[07.10.2009.] Молдаларына "Матиз" мінгізді - 7 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:38
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 684
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 7 » [07.10.2009.] Молдаларына "Матиз" мінгізді


[07.10.2009.] Молдаларына "Матиз" мінгізді
05:20
Қазір халқымыз имандылыққа жақсы бет бұрып келеді. Бұл мәселеде имамдарымыз бен молдаларымыздың еңбегі ерен десек те жарасады. Дін өкілдері жүрген ортасында уағыз айтып, көпшілікті имандылыққа тәрбиелеп отырады. Осындай үлгілі имамдардың бірі Ақболат Әділов (суретте) Мақтаарал ауданына қарасты Ынтымақ елді мекенінде тұрады. Ауылдастары оның имамдық қызметіне дән риза болып, таяуда су жаңа «Матиз» автокөлігін сыйға тартыпты.
Біз Ақболат Әділовтің осыншалықты ел сүйіспеншілігіне бөленетіндей қандай қызметі бар екені жайлы А.Қаттани атындағы орталық мешіттің баспасөз хатшысы Мұхамеджан Естеміровтен сұраған едік.
«Ақболат Әділов 15 жылдай уақыттан бері Мақтаарал ауданының Ынтымақ ауылында имамдық қызмет атқарып келеді, – дейді М.Естеміров. – Осы уақыт аралығында ол өзі имамдық ететін қауымның сый-құрметіне ие бола білді. Ол кісі өте ізденімпаз. Көптеген шәкірт тәрбиеледі. Мақтаарал ауданында «уахабилік», «сопылық» (зікіршілер) және «хизб-ут-тахриршылар» секілді түрлі экстремистік бағыттағы дін өкілдері көп болатын. Сондықтан осындай ағымдағы азаматтардың жастарға теріс пікір қалыптастырып, дінімізді жексұрын көрсетпеуі үшін алдын-ала көптеген жұмыстар атқарды. Елдің құрметіне бөленуі соның себебі болса керек. Ол көлік мешіт балансына кірмейді. Оны ауылдастары имамның жеке өзіне сыйға тартып отыр».
Елі еңбегін елеген имамға біз де көлік құтты болсын дегіміз келеді. Имандылықтың ұйытқысы болатын имамдарымыз көбейсін. Замана газеті.

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 785 | Ендірген: IslamNury | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, aidana__3991, bbakhov

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0