[05.10.2009.] Дүмше діндарлар енді спортшыларды жағалауға кірісіпті - 5 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:27
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2165
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 5 » [05.10.2009.] Дүмше діндарлар енді спортшыларды жағалауға кірісіпті


[05.10.2009.] Дүмше діндарлар енді спортшыларды жағалауға кірісіпті
21:20
Елді іштен ірітер дүмше діндарлар енді спортшыларды жағалауға кіріскен. Мұндай жағымсыз оқиғалар соңғы кезде жиілеген. Жат дінді насихаттаушылар шет жерде білім алып келгендер көрінеді. Әрі олар өз әрекетінің аясын уақыт өткен сайын ұлғайтқан. Осы келеңсіз құбылыстың алдын алмақ болған облыстық (БҚО) мешіттің өкілдері спортшылармен кездесті. Жиын барысында дәстүрлі діндерді қалай айырып, неден бас тарту керектігі кеңінен талқыға түсті. Отырыстың басты мақсаты - өңіріміздегі діни экстремизмнің қауіптілігі туралы және оның алдын-алу мәселесін тұрғындарға жеткізу. Еліміз егемендік алғаннан кейін мемлекетімізде 45-ке тарта діни ағым тіркеліпті. Олардың барлығы заңды түрде рұқсат алып, өз жұмысын жүргізілуде. Ата діннен бет бұрып басқа дінге иланғандар қатары да артып келеді. Дін таңдау әрине зайырлы мемлекеттің қай-қай азаматының өз құқығы. Алайда бұл проблемада ұлттық менталитеттің ақсауы байқалып отыр.
Қоныс Жетпісов: Ислам дінін басқа теріс діндерден дұрыс ажырата білу қажет.
Біздің елімізде экстремизм мәселесі күнен күнге өршіп келеді. Бас имамның сөзінше шетелде білім алып келген отандастарымыз елге келіп, сол елдің мәдениетін уағыздайды. Әр елдің мәдениеті әртүрлі. Осыдан келіп түрлі діни ағымдар пайда болады. Облыста теріс діни ағымдар жоқ емес бар. Соның ішінде ислами ағымдардың да аз еместігін облыстық мешіттің бас имамы Смайыл Сейтбеков баса айтты.
Смайыл Сейтбек: Айта кететін жайт, осы теріс ағым өкілдері көбіне өздерінің бірлестіктеріне спортшыларды тартып, теріс уағыз айтады екен. Бұндай жайттар өңіріміздің жаттықтырушыларының арасында да кездескен.
Дін атын жамылып, пиғылы теріс саясатын жүргізгендермен күрес өңірімізде жүйелі жүргізілуде, алайда бұл індеттен қорғану үшін барлығымыз біріккеніміз жөн деп тарасты отырысқа келгендер. Жаңалықтар фабрикасы.

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 624 | Ендірген: salemkaz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0