|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 7 » [07.12.2010.] Желтоқсанның 7-сі 1432 Хижри жыл басы
[07.12.2010.] Желтоқсанның 7-сі 1432 Хижри жыл басы | 04:22 | Мухаррам айы – Исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамарижылбасы, григориан күнтізбесі бойынша – милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354, 367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады. Хрисиандар өз жылбасылары саналатын қаңтар айының 1 – түнінде Рождествоны тойлайды. Христиан діні бұйырған (!) күнәларды, күпіршіліктерді істейді. Мұсылмандар да өз жылбасы түнінде бір-бірімен қол алысып, телефон немесе хат арқылы бір-бірін құттықтайды. Бір-бірлерінің үйлеріне барып, сыйлықтар береді. Газеттер мен журналдар арқылы да құттықтаулар береді. Жаңа жылдың бүкіл мұсылмандарға берекелі және қайырлы жыл болуы үшін тілек тілейді. Үлкендердің, туыстардың, ғалымдардың үйлеріне барып, олардың баталарын алады. Қазір де мереке секілді таза киініп, кедейлерге садақа береді. Мухаррамның алғашқы 10 күні мен түні қасиетті күндер мен түндер болып саналады. Хадис шәрифте былай делінген: «Кімде-кім мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу тағала ол адамды келесі мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды: «Әлхамдулиллаһи Раббил-аламин. Уассалату уәссәламу ала сайидина Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хайул карим, әл-ханнан, әл-мәннан. Һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әмма-рати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматика йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә ала сәйидина уә нәбиинә Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин». http://islam.com.kz
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|