[08.10.2009.] Оңтүстікте кеңейтілген семинар өтті - 8 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Дүйсенбі, 21.Мамыр.2012, 00:47
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2165
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 8 » [08.10.2009.] Оңтүстікте кеңейтілген семинар өтті


[08.10.2009.] Оңтүстікте кеңейтілген семинар өтті
13:45
Жуырда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқарма-сының Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық мешіттері имамдарының қатысуымен ке-ңейтілген семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі ұйым-дастырды. Семинар жұмы-сына, сондай-ақ, облыстық Ішкі саясат басқармасы мен облыстық Әділет департаментінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Әуелі Құран оқумен басталған іс-шараның мақсаты мен бағытын Діни басқарманың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек қатысушыларға түсіндіріп өтті. Осыған дейінгі облыс көлемінде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталған Ахметжан қажы оңды жетістіктермен қатар, кемшіліктер жөнінде де әңгіме етті.
Семинар барысында алғашқы сөзді алған Діни басқарманың Оңтүстік аймақтық өкіл имамы Асылбек қажы Төлегенов мешіт имамдарына оңтүстік өңіріндегі діни ахуал жөнінде әңгімелеп өтті. Имам-молдалар қызметінің жандануы жөнінде сөз қозғады.
Семинарда негізгі баяндаманы облыстық өкіл имамның орынбасары Ербосын Орын жасап, дәстүрлі дін саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Оның әңгімесінде тапсырылған жұмыс-тардың орындалу мәселелері, мешіттердегі ішкі тәртіп жағ-дайлары, имамдардың сауатты-лық деңгейін көтеру мәселесінің орындалу деңгейі, кереғар діни ағымдармен күрес жағдайлары, т.б. көптеген мәселелер ай-тылды. Сонымен бірге, үлгі тұтарлықтай мешіттердің имам-дарының қызметін де айтып өтті. Атап айтқанда, Шымкент қалалық мешіті мен Сайрам ауданы, Қарабұлақ мешіттері имамдарының (Ә.Тойшиев, Ә.Рахматуллаев) тарапынан оңды жұмыстар атқарылған екен. Аталмыш аудандарда берілген тапсырмалардың нақтылы орындалуымен қатар, имам-молдалардың білімін арттыру бойынша да қыруар шаралар атқарылыпты.
Бұдан кейін кезекті сөздерге шыққан облыстық Әділет департаментінің діни істер бөлімінің бастығы Мұратәлі Қалмұратов пен облыстық Ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Ербол Байқонақовтың тарапынан өзара бірлескен шараларды жүзеге асыру мәселелері, кереғар ағымдарға қарсы күрес жүргізу жайы, мешіттердің тіркеуден өтуі, әрі жерге құқықтық құжаттарын реттеу жағдайлары, т.б. мәселелер сөз болды.
Семинарға бірқатар қоғамдық негіздегі діни ұйымдардың өкілдері де шақырылыпты. Атап айтқанда, деструктивті діни ағымдармен күрес жүргізуші орталық ретінде жұмыс жүргізіп жатқан «Нұр мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулла Бақадыр мен «Халал» стандарттау орталығының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілі Бақытжан Нұсқабаевтар сөзге шығып, қатысушыларға өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жалпы, іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, арнайы қарар қабылданды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 
Оңтүстік Қазақстан облысы 
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі. http://muftyat.kz

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 806 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: bbakhov

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3619
Осы ай ішінде: 11
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 2
Бүгін: 0