[09.10.2009.] Қазақстан мен Катар елі ислам банкін құру жөніндегі келіссөздерді жалғастырып жатыр
10:45
Қазақстан мен Катар елі ислам банкін құру жөніндегі келіссөздерді жалғастырып жатыр. Оған қоса тараптар бірлескен инвестициялық қор құрмақ. Бүгін Астанада Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының үшінші отырысы өтті. Алқалы жиынға еліміздің индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев пен Катардың бизнес және сауда министрі Халед бен Мухаммад аль-Атия төрағалық етті. Мәртебелі мейманға осы елдегі жетекші компаниялардың төрағалары ере келген. Оларға ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге қатысты жобар таныстырылды. "Қазақстан РТРК" Суретте: Қатар мемлекетінің туы.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.