[05.10.2009.] Мұнай кенішін жарып жібермек болды» деген айыппен сотталды.
21:11
Жуырда Мұғалжар аудандық соты «мұнай кенішін жарып жібермек болды» деген айыппен алты «жиһадшыны» соттады. Судья Шапағат Әлнияз «террористерге» 12 жылдан 17 жылға дейін мерзім кесті. Сотталғандардың ең үлкені - 42 жаста. Кішісі - 19-да. Темір және Мұғалжар аудандарының бұл тұрғындары «жарылғыш заттар жасап, жасөспірімдерді қылмыстық іске тартты және қатігездік пен зорлықты насихаттайтын кітаптар таратумен айналысты» деген айыппен ұсталған болатын. Сондай-ақ Мұғалжар аудандық прокуроры Бағлан Телеудің айтуынша, олар алғашқы әскери дайындық кітаптарын оқып, қару атып үйренген. Анық-қанығы Аллаға мәлім, алайда сотталған топтың облыстың мұнай өңдеу кәсіпорындарын жарып жіберу жоспарлары болғандығы жайында айтылуда.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.