[08.10.2009.] Жаңа мешіт ашылып, жетімдерге қамқорлық жасалды
13:47
Таяуда Целиноград ауданының Талапкер ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті. Бұған наиб мүфти Қалижан Заңқоев қатысып сөз сөйледі. Ол барша қауымды Ораза айтымен құттықтап, жаңа мешіттің елді имандылыққа тәрбиелеуге мол үлес қосатынына тілектестік білдірді. Жалпы, бүгінгі таңда Ақмола облысында 137 мешіт бар екен. Облыс имамы Қ.Қыдырминнің айтуынша, алдағы уақытта тағы жаңа мешіттер салуға тілек білдірген абзал адамдардың да бар екенін жеткізді. Ал, Ақкөл аудандық мешіті осындағы балалар үйінде айт мерекесін ұйымдастырды. Осыған дейін аудан имамы Қалмамбет Арыстанның бастамасымен балалар үйінің жетімектері сүндетке отырғызылған болатын. Сондықтан аудан имамы «Жетім көрсең, жебей жүр» деген даналықты еске алып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне айт шайын беріп, сый-сияпаттар жасады.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.