегені көрікті емес, көргенді әйел, өнегелі бойжеткен ғой. Олар қайда? Неліктен біз осындай жағдайға душар болдық? Неліктен ер-азаматтың қоғамдағы рөлі төмендеп кетті? Неліктен әйел отбасында, қоғамда үстемдік жүргізетін болды?
Қазір үйде отырып, бала туып, бала тәрбиесімен айналысатын, үйінің берекесін кіргізіп, жұбайын мырзасындай күтіп алатын әйелдер бар ма екен? Әлде бұл қиял әлемінен алынған арман ба? Міне, осы және осыған ұқсас басқа да көкейде жүрген түйткілдерді өздеріңізбен бірігіп отырып қарастырмақпыз, қадірменді оқырман қауым. «Айтыс барысында ақиқат туады» деген мақал бар. Біз айтысып емес, ақылдасып отырып, керісіп емес, кеңесіп отырып ақиқатқа жетсек дейміз. Сіздерді журналымыздың бетінде ұйымдастырылатын пікіралмасуларға шақырамыз. Сіздер көңілдеріңіздегі қандай да болмасын ойларыңызды ортаға салып, жаңа идеяларды, ақыл-кеңестеріңізді ұсынуларыңызға әбден болады.
Біздің мақсатымыз – журналды Сіздердің көкейтесті мәселелеріңізді көтеретін, жанды да маңызды сауалдарыңызға жауап іздейтін мінберге айналдыру. Қазіргі заман тынысымен үндестік тапқан дәстүрлі Ислам мәдениеті мен Ислам тұрғысынан алынған көптеген көзқарастар да шартарапқа осы мінберден тарап жатса деген ойымыз бар.
Біз, әйелдер, өзіміздің балаларымызды тәрбиелегенде, тұтас бір ұлтты тәрбиелейтінімізді есімізден шығармауымыз керек. Сондықтан да біз үшін бірінші маңыздағы мәселелер – білім беру, ғылым, ғылыми – техникалық процесс. Діни ғалымдар «ілім» (ғылым, білім) деген сөзді қасиетті Құранның ең маңызды сөздерінің бірі деп, және, Алла мен Ислам ғылымын ғана зерттеуге жатпайтындығы туралы айтады. Бұл ұғымның астарында нақты өмірде адамға қажет білімдерді де оқып-үйрену керектігі жатыр. Ал білімге деген құштарлық – мұсылман бойындағы ең қасиетті ізгіліктердің бірі болып табылады.
Міне, ардақты апа-сіңлілер, журналымыздың бетінде жария болар тақырыптардың ұзын-ырғасы осы. Қабыл алғайсыздар.
"SalNur” журналы Қазақстан Республикасының аумағында 2010 жылдың сәіуір айынан бастап басылады.

Журнал туралы ақпарат:
1. Шығу мерзімі – айына 1 рет.
2. Таралымы – 3000 дана.
3. Көлемі – А4, 56 бет.
4. Мұқабасы – жылтыр/толық түсті
5. Баспа тілі – қазақша /орысша

Аймақтарға журналдарды тарататын агенттер
1. Шымкент /Берік, тел: 8 701 465 40 73
2. Семей / Қанат, тел: 8 705 144 56 83
3. Көкшетау /Ернұр, тел: 8 702 921 90 13
4. Ақтөбе / Орал, тел: 8 701 768 46 83
5. Қарағанды / Марат, тел: 8 701 236 45 45
6. Қостанай / Айман, тел: 8 705 464 09 90
7. Атырау / Бақытжан, тел: 8 701 501 01 95
8. Алматы / Нұрбек, тел: 8 700 351 14 94
9. Тараз/ Ахмет, тел: 8 702 151 32 55
10. Қызылорда, Шиелі / Айсұлу, тел: 8 701 647 68 40, 8 7243244638
11. Павлодар / Шынар, тел: 8 718 2 62 51 32
12. Өскемен /Жеңіс, тел: 8 777 511 73 18
Ақпарат көзі: http://www.muslimwomen.com.kz
Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 741 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
12.Қараша.2010
1. Жанат (kulzhanat)
Ас саламу ьалейкум уа рахматтуллахи уа баракатух arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0