[07.10.2009.] «Ислам атын жамылған ағымдар» атты дөңгелек үстел болып өтті - 7 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:37
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 732
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 7 » [07.10.2009.] «Ислам атын жамылған ағымдар» атты дөңгелек үстел болып өтті


[07.10.2009.] «Ислам атын жамылған ағымдар» атты дөңгелек үстел болып өтті
05:31
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында «Ислам атын жамылған ағымдар» атты дөңгелек үстел болып өтті. 2009 жылдың қыркүйек айының соңында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында «Ислам атын жамылған ағымдар» атты дөңгелек үстел болып өтті.  
Қазығұрт аудандық Әділет басқармасының ұйытқы болуымен өткен бұл іс-шараға прокуратура, ІІБ-нің өкілдері және аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, ауданның бас имамы, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, имандылық иірімдері жөнінде сөз қоғалды. Әсіресе, қазіргі саңырауқұлақтай қаптап кеткен діни ағымдардың келешегімізге нұқсан келтірумен, жастарымызды үгіттеп, олардың құрығына түсіп қалмастан, бүгінгідей қаржы дағдарысында қаражатқа қызығып, алданып қалмауы ескерілді. Олардың осындай теріс жолға түсіп кетуіне не себеп? Міне, осындай сауалдар әңгіме арқауына айналды. Болашағымыз-жастардың өмірі жарқын, келешегі кемелді болуы - біздің ел алдындағы азаматтық борышымыз. Көшеде кезіп жүрген миссионерлердің мақсаты, мүддесі қандай? Олардың қоғамдағы ролі, осындай дінге бет бұрған жастарымыздың құқығы төңірегінде орган қызметкерлері жан-жақты саралап, Конституциямыздың кіріспесіндегі «Мемлекеттің басты байлығы - адам, адамның өмірі, бостандықтары мен құқықтары аясында әсіресе, кәмелетке толмаған өскелең ұрпақтың өмірі сарапқа салынды. Мұндай ахуал қазір елді елең еткізіп, тек бізді ғана емес, әлемді дүр сілкіндіріп отыр. Күрмеуі шешілмеген күрделі мәселені талқылау, көптеген діни бірлестіктердің мемлекеттік тіркеуге рәсімделместен-ақ, өз ісін дөңгелетіп жүргені ақиқат. Әсіресе, бұл жағдайда біздің аудан, ауыл имамдарының сауаттылығын көтеріп, олардың әлеуметтік қолдауда жалақы мәселесін көтеру жағы да баса айтылды. Қазіргі таңда елдің рухани дамуында дініміз бен тіліміздің абыройын асқақтатып, ауқымын кеңейтіп, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру қажет. Осы бағытта Қазығұрт аудан әкімшілігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеске әр тоқсан сайын әкімнің қатысуымен құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел, семинар-кеңестер өткізу аудан әкімінің тарапына ұсынылды. Қазіргі таңда діни ахуал ауданда тыныш және ішкі істер бөліміне дінге қатысты ешқандай келеңсіз жағдайлар мен құқық бұзушылық фактілер мен арыз-шағымдар болмаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің баспасөз-қызметі
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 822 | Ендірген: IslamNury | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0