[05.10.2009.] Оралда жарылғыш заттар мен діни мақсаттағы әдебиеттері бар радикалды діни ұйымдардың бірінің өкілі ұсталды - 5 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Негізгі бет » 2009 » Қазан » 5 » [05.10.2009.] Оралда жарылғыш заттар мен діни мақсаттағы әдебиеттері бар радикалды діни ұйымдардың бірінің өкілі ұсталды
[05.10.2009.] Оралда жарылғыш заттар мен діни мақсаттағы әдебиеттері бар радикалды діни ұйымдардың бірінің өкілі ұсталды
19:36
Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Орал қаласында радикалды діни ағымдардың бірінің өкілін ұстап, одан героин мен 4 жарылғыш зат тапты. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, ұсталған азаматтан сонымен қатар 13 діни мақсаттағы кітапша мен экстремистік бағыттағы материалдар табылған. «Сондай-ақ оның пәтерінен «Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар» атты кітап пен жихадты ұйымдастырудың ережесі жазылған 13 бет қағаз, діни мақсаттағы СD дискілер мен интернетте кіруге тыйым салынған сайттарды бұзудың жолына байланысты мәліметтері бар дискілер алынған. «Ұсталған азаматқа қатысты атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, оны сақтау әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, дискілер мен өзге де материалдарға қатысты сараптау жұмыстары жүргізілуде», деді департамент бастығы. АСТАНА. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.