|
|
 |
|
 |
Негізгі бет » Жаңалықтар мұрағаты
| Әлем жаңалықтары [562] ТМД, Европа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Араб әлемі және т.б. елдерден хабарлар... | ҚМДБ жаңалықтары. [67] "Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының" жаңалықтары, хаттамалары және қаулылары. | Білгім келген бір сұрақ.... [21] Сайтымызға келген хат қоржын.. | | Еліміздің соңғы жаңалықтары [460] Қазақ Елінің аймақтарынан келген соңғы діни және басқа да жаңалықтар бөлімі.... | Видео жаңалықтар бөлімі [16] Ғаламтордағы вебторабтардың видео жаңалықтары (қазақ, орыс, түрік және т.б. тілдерде) | Хабарландырулар, құттықтаулар [87] Еліміздің телеарналары мен радиотолықандарында берілетін мұсылманша діни бағдарламалар жайлы және басқа да мағлұматтар, құттықтаулар. | | ТМД жаңалықтары [70] Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше елдердің діни және басқа жаңалықтары. | Орта Азия жаңалықтары [14] Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан, түркімен елдерінен келген соңғы жаңалықтар бөлімі | Уағыз-насихат бөлімі [172] Аллаһ тағаланың құзырында қабыл болатын дін, тек Ислам ғана. | | Өзекті мәселе.... [326] Сіз бұған не дер едіңіз? Пікіріңіз құр қалмасын! | ҚазНеттегі діни сайттар [3] Бұл бетте ҚазНеттегі діни сайттар, жаңадан ашылған діни сайттар жайлы біле аласыздар.. | Асыл арна жаңалықтары [4] Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз.. | | Қазақстан және ИКҰ (ОИК) [4] Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады |
|
"Шығармашылық бәйге" | |

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, ОҚО бойынша өкілдігі және "Ордабасы-НЖ" туристік компаниясы Мәуліт айы қарсаңында студенттер мен оқушылар арасында "Шығармашылық бәйге" ұйымдастырады. Ақпан айының соңында Қаттани мешіті С.Сейфуллин атындағы "Халықтар достығы" үйінде ұйымдастырып отырған Мәуліт мерекесінде жеңімпаздар анықталып сыйлықтар беріледі.
Қойылатын талаптар: 1. Студент немесе оқушы болуы, 2. Студенттер 2 мақала, ... Жалғасын оқу »
|
|
|
Жаңа жыл жайлы не білеміз? | |
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар?
Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.... Жалғасын оқу »
|
|
|
kattani.kz сайтының администраторы Wiki-Бәйге жеңімпазы атанды | |
2011 жылдың 16 маусымында «Wikibilim» қоғамдық қоры «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры және «Нокиа» компаниясының қолдауымен Wikipedia ашық энциклопедиясындағы қазақ тіліндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру мақсатында бәйге ұйымдастырылған болатын.
Бәйгенің шарттары төмендегідей: • Бәйгеге қатысу үшін Википедияға кемінде 100 мақала жазу міндетті; • Жазылатын мақалалар қазақ тілінде болуы тиіс; • Мәтін мен суретті басқа сайттардан немесе басылымдардан көшіріп салуға болмайды; • Мақалалар нақты қайнар көздерге негізделуі керек, барлық сілтемелерді көрсету міндетті; ... Жалғасын оқу »
|
|
|
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі | |
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі (18 қараша, 2011 ж.)  Құрметті халайық, бауырлар! Отандастарымыз біздің жүретін діни жолымыз, қазақтың хижабы яғни жаулығы, орамал туралы айтуды сұрап жатады. Исламда 4 мәзһаб бар. Соның ішінде біз Әбу-Ханифа мәзһабын ұстанамыз. Біздің жолымыз – осы мәзһаб және Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Ұлықбек сияқты бабаларымыз ұстанған ғылым жолы. Ал хижаб мәселесіне келсек, қазақ әйелдері, апаларымыз ешқашан жалаңбас, ашық-шашық жүрмеген. Сәукеле киген, орамал тартқан, жамылғы жамылған. Бірақ, ол хижаб деп аталмаған. Біздің қыздарымыздың киімі шариғатқа және әлбетте ұлттық әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге сай болған. Жуырда діни басқарма Алматыдағы Балуан-Шолақ спорт сарайында «Әсем киім – әйел көркі» деген байқау өткізді. Онда әйел затына сәнді, әрі шариғатымызбен де үйлесетін киімдер үлгісінің бай көрмесі көрсетілді. Соңғы уақыттарда бірқатар ақпарат құралдары хижабқа қатысты сөзімді дұрыс түсінбей: «Бас мүфти хижабты кимеуге шақырды», «орамал тақпау керек» деп ұрандатып ала жөнелгенін өкінішпен көрдім. Әйел затының шариғат бойынша киінуі мен орамал тағуының дініміздегі үкімі – парыз. Бұл мұсылман үшін талқыланбайтын әмір. Құран кәрімнің «Ән-Нұр» сүресінде бұл жайлы анық айтылған: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларының ойығын жабатындай етіп тақсын...». Менің сөзім қазақ қыз-келіншектерінің киген киімі, таққан орамалы біздің ана тілімізде хижап деп аталмағанына ғана қатысты еді.... Жалғасын оқу »
|
|
|
[05.10.2011.] Қажылықтың парыз болу шарттары | |
1. Мұсылман болу. Қажылық Ислам шариғатының амалы болғандықтан, оны орындайтын адам ең алдымен мұсылман болуы шарт.
