[06.01.2011] Абдул Хамид Қаттани мешітінің ресми сайты ашылды.
15:51
ОҚО,
Шымкент қаласындағы орталық Абдул Хамид Қаттани мешітінің ресми сайты ашылды.
Қаттани мешіті ресми сайтының адресі:http://kattani.kz. Кіріп көріңіздер,
тамашалаңыдар, зиярат етіңіздер. Қаттани мешітінің сайты мәліметтермен толы
болады деген үміттеміз. Себебі Еліміздегі мешіттердің 30-40 пайызы осы оңтүстік
өңірде орналасқан.
Орталық мешіттің мәліметтеріне сүйенсек облыста 800 аса
мешіт бар екен. Бұдан басқа жүздеген намазханалар және әлі күнге дейін ҚМДБ-ға
тіркелмеген мешіттер бар көрінеді.
Мешіттер жөнінде
мәліметтер т.б. діни хабарларды оңтүстіктен күтіңіз ағайын.
Сайтта: Басты бет,
Бас Муфти, Имам Мінбері, Жаңалықтар, Пәтуалар - деген айдарлар бар.
Бұған қосымша Біз
жайлы, Онлайн Құран оқу, ОҚО өкіл имамы, Сұрақ жауап беттеріде жұмыс істеп тұр.
Бұдан бөлек сайтта Шымкент қаласы және басқада ҚР қалаларының намаз уақыттары
бар. Онлайн Құран оқып тыңдай аласыз.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.