[08.10.2009.] Діни экстремизм, терроризм көріністерінің алдын-алу
14:19
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасының бас маманы М. Серқұлованың ұйымдастыруымен 2009 жылдың қыркүйек айында Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы «Жаушықұм» жалпы орта мектебінде «Діни экстремизм, терроризм көріністерінің алдын-алу» тақырыбында аудандық прокуратура, аудан имамы, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Қазіргі кездегі жаман пиғылды үгіт насихат жұмыстарын жүргізумен айналысып отырған әртүрлі діни ұйымдар, діни ағымдар әңгіме арқауына айналып, осы жөнінде Әділет басқармасының бас маманы М.Серқұлова баяндама жасады. Соңғы кездері діни насихаттың жаппай өріс алуының нәтижесінде халықты осы дінге шақыру, тіптен, шіркеулерге тарту жағы да басым айтылып, қазіргі діни ағымдардың ислам дінімізге қайшы іс-әрекеттері әшкереленсе де, саңырауқұлақтай қаптап кеткен Иегова куәгерлері секілді өзге діннің өкілдері әсіресе, жұмыссыз жүрген жастарды осы дінге үгіттеуде. Әрине, жұмысқа шақырып, халықты алдаған жұмыс берушілердің пердесі сол күні-ақ ашылып, өзге дінді уағыздаушылар екені анықталып жатады. Алайда, осы дін уағыздаушылардың майын тамызып айтқан әңгімелеріне ерген елікпе жастардың бұл діннен аулақ болу үшін ислам дінімізді насихаттау жұмыстарын жиі жүргізілу керектігі басым айтылды. Ендігі кезекте мектептердің тізімін жасап, ауыл-аймақты аралау жоспарға енгізілді. Қоғамымызға іріткі салып, қатыгездік пен келіспеушілікті туғызатын әр түрлі діни экстремистік топтар бүгінде мектеп қабырғасында білім алып жүрген өскелең ұрпаққа да кері әсерін туғызуда. Тіптен, жеткіншектердің психологиясына да әсер ететін уағыздары оқушының білім алуына да кедергі жасайтыны жасырын емес. Сол себептен де, мемлекетіміз биылғы жылдан бастап, білім ұяларының бағдарламсына «Дін тану» дәрістерін енгізуді қолға алды. Бұл да болса, келешегіміздің кемелді болуына септігін тигізеді. Алайда, қазіргі Саетология, кришна, Иегова куәгерлеріне Отан, тіл, тарих, әдет-ғұрып дегеннің тұжырымына бас қатырмайтыны, олардың тек мемлекеттер арасында экстремистік жолдарды ашып беруіне тікелей қызмет ететіндіктері аян. Сол себептен, болашағымыздың жарқын болуы үшін сіз бен біз жаппай ат салысуымыз қажет. Жастардың дүние жүзін дүрліктіріп отырған лаңкестік пен экстермизмге жол бермей, имандылыққа баулитын ислам дінімізді берік сақтауға өз септігімізді тигізейік-деп тұшымды сөз білдірген аудан имамының сөзін жиналғандар бір ауыздан қуаттады. Аудан прокурорының көмекшісі А. Момынов, ішкі істер бөлімінің қоғамдық бірлестіктер және қозғалыстармен байланыстар тобының аға инспекторы С. Мырзахметов діни экстермизмге және терроризмге қарсы әрекеттердің жасалуы, мұндай діни ағымдардың жолын кесуде құқық қорғау органдарының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарына тоқталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің баспасөз-қызметі
Менің айтарым бар ғаламтор әкімшігіне. мен сіздің ғаламторға кіргенде тыр жалаңаш бейнесіндегі қыздарды неге жарнамалайсыздар,сіздің сайтта бұл жарнамаларды неге кетірмейсіздер
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.