[06.10.2009.] Талдықорғанда экстремизм мен лаңкестікке арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті - 6 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:33
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 684
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 6 » [06.10.2009.] Талдықорғанда экстремизм мен лаңкестікке арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті


[06.10.2009.] Талдықорғанда экстремизм мен лаңкестікке арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті
15:11
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық прокуратураның қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «дөңгелек үстел» басында жастарға кейбір діни секталардың олардың саналарын улап жатқанын түсіндіруге тырысты. 
Танымал дінтанушы және мәдениеттанушы Мұртаза Бұлытайдың айтуынша, дін - қоғам мен ұлттық қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі. Мемлекетте әртүрлі діни сенім болса және олар өзара антогоникалық болса, мұның салдары ерте ме, кеш пе, қақтығысқа соқтыруы мүмкін.
«Дінін өзгертіп, кейбір адамдардың теледидар көрмей қойғанын, газет оқымайтынын, қоғамдық өмірге араласпайтынын естіген боларсыздар, себебі оларға «тәлімгерлері» тыйым салған. Діни миссионерлер, халықтың санасын улап, адамдар мен мемлекеттің мүддесіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өздерінің мақсат-мүдделерін жүзеге асыруда. Олар «діни» деп атап отырған әдебиеттерді ғана оқыған адам дағдарысқа ұшырап, қалыпты, жан-жақты дамыған саналы тұлға ретінде ойлаудан қалады. Адам еркінен айрылып, әлгілердің айтқанына ғана құлақ асатын болады. Сөйтіп, олар қылмысқа баруға да дайын болады. Исламның басқа діндерден айырмашылығы неде? Алла Тағала мен адамның арасында арағайындардың жоқтығында», деп түйіндеді өз сөзін ғалым.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетінің аға оқытушысы Гүлнәр Исағалиева өз баяндамасында экстремистік және лаңкестік қақтығыстардың себептері мен оларды шешудің жолдары туралы әңгімеледі.
Облыстың ішкі саясат департаменті бастығының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, республикада бүгінде 2500 діни бірлестік жұмыс істейді, олардың 550-ге жуығы Алматы облысында орналасқан. Ал тіркелмегендері қаншама? 
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат.  
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 668 | Ендірген: salemkaz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0