[05.10.2009.] "11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі Исламмен қорқыту" атты Тегеранда конференция өтеді
13:39
"11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі Исламмен қорқыту" конференциясы Батыстың Ислам туралы теріс үгіттерін өзгерту мақсатымен Тегеранда өтеді. Бұл конференцияның хатшысы Хамид Реза Ахаван "ИРНА" тілшісімен сұхбатында: "Батыстағы Исламмен қорқыту ағымға қарсы тұру үшін ИСЕСКО әртүрлі конференциялар өткізеді. Келесі конференция "11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі Исламмен қорқыту" тақырыбымен қазанның 6-8 аралығында Тегеранда өтеді,"- деп айтты. Аталмыш конференция хатшысы: "Исламмен қорқыту тақырыбының ұзақ мерзімді тарихы бар. Бұл тақырып Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін күшейді,"- деп қосты, деп хабарлайды Ирандағы Қазақ радиосы.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.