[05.11.2009.] ИКҰ Елбасыны «Мұсылман әлемінің лидері» деп таниды - 5 Ноября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:32
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 1181
 

Негізгі бет » 2009 » Қараша » 5 » [05.11.2009.] ИКҰ Елбасыны «Мұсылман әлемінің лидері» деп таниды


[05.11.2009.] ИКҰ Елбасыны «Мұсылман әлемінің лидері» деп таниды
12:54
Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглумен кездесті. 
М.Көпеев Бас хатшыны Ұйымның құрылғанына 40 жыл толуымен құттықтады және мұсылман елдерінің сындарлы үнқатысуларын дамыту мен саяси еркін біріктірудегі Ұйымның маңызды рөлін атап өтті. Вице-спикер исламның бейбітшілік пен өркендеу діні ретіндегі гуманистік ұстанымдарына негізделген Ұйымды реформалау мен жаңартуға бағытталған ИКҰ күш-жігерін еліміздің қолдайтынын айта келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 сессиясы барысында Президент Н.Назарбаев ұсынған Ұлттық бірлік доктринасының негізгі ережелерін түсіндірді. Э.Ихсаноглу Қазақстандағы ұлтаралық және ұлысаралық келісімді нығайтудағы, сондай-ақ жер жүзіндегі мәдениетаралық және өркениетаралық үнқатысуды дамытудағы Президент Н.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалады, қазақстандық басшыны «түркі әлемінің лидері» деп атады. Сондай-ақ Бас хатшы «Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету кезеңінде Президент Н.Назарбаев «мұсылман әлемінің лидері» болады» – деді. Кездесуде мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуларын одан әрі ілгерілету Қазақстанның ИКҰ-на төрағалық етудегі күн тәртібінің маңызды бағыттары болатыны аталып өтілді. Ақпарат көзі..

Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 931 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0