[08.10.2009.] Мұсылман әйелге орамал тағудың, ұзын киюдің шариғаттағы үкімі
04:58
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарынан мұсылман әйелдің хиджаб киюін келеңсіз оқиға қылып көрсету жиі орын алуда. Және қынжылтатыны шариғат жайлы діни сауаты жоқ адамдар ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанған Құран үкімдерін тайыз ақылмен талқыға салып шариғатты дауласу құралына айналдырып алғаны. Бұлай болудың себептері өткен ғасырдағы кеңестік саяасатпен атеистік идеяның ұлтымыздың құндылықтарын дінімізді өзімізге жат қылып ұлтымыздың қос діңгегі дін мен тілге жылдар бойы балта шабуынан болар.Осы күнге дейін сыртқы алпауыт елдер еліміздің дінімізің өркендеуіне мысық тілеу болып аяқтан шалып отырғаны да жасырын емес.Өткен дүниежүзілік форумда елбасымыз: Ислам әлемге қауіп төндіріп отырған жоқ керісінше әлем Исламға қауіп төндіруде деген сөзі көп адамның көкейіне қонғандай еді. Елбасымыздың:тегіміз түрік,дініміз Ислам,Құранды елімізге насихаттауымыз керек деген сөздері де көрегендіктің белгісі емеспе.Сонымен тақырыбымыз хиджабқа оралсақ,хиджаб сөзінің мағынасын талқылайық. «Хиджаб («Қалқан», «шымылдық») – мұсылман әйелдің көшеге шыққанда бетін, денесін жасыру үшін киетін киімі, чадра,желбегей, жамылғы. Ең алғаш Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әйелдері ғана хиджабпен жүрді кейін барлық мұсылман әйелдері осы заңды ұстанған. Хиджаб мұсылман елдерінде кең таралған киім. Хиджабтың қара немесе басқа түсті ойық, яки тор көз саңлауы бар желбегей іспеттес бетті жауып тұратын қара селдір тор шымылдық секілді және тағы басқа түрлері бар Қазіргі кезде мұсылман елдерінде хиджабтың бас орамал және мойын мен қолды жауып тұратын киім секілді – жеңілдетілген түрі кең тараған» («Қазақ энциклопедиясы», 1995 ж. Алматы қаласы). Ұзын киіну орамал тарту мұсылман әйелге парыз. Исламда әйелдердің сыланып, сұлулануына рұқсат берілгенімен, олардың жат еркектердің алдында көзі-қасын бояп көрсетуіне тиым салынған. Құран Кәрімде әйелдердің әуретін жауып, ашық-шашық жүрмеуі, сыртқы көрінісімен жат еркектердің көзін қызықтырып, олардың нәпсіcін қоздырмауы туралы былай деп айтылған: «Пайғамбарым! Мүмін әйелдерге айт, бөгде ерлерден көздерін сақта-- сын, әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, әуреттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Әуреттерін көрсетпесін» («Нұр» сүресі, 31 аят). Ал енді Имам Абу Дауд Айшадан (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымы-дың (с.ғ.с.) қасына анамыз Әсма бинти Әбу Бәкір жұқа киіммен кіріп келді. Расулулла (с.ғ.с.) оған қарап: «Әй, Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен күннен бастап мынау және мынадан басқа жерлері көрінбеуі керек», - деп беті мен екі қолын (білезігіне дейін) және екі аяғын (тобығына дейін) нұсқады» - деп айтылған. Ал енді мұсылмандық деген сөздің мағынасына үңілсек мұсылман ол Исламға бойұсұну,бағыну,қабылдау дегенді білдіреді,яғни Құранды және пайғамбар өсиеттерін басшылыққа алу деген. Ата бабамыздың дәстүрі бойынша әжелер хиджаб кимеген деген сөзде шикілік бар,әжелеріміз дала жағдайна сай етіп түрлі кимешек кигені тіптен әр рудың кимешегі киім үлгісі әр түрлі болғаны және бәрі шариғатқа сай болғанын тарихымыздан білеміз. . Кейбіреулер "қазақтың қыздары орамал тақпаған, олар келіншек шағында ғана байлам таққан дейді. Келісеміз қазақтың қыздары тұрмыс құрмай тұрып шашын жаппауы да мүмкін. Бірақ, Неге? Өйткені, қазақ аулының қаймағы бұзылмай тұрған дәуірде ауыл деп ру-руға бөлініп отырған. Әдеби шығармаларды оқысаңыз: "Жігітектің ауылы", "Тобықты Құнанбайдың ауылы", "Адайдың ауылы", "Қаракесек Қазыбек бидің ауылы" деп кездеседі. Яғни жеті атаға дейін қыз алыспайтын туыстар қоныстанған бір ауылға. Ал Құранда Кәрімде әуретті жерлерді кімдерге көрсетуге болады? Оны да Құран аяттарынан келтірейік, Нұр сүресінің бағанағы 31 аятының жалғасы: "Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)" Ал рулас ел дінге икемденіп дала заңын шығарды. "Жеті атаға дейін қыз алыспау" деп. Бұл дегеніміз туыстық қатынастың ауқымын кеңейту деген сөз. Міне, сондықтан қыз бала тұрмыс құрғанша өз ауылында, өз туыстарының арасында әуретті жерінің тек БІР ғана жерін көрсетіп жүре берген. Ол шашы. Қазақы көйлектерді көрсеңіз (ескі қалпын сақтаған) барлығы ұзын етекті, ұзын жеңді. Қазақта жақсы мақал да бар: "Есті қыз етегін қымтам жүреді" деген. Осыдан-ақ байқауға болатын шығар қазақ дінді қаншалықты берік ұстанғанын. Немесе: "Қызға қырық үйден тыю" дейді. Ал әжелерімізді қараңыз басына киген кимешегі қандай тамаша. Ал қазақтың қыздары келін болған шағында басқа ауылға, қайын жұртына барған кезде әуретті жерің қатаң түрде, міндетті түрде жауып ұстаған. Қазақтың кейінгі шығарып алған сөзі, яғни, келіншек болғанда ғана басына байлам тартады дегені, осындай түсініспеушіліктен шығып отыр.Құрметті ағайын бұл мақаланы жазуға кейбір қарындастарымыз дінін толықтырып намаз оқып орамал тақса үйінде немесе қызмет орнында көп түсініспеушіліктерге тап болуда,мақсатымыз орамал тарту қазаққа жат емес керісінше ұлтымыздың қасиеті және дініміздің бұйрығы екенін түсіндіру еді.Және ескертетініміз бұл туралы конститутциямыз былай дейді: Қазақстан Республикасының Конституциясынан көшірме 14—бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне,дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
"Ал рулас ел дінге икемденіп дала заңын шығарды. "Жеті атаға дейін қыз алыспау" деп. Бұл дегеніміз туыстық қатынастың ауқымын кеңейту деген сөз. Міне, сондықтан қыз бала тұрмыс құрғанша өз ауылында, өз туыстарының арасында әуретті жерінің тек БІР ғана жерін көрсетіп жүре берген. Ол шашы".
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.