2. Балиғатқа толу.
3. Ақыл-есі бүтін болу. Ғибадаттың кез келген түрінің парыз болуы үшін пенденің балиғат жасына толуы және ақыл есінің бүтін болуы шарт.
4. Азат болу. Қажылықты өтеу құлдарға, тұтқындарға, бас бостандығынан айырылғандарға парыз емес.
5. Қажылық амалдарын өтеуге денсаулығы жарамды және қаражатының жеткілікті болуы. Өйткені Аллаһ тағала қажылықты жағдайы жетіп, шамасы келетіндерге ғана парыз еткен. Аллаһ тағала: «Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әли Имран» сүресі, 97-аят).... Жалғасын оқу »
|
|
|
[05.10.2011.] Қажылықтың артықшылықтары | |
Кез келген құлшылықтың өзіндік артықшылықтары болатыны тәрізді қажылықтың да өзіне тән артықшылықтары мен пайдалары бар.
1. Пенде мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы сансыз сауапқа кенеледі.
2. Аллаһ қажылық ғибадатын орындаған пенденің өткен күнәларын кешіреді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә және жамандық істемей Аллаһ үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туғандай болып қайтады», – деп айтқанын естідім», – деген (әл-Бұхари). ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[05.10.2011.] Қажылықтың үкімі | |
Қажылық –
балиғат жасына толған, ақыл-есі бүтін, қаражаты жеткілікті және қажылық
сапарына денсаулығы жарайтын әрбір мұсылманға парыз.
Қажылықтың парыз екендігіне Құран,
Сүннет және барлық мұсылман ғұламаларының бірауызды келісімі («ижмағ»)
дәлел болады. Аллаһ тағала:
«Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әлі Имран» сүресі, 97-аят).... Жалғасын оқу »
|
|
|
[27.08.2011.] Шәууәл айының нәпіл оразасы | |
Дінімізде
кейбір уақыттардың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Рамазан
айының артынша келетін Шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары көп.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады,»
- деп бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген
(Сахих Мүслим). Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша
түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі»
- деген. Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын
осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы
алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе,
үш жүз алпыс күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға
болмайтын Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың төрт күні.
Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір
жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз.... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.08.2011.] Қадыр түні | |
Қадыр түнінің артықшылығы Қадыр
түні – ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды
түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да
артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен! Алла Тағала былай деді: «Расында,
Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік. Ал, саған Қадыр түнінің не
екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде
Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх
(Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!» («Ләйләтул-Қадр» 1-5). Алла Тағала былай деді: «Анық
Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз
ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» («Духан», 2-5).... Жалғасын оқу »
|
|
|
[25.08.2011.] "Шымкентте мүгедектер имамдардан көмек сұрайды" - бірақ адамдар алған көмектерін мойындамайды | |
Шымкентте мүгедектер имамдардан көмек сұрайды - деген тақырыпта күні кеше ғана 31 телеарна біздің орталық мешіт жайлы бейнебаян түсірген. Мешітімізге жұма күні, яғни 05.08.2011 жылы Сабыралиева Эльмира Галымкызы (06.01.1981.) көмек сұрап келген болатын. Бас Имамның көмекшісі, қары Динов Бахрам Эльмира ханымға көмегіңізді аласыз. бізде азық-түліктер (пісте май, күріш, ұн, қанта) бар. Осы көмектерді жұма намаздан соң аласыз келіңіз деп тіркеу журналына жазып қойған болатын. Бірақ Эльмира ханым маған азық түлік керек емес ақшалай көмек керек деді. Осылайша көмегін жұма намаздан соң алды. Алғаны жайлы тірке кітабында қойған қолымен (подпсиь) бірге жазылған. Аталмыш тіркеу кітапшасының сол күнгі бетін сканерден өткізіп сурет ретінде төменде ұсынып отырмыз.
... Жалғасын оқу »
|
|
|
|
|