[05.11.2009.] Діни экстремизм, терроризм, дінді бұрмалаушылықтың алдын-алу - 5 Ноября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:31
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2165
 

Негізгі бет » 2009 » Қараша » 5 » [05.11.2009.] Діни экстремизм, терроризм, дінді бұрмалаушылықтың алдын-алу


[05.11.2009.] Діни экстремизм, терроризм, дінді бұрмалаушылықтың алдын-алу
12:56
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде «Діни экстремизм, терроризм, дінді бұрмалаушылықтың алдын-алу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар кеңесте «Өткелбай» мешітінің бас имамы Б. Сыздықов осындай ұйымдастырылған жиын жастарымыздың дәстүрлі дінімізге бетбұрыс жасап жатқандығының нәтижесінде оларға көптеген ислам жөнінде ақпарлар беруіміз қажет. 2005 жылы елімізде Әл-Каеда, Шығыс Түркістан ислам партиясы, Күрд халықтық конгресі, Өзбекстанның ислам қозғалысы, Талибан ұйымы, Лашкар-и-тайба және Хизбут-Тахрир ұйымдарына тиым салынған. Олардың халық арасында іріткі салып, елдің ынтымағы мен бірлігін бұзып жатқан кейбір діни ұйымдарының құрығына түсіп қалмай, жастарымызды осындай лаңкестік әрекет жасап жатқан алаяқ діни ұйымдардан сақтандыру қажет.  
Олардың көздейтін мақсаты да сол, елді бір-біріне жауластырып, ел тыныштығын бұзу. Бас имам жастарға ислам дінінің шарттарын түсіндіріп, оларды тәрбиелікке және имандылыққа шақырды.
Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Баязитов жастардың имандылыққа бет бұрып, бес уақыт намаздарын оқуы бізді қуантады. Оларға арнап, намаз оқитын бөлмелер ашылғандығын тілге тиек етіп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына түрлі жеңілдіктер қарастырылғанын, сондай-ақ, студенттердің теріс бағыттағы діни ұйымдардан сақтандыру мақсатында діни эктремизм мәселелері бойынша әр айда семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдердің жиі өткізілетіндігін хабарлап өтті.
Басқарма бастығының орынбасары А. Байжанов діни экстермизм бұл азаматтардың отбасын ажыратуға мәжбүр етеді, ішінара халықтар арасында іріткі салатындығын, яғни, еліміздің саяси тұрақтылығына бірден бір зиянын тигізетін мәселе екендігін айтып, алдағы уақытта да имамдар, учаскелік инспекторлармен бірігіп, жиындарды ауыл-аймақтарда да жиі өткізіп тұру керектігін айтты.
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 3375 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 3.8/4 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